Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі


Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі

Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі

А) Сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
Ә) Сақтардың шаруашылығының  дамуын анықтай отырып, дүниетанымы шеңберін кеңейту, жеке оқушылардың  зерттеушілік қабілетін дамыту.
Б) Оқушыларды өз халқының тарихын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: СТО бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Топтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, карта, тест, схемалар,                                    
                                          суреттер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру  бөлімі. Оқушылар назарын сабаққа  аудару. Оқу құралдарының түгел өз орнында, ұқыпты орналасуын және оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап шығу.
11. Жаңа тақырыпты меңгеру.
1. Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Сабақ барысында  қолданылатын  оқытудың белсенді формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін ескерте кетеді.
1) 4 адамнан тұратын жан ұя тобын құрамыз.
2)  Жанұя мүшелерін 1,2,3,4 деп нөмерлеміз.
3) Енді 1- лерді бір топқа, 2 –лерді бір топқа, 3- терді бір топқа 4- терді бір топқа жинаймыз.
4) Бірлерге мәтіннің бірінші бөлімін, екіншілерге екінші бөлімін, үштерге үшінші бөлімін береміз, төртіншілеге төртінші мәтінді береміз.
5) Өз жанұяңа барып мәтіннің өзіңе тиісті бөлімін түсіндіресің. Олардың түсіну, түсінбеу саған байланысты.
6) Жанұяңның әр мүшесі мәтіннің барлығын жазып шығуы керек. 
Енді  балалар, әр топ өз іштерінен оқып , жауап  беретін лидерді таңдаулары керек. Барлық  топтың лидерлеріне кезектеп сөз беріледі. Бір- бірімізді мұқият тыңдаймыз, толықтырамыз.
Пікірлеріңізге рахмет.
Келесі сабақтың кезеңіне көшейік. Тақтаға Венн диаграммасын сызамыз. Әр топтан оқушылар шығып толықтырамыз.
Сақтардың  тәуелсіздік   Ортақ нәтижелері    Әлеуметтік құрылысын-
  жолындағы саясаты                                            дағы саясаты                                          
2.Картамен жұмыс.
а) Сақтар қарым- қатынас жасаған мемлекеттерді көрсет.
б) Александр Македонскийдің жорығын картадан көрсету.
3. Жеке жұмыс.
1. Мына сөздерді кім айтқан
« Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құс, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін  қырғынға ұшыратпақсың» 
2.»Жеңіске жетті деген осы, отандастарымның басына үйірілген қасіреттің қара бұлтын кері серпіп, сендерді шөл мен аштыққа әкеп қамадым. Енді  қайда барсаңдар да, табандарың ажал» 
 3. «Шырақтың ерлігі» тақырыбына әңгіме құрастыру.
4. «Тайпа  көсемін сайлау» әңгіме құрастыру
4.Абай «Ескендір» поэмасынан үзінді оқу.
Бекіту.
1-топқа: Сақтардың тұрмысын, өмірін суреттеңіз.
2- топқа: Сақтардың шаруашылығын зерттеңіз.
3- топқа:Сақтар шаруашылығын қазіргі  қазақтар шаруашылығымен салыстырыңдар.
4-топқа:Сақтардың қолөнері қазіргі кезде қолданылама  анықтаңыз.
10. Үйге тапсырма
Сақтар мен Александр Македонский әскері арасындағы соғыс барысында тірек- схема құрып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтар
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың мәдениеті
Ежелгі Қазақстан тарихы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 1800 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык