Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақшаңыз қалай?


Қазақшаңыз қалай?

Қазақшаңыз қалай?

1-жүргізуші:  Құрметті қонақтар , әріптестер!
бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысын   бастауға рұқсат беріңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауы.
2-жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Осындай  мақсатпен біздің  мектебіміздің мұғалімдер арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды  бастаймыз.
  1-жүргізуші:  Осы сайысымызды бастамас бұрын қонақтардың арасынан әділ  қазылар алқасын сайлап алайық .Отырыңыздар ,жайғасыңыздар .
2-жүргізуші Сайысқа бес адамнан екі топ қатысады .Бүгінгі сайыс осындай кезеңдерден тұрады.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру.
2. Таныстыру.
3. Кім жылдам ?
3. Дода.
4.Сурет бойынша «Жыл мезгіліне»     әңгіме құрастыру
 5 . «Сөз мәйегі-мақал» сайысы                                                           
6.  «Адасқан сөздер»
7. Әріптер сайысы. 
   Қазақ тіліне тән әріптермен сөздерді  айту.
8. «Өнерпаз болсаң...»-үй жұмысы
2-жүргізуші   Ендеше ,бүгінгі сайысқа қатысушы екі топпен танысболайық .
І кезең.      Өздерін таныстыру , (визитка)экранға назар аударыңдар.
Таныстыру.
І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»
ІІ-топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған
 ІІ кезең. 
  1-жүргізуші:      «Кім жылдам?»( Қай топ жылдам сөздерді табады солтоп 1-ші бастайды)
ІІІ кезең
2-жүргізуші :«Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 7 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға       дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
І топ: «Жасқыран
1. Наурыз мейрамы қашан болады?             
2. Қазақ  алфавитінде неше әріп бар?
3. ҚР Мемлекеттік тілі?      
4. Бір жылда неше мезгіл бар?
5. Наурызда пісірілетін басты тағам?
6. ҚР-ң рәміздерін ата.
7. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім?
ІІ топ: «Топжарған»
 
1. Ұлттық киімдерге не жатады?                                                                                                                                             
2. Наурыз қандай мереке?                              
3. Беташар қашан айтылады?
4. Қазақ халқының  салт-дәстүрлерін ата.           
5. Қазақтың  ұлттық  ойындарын ата.
6. Абай Құнанбайұлы кім?
7. Көктем айларын ата.
ІҮ кезең.
 
1-жүргізуші:Әңгіме құрастыру .
 Жыл  мезгілі бойынша әңгіме     құрастыру
 Жаз— «Жасқыран»  тобы
Көктем— «Топжарған»  тобы 
Музыкалық нөмір «Наурыз тойы»  6-сынып  қыздары орындайды
Ү кезең. 
2-жүргізуші:«Сөз мәйегі-мақал»
Сайыскерлер тіл туралы мақалдар айтудан жарысады.
 Мақал-мәтелдер-« Жасқыран» тобы
1.Тіл тас жарады, тас жармаса  бас жарады.
2.Піл көтермегенді- желмен тең.
3.Шебердің   қолы  ортақ, шешеннің сөзі ортақ.
4.Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
5.Жақсы сөз жарым ырыс.
Мақал-мәтелдер—« Топжарған» тобы
1.Тіл қылыштан өткір.
2.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
3.Тілден артық қазына жоқ.
4.Жыланның  уы тісінде, адамның уы тілінді.
5.Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
ҮI кезең
1-жүргізуші:« Адасқан сөздер»
Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Жасқыран»тобы
Піседі, алма, амұрт, Алма, алмұрт піседі.
Соғады, жел, суық, Суық жел соғады.
Ұшып, кетеді, құстар,  Құстар ұшып кетеді.
Сарғаяды, жапырақ.   Жапырақ сарғаяды.
    Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Топжарған» тобы
Демалдым, таза ауамен, мен.                                Мен таза ауамен демалдым.
Жапырақтары, ағаш, жап – жасыл.Ағаш жапырақтары жап – жасыл.
Шықты, балалар,  тауға. Балалар тауға шықты.
Жақсы, бүгін, ауа райы. Бүгін ауа райы жақсы.   
 
  Музыкалық нөмір—«Жаса, Қазақстан»-8-сынып оқушысы Анна Рожанская орындайды
ҮІІ кезең.  
2-жүргізуші:Әріптер сайысы»
   «Қазақ тіліне тән дыбыстардан   сөздерді құрастырып  айту »
 (Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздерді  айту. )
ҮІІІ кезең. 
2-жүргізуші:  «Өнерпаз болсаң...» -      үй тапсырмасы  
Мұғалімдердің  дайындап келген өнеріне тоқталайық.
Мұғалімдер вокал тобы   « Қазақтың  дастарқаны » өлеңін орындайды.
«Қазақша би»- орындайтын 7-сынып оқушылары Аканова Камила,Жумабаева Аина
Сайыс қорытындасымен таныстыруға, келесі сөзді  әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Қорытынды:
жеңімпаз топты марапаттау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Тілді сүйсең менше сүй
Тіл сайысы
«Толағай» эстафеталық ойын
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Ел рәміздері – ұлттық мақтаныш
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Қазақ тілінің білгірі
Қазақ тілінің білгірі
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4372 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык