Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарасаздан ұшқан қарлығаш


Қарасаздан ұшқан қарлығаш

Қарасаздан ұшқан қарлығаш  

І Слайд. «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» 

/Баяу музыка ойналады/

Ғасырақыны

 Көрередің, 

Шаламынба, отпынба,
Білередің
Ақынмынба, жоқпынба?..
КектендіргенханЖәңгірдежоқмұнда,
КектенетінМахамбеттежоқмұнда.
Түсінерең
Езбінбе, әлдеермінбе,
Байқаредің,  
Артықпынба, кеммінбе?..
МенСпартакболаалмадым, нешара,
СеніңөзіңЦезарьболыпкөрдіңбе?
Сырымда – осы,
Жырымда – осы
Алдыңда.
Байқашыбір:
Бықсыдымба, жандымба?
Мақаңдаржоқ,
Мақаңдардыңсарқыты –
МұқағалиМақатаевбармұнда

Гүлжан:  Армысыздар! Абылайдай көсем, Абайдай дана, Төледей шешен, Мұқағалидай ақын ұлын тәрбиелеген Қазақ елі! 9-ақпан Мұқағали Мақатаевтың туған күні! Поэзия әлемінің бірегей тұлғасы Мұқағалидың туған күніне орай өткізіліп отырған жыр кешімізге қош келіпсіздер!

Абззат:  Армысыздар, Тәуелсіз елдің ұландары! «Ғасыр ақыны» атты әдеби сазды жыр кешімізге бастауға рұқсат етіңіздер! 

Гүлжан:  Мұқағали Мақатев – қазақ жырының Хантәңірі атанған ақиық ақын, біртуар талант иесі. Мұқағали өмірдің ащы – тұщысын көп тартқан, өмірдегі бар жұбанышы, қызығы ұл – қыздары мен жүректен шыққан жауһар өлеңдері болған, қазақ баласына бұйырған ақиық ақын еді. Өкініштісі оны өлім бізден ерте алып кетті. Бірақ бізден Мұқағалиды алып кеткен өлім, өлеңдерін алып кете алмады. Ендеше атамыздың бізге қалдырған өлеңдерінің бірін өз дауысында тыңдап көрейік. Экранға назар аударыңыздар!

 ІІ Слайд        «Өмір жайлы»  /М. Мақатаевтың өз дауысында «Өмір жайлы» өлеңі тыңдалады/

 Абззат: Ақын өлеңдерін тыңдаған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды Бүгінгі кеште әлі сан ұрпақтың шөлдегеніне сусын, шаршағанына – сая, дертіне – шипа, шалдыққанына – демеу болатын Мұқағали ақынның жырларын мектебіміздің оқушылары орындайды.

«Бүгін менің туған күнім»

1 - Ислам

2 - Бурханидин

3 - Азиз

 «Менің анкетам»

1- Дильназ

2 - Ильхам

Ән «Қарасазым» - Гүлжан Мұратбайқызы.

 Абззат: Мұқағали атамыздың балалық шағы Қарасазда өткені баршамызға мәлім. Балалық шағы соғыспен тұспа – тұс келген ақын өлеңдерін 10-11 жасынан – ақ жаза бастады.  Бала Мұқағалидың өлеңдерін тыңдап көрейік.

 «Әкеме»   - 6 А сынып оқушысы Дильдара

«Шеше сен бақыттысың» ГүлжанМұратбайқызы  /үнтаспадан күй орындалады./

 Абззат:  Мұқағали әр күн, әр сағатта халықпен бірге жүрді. Халықтан үйренді, халқын сүйді, оның әрбір сөзін алтынға бағалады.

Бұл өмірден сұрамаймын ештеңе,

Сұрамаймын алтын менен көп жақұт.

Бір өзіме жетеді маған берсе де,

Халық, Отан, Тіл дейтұғын үш бақыт

 «Үш бақытым»

6 А сынып оқушысы  - Азиза

«Отан»

6А сынып оқушысы - Фируза

 «Туған өлке»

4 А сынып оқушысы - Айсұлу

«Қарасаз»

6 А с

Гүлжан:

Қарсы алмаса, құрысын,

Қарсы алмаған.

Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған!

Жаңғырығып жасыл тау  жөнелсін бір,

Жатсын ұйып жапанда дел сал далам.

Абззат:

Ән сал, жаным,

Әніңмен тербет мені,

Бір сәтке тынсын  тірлік жер көктегі

Дала ұйысын,

Дамылдап таулар жатсын,

Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.

«Наурыз думан» әнімен 10 сынып  оқушысы Оразбекова Динараны қарсы алыңыздар!

 Гүлжан:

Ойлы жас!

Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай.

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне сыр жасырмай!

Мұқағали Мақатаевтың мұңын шағып, сырласқан жақын адамдарының бірі қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова. Ақын қыз өзінің бір сөзінде: «Мұқағали – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен – ақын. Қазақ жырының құдіреті» деген екен.

«Фариза»

6 А сынып оқушысы - Ильяр

 «Арулар»

6 А сынып оқушысы Дильдара

 «Сенің көзің» 8А сынып оқушысы Кан София

 2-жүргізуші:

Бұл – қапас қуыста демің тарылғанда  төбедегі нүктедей  тынысыңды кеңейтер  таза ауа секілді құдірет. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Бұл поэзия құдіреті».

«Поэзия»

6 А сынып оқушысы – Анар

 «Ей, өлең»

6 А сынып оқушысы Анастасия

-жүргізуші:

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің,  жүрегінің дүрсілі

Күмбірлеген домбырасы барында.

Қазақ  биімен алдыларыңызда 6А сынып оқушылары Фируза және Азиза

 2-жүргізуші:  Ақын күнделігінен  /Күй орындалады. /

            «Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар!

            Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды...

            Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда өздеріңді қорғай біліңдер! Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені...»

«Бұлқынып жатыр»

/Мұқағалидың өз дауысында үнтаспадан қойылады/

  «Әлди»

6 А сынып оқушысы - Дильназ

«Дәрігеріме» Абззат Оралбекқызы  /үнтаспадан күй орындалады

 Гүлжан: Белгілі композитор Нұрғиса Тілендиев өз естелігінде: «Бірде Мұқағали екеуіміз оның ауылына демалып барған едік. Жайлауда демалып жатқанымызда малшы ағасы: Екі бірдей тамаша талант иесі жайлаудың төрінде отырсыңдар. Бірің – атақты композитор, екіншің – мықты ақын. Неге мына жасыл жайлау туралы ән шығармасқа? Нағыз  Сарыжайлау деген мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе? – деп қалған. Осы сөз талай уақыт есімнен кетпеді. Күндердің күнінде осы ой жүзеге асып Сарыжайлау әні дүниеге келді» дейді. Ендеше 6 сынып оқушыларының орындауындағы Сарыжайлау әнін қабыл алыңыздар!

 

ІІІ Слайд. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Абззат: Тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік ақынның жаралы жанын кім түсінген? Тірісінде қара өлеңнің қаймағын бұзбаған ақиық ақынның айбынды бейнесі, асқақ жырлары күллі Алаш жұртының көкейінен өшпек емес.  

Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек...

     Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

Гүлжан:

Осымен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Ғасыр ақыны» атты әдеби –сазды кешімізді аяқтаймыз! Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқушы шығармашылығы
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Бүгін менің туған күнім!
Ғашықпын Мұқағали жырларына
Жырлайды жүрек
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
Жырлайды жүрек
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3783 | Қосты: Акимжанова Гульжан Муратбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык