Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері


М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері

М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Алдаспан ақын Махамбет Өтемісұлының  туындыларын  ұтымды оқыту, жан-жақты меңгерту арқылы оқушылардың әдеби-көркем танымымен қатар өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясына, тілінің көркемдік ерекшелігіне назар аударту, талдату.

Тәрбиелік: Өлеңдерінің мазмұны мен идеясы арқылы оқушыларды батырлыққа, ерлікке, елдікке, отансүйгіштікке, ар-намысты жоғары қоя білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша тіл байлықтарын, шығарманы талдап, өз көзқарастарын жеткізе, дәлелдей білуін дамыту.

Әдісі: СТО жобасы бойынша, сұрақ-жауап, мәнерлеп жатқа оқу, сатылай кешенді талдау, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс:тарих

Сабақтың типі:  өз бетінше  білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі:     

 Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

 Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Топқа бөлу    

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдерін жата мәнерлеп оқу

Ә) Махамбетке хат жазу

18 бағыныңқы сөйлемі болымсыз түрдегі өткен шақ көсемшемен беріліп «Ерлердің ісі бітер ме?» деген риториялық сұрау түріндегі басыңқы сөйлеммен аяқталады. Бір деммен айтылады, 1 ғана идея ұсынылады. Жауап іздеудің керегі жоқ, жауап алдыңғы тармақтарда айтылған 1 шумақ толғау.

ІІІ. Топтастыру

Махамбет кім?

Ақын өлеңінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
 

ІV. Жаңа сабақ:слаидтар көрсету

V. Өлеңдерді мәнерлеп оқу

VІ. Өлеңдерді сатылай кешенді талдау:  әр топқа бір өлеңнен беру

Тақырыптары ұқсас өлеңдер «Жалғыздық», «Мен-құстан туған құмаймын», өлеңдері  арқылы ақынның қайғы, өмірден торығу, өкінішін көрсету, ақынның шеберлігін таныту, Өлеңде элегиялық сарын байқалады

Көтерілістің жеңіліске ұшырауы, орындалмаған арман, жеткізбеген мақсат, жүйкеге түскен салмақ бәйтеректің  жапырағынан айырылып, қу түбірге айналуы тұспалымен суреттеледі.Жалғыздықтан  жабығу, әділдіктің жоқтығына, заманының қиындығына налу, өкіну , Исатай қазасынан кейін жалғыздыққа бой алдырған шақта жазған өлеңі.

Мен- түбін кескен бәйтерек, Толқын соқса құлармын,-деп ақын енді өзінің халін түбі кесіліп, құлауға айналған бәйтерекпен ауыстыра бейнелейді.

 

 (2.16 тармақ,8 буынды,2 бунақ,шұбыртпалы ұйқасқа құрылған өлең.

 

«Жалғыздық» өлеңі құрылымы өте қысқа жазылған. Исатай қазасынан кейінгі ақынның күйзеліс кезінде жазған  жырлары.16 тармақ,шұбыртпалы ұйқасқа құрылған, 8 буынды өлең. Бұл өлеңде күн мен түн, жалғыздық пен қауым, әділдік пен әділетсіздік қатар алынады.Күн мен айдың жұбын негізге ала отырып,ақын басына түскен трагедиялық жағдайды толық қарама-қайшылық сипатта көрсетіп, оның табиғи қырын ашады.Күн мен түннің ауысуы,жарық пен қараңғылықтың болуы –тіршілік заңы.Ақынның ұтқаны- кеңістік атауларын алып, оның мәні мен маңызы арқылы жүрегінің сырын ашуы еді.Өлең соңы

«Бәрін айт та,бірін айт,

Қаумалағанқарындас,

Қазақта бар да мендежоқ» депаяқталады. РабиғаСыздықованың  «Сөздерсөйлейді» зерттеуіндеқарындассөзінбүгінгедейінекімағынадақолданғандейді.Әдебинормадағыактив мағынасы «ер адамныңжасыкішіәйелжыныстытуысқаны». Махамбет өлеңіндегіқарындассөзіәйелжыныстыжасыкішітуысқанемес,өзініңсоңынаеретін,өзінедемеуболатынтуыстардыайтыпотыр,қалыңағайындыіздепотыр.

Махамбет поэзиясы-саф таза тілімен,от-жалын шешендік интонациясы мен,көркемдік шеберлігімен, жоғары ақындық мәдениетімен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, суреткерлік қолтаңбасыменөзгешеленеді.

 

VІІ. Махамбет жырларындағы қанатты сөздерслаидтар көрсету

Кім қалай түсінеді?

Жақсыменен дос болсаң,

Айрылмас күні қос болсаң,

Басыңа қиын іс түссе,

Алдыңнан шығар өбектеп,

Жаныңа не керек деп.

Жаманменен дос болсаң,

Айырылмас күні қос болсаң,

Басыңа қиын іс түссе,

Басқа кетер бөлектеп,

Қолдан берер есеп дер.

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

 

Қыран құстың баласы

Ұшса келмес ұяға.

Асыл ердің баласы

Жауды көрсе шыдамай

Көзін салар қияға

 

Бұл дүниенің жүзінде

Айдан ару нәрсе жоқ-

Түнде бар да, күндіз жоқ

Күннен ару нәрсе жоқ-

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Көшпелі дәулет кімде жоқ-

Бірде бар да, бірде жоқ

 

Шын ажалың жетпесе

Ажалдан бұрын өлмессің.

Жалаңаш бар да жауға ти

 

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгін салғызсыз.

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда

Жарамды бір теріге алғысыз.

VІІІ. Пікірлесу

-Махамбеттің  ерлігі ұнады ма немесе  ақындығы ұнады ма?

–Махамбеттей болуға қабілетің жете ме?
-Батырлық, ерлік іс жасау үшін батыр болып туа ма?
-Мен қазіргі заманның Махамбеті болсам....

- Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?

Сабақты қорытындылау: Қандай сөзбен түйіндер едік?

Махамбет есімі ел есінде сақталд

1 оқушы: Ақын ретінде тұңғыш танытқан- Жәңгірдің немересі Шәңгерей Бөкеев. Шәңгерейдің көмегімен Ғұмар Қараш 1908-1910 жылы ақынның  «Ереуіл атқа ер салмай», «Беріш Мұхаммед батырдың сұлтанға айтқаны» өлеңін алғаш рет «Шайыр» жинағына жариялайды.

2 оқушы: Махамбет- шығармаларында айтылатын күрес пен қаһармандықтың  барлық ұстанымдарын өмірінде іске асырған қаһарман жан. Өлеңдерін талдағанда мұны ұмытуға болмайды.

3 оқушы: Махамбеттегі ұлттық рух- сол тілдің  барлық болмыс, байлығын қолдана білуден туындайды. Оны өзге тілге аударудың қиындығы сонда. Сөз саптауы, оқиға мен ойды, сезіммен сырды жеткізу, бейнелеу тәсілдері, техникасы мүлде бөлек.

4 оқушы: Ақын шебер күйші, домбырашы болған. Он бір күйі 1982 жылы «Шашақты Найза, Шалқар күй» деген атпен жарық көрген.

Ақынның «Қайран Нарын», «Арысты аңсау», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Өкініш» күйлері күйші қауымға танымал.

5 оқушы: 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының  200 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, төрт томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды.

6 оқушы: Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысы, Индер ауылынан 40 шақырым жерде  кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Нотэль Шаяхметов ақынның  бет- бейнесін жасап шығарды.

7 оқушы: Ресейдің «Выборг» кеме жасау зауыты ААҚ Қазақстанның тапсырысы  бойынша «Махамбет» атты мұнай  құю танкерін жасап шығарып,  суға түсірді.

INSERT кестесі

Білемін

                 Білдім

Білгімкеледі 

 

Бағалау парағы

Оқушының    

   аты-жөні

Өлеңді мәнерлеп оқуы

Кейіпкерге хат жазуы

Өлеңге теориялық талдау жасауы

 

Топ ішіндегі 

бірлесе

жұмыс жасау

әрекеті 

 

Өзіндік ізденіс бағытындағы

ақпараттарды

жеткізе білуі

 

өзіндік жеке көзқарасын білдіруі

Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді. 

Махамбет 

Махамбет... 

Білмеймін жел ме,сел ме 

Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? 

Әділетсіз дүниенің қабырғасын 

Махамбетше сөгер жан кездесер ме? 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М. Өтемісұлы «Мен – құстан туған құмаймын»
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері
Махамбет – өр рухты ақын
Махамбет Өтемісұлы
ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы өлеңдері
Мен- құстан туған құмаймын
ХІХ ғасыр әдебиеті. Махамбет Өтемісұлы
М.Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»
М. Өтемісұлы «Мен –құстан туған құмаймын», «Жалғыздық»
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 12998 | Қосты: Рахметкалива Бахит Садиховна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык