Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті


Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Сілтеме: Күнтізбелік  жоспар, орта мерзімді жоспар.
Жалпы мақсаты: Жұрт  алдында сөйлеу  мәдениетінің ережелерін үйрету.
Оқу    нәтижесі: 1.Жұрт алдында сөйлеуге үйренудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.
2.Әңгіме-дебат арқылы өз пікірін дәлелдеуге үйренеді.
3.Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
4.Өзін-өзі бағалап үйренеді.
Дерек -көздері : «Тіл  мәдениеті» кітабы, «Қазақ тілі» оқулығы
Слайд
Тапсырмалар:
1-тапсырма
Топтық жұмыс
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
«Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? » постер қорғау. 2-тапсырма
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,ОүБОБ
«Ғажайып үштік» әдісі бойынша әңгіме-дебат өткізу.
Кейінгі тапсырмалар: 3-тапсырма
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Семантикалық картаны толықтыру. 4-тапсырма
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,ОмОЖТ 
«Сен маған – мен саған» әдісі бойынша диалог ұйымдастыру.
Бағалау: Топты бағалау Формативті бағалау
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп,сыныпты топқа бөлу.
2.Жаңа тақырып байланысты тапсырма.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
«Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? »
3. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,ОүБОБ
Оқушылардың орындықтарының артына стикерлерге «Үш би», «Үш бәйтерек», «Үш өзен», «Үш тау» аттарын жапсырамын.
«Ғажайып үштік» әдісі бойынша әңгіме-дебат ұйымдастыру.
Топтағы А-оқушы
Жұрт алдында сөйлеуде көп дайындық қажет емес.Өзіңді мәдениетті адам ретінде таныту үшін сәттілік болса жетістікке жетесің. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деген сөз бар емес пе?
Б-оқушы
Жұрт алдында сөйлеуде көп дайындық керек.
Сонда ғана сен өзіңді мәдениетті адам ретінде танытып, жетістікке жетесің.
В-оқушы
Әңгімеге араласпай екі оқушының пікірталасын бақылаушы.
4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Кластер картаны топқа беру.
5.Мақал-мәтелдердің бір жолын оқушылардың орындықтарының артына жапсыру.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,ОмОЖТ 
«Сен маған – мен саған» әдісі бойынша диалог тапсырмасын беру.
6. Үйге тапсырма.
 Сөз мәдениеті туралы айтылған даналық сөздерді тауып,оқып келу.
7.Бағалау.
Өзін-өзі бағалау,жұпты бағалау парақшаларын тарату.
8.Қорытындылау.Рефлексия
Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы
мынада:біреулері нені айтуға,нені істеуге 
тиіс екенін әуелі ойлап алады,енді 
біреулері айтарын айтып,істерін істеп 
алғанннан кейін барып ойланады.
Л.Н.Толстой
 9. Сергіту сәті. «Дүниенің төрт құдіреті»
Оқушылар топқа бөлінеді
Топтағы жаңа тақырып бойынша постер қорғайды, ойларын дәлелдейді. Топтар бірін-бірі бақылап,бағалап отырады.
Оқушылар орындықтарының артында ілінген стикерлерді қарап, сол бойынша топқа бөлінеді.
«Ғажайып үштік» әдісі бойынша топтағы А-Б оқушы әңгіме- дебатта өз пікірін дәлелдейді.В-оқушы екі оқушының пікірталасын бақылап бағалап отырады.
Оқушылар Кластер картаны толтырады.
Оқушылар мақал-мәтелдің келесі жолын табу арқылы жұпқа бөлінеді.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде диалог арқылы ой бөліседі.
Бағалау парақшаларына өзін-өзі бағалау,жұпты бағалау.
Бүгінгі тақырып бойынша кері байланыс жасау. «Бүгінгі сабақта маған не оңай болды», «Сабақта қандай қиындықтар кездесті», «Мен ол қиындықтарды қалай еңсердім» өздеріне берілген парақшаны толтыру.
Әуен ырғағына қарай жаттығулар жасау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика пәнінен рефлексивті есебі
Негізгі және туынды зат есім
Орта мерзімді жоспар
Тіл мәдениеті
Шешендік сөздер өміршеңдігі
Тіл тазалығы - сөз дәлдігі
Сөз таптарынан өткенді қайталау
Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
Күшейткіш үстеу
"Математикалық кокпар" ойыны
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10638 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык