Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі


Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі

Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

  • а) Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер  бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;
  • Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге  ойын анық еркін айта білуге үйрету;
  • Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік  ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үйге тапсырма сұрау. «Ой толғау» стратегиясы.

Зымыран сұрақтар:

1. Ғабит Мүсірепов кім?

2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?

3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

4. Әйтілес кім?

5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?

6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?

7. Бала би Жалпақ батырға не деді?

8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?

9. Сауға деген не?

10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?

ІІІ. Жаңа сабақ:  Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.

Шығарманың құрылысы:

Басталуы

1.  Әңгіме қалай басталады?

Байланысуы

2. Әңгіме қалай байланысады?

Шиеленісуі

3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры  немен аяқталады?

Шарықтау шегі

4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?

Шешімі

5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.

Мәтінмен жұмыс:

І топ

  1. Портрет дегеніміз не?
  2. Ананың портретін тауып оқы

ІІ топ

  1. Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру

ІІІ топ

  1. Диалог дегеніміз не?
  2. Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқу

Әңгімедегі теңеу, эпитетдисфемизм, көнерген сөздерді табу.

І топ

Әңгімедегі теңеуді табу.

Тұрақты тіркесті табу.

ІІ топ

Әңгімеден эпитетті табу.

Географиялық атауларды ата.

ІІІ топ

Дисфемизм, көнерген сөздерді табу.

Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.

Венн диаграммасы

«Әдебиет үйірмесі»

І топ

Ана туралы мақал – мәтелдер жазу.

ІІ топ

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

ІІІ топ

«Әлемдегі асыл жан» (ойтолғау)

Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана-депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы.

Жүректен – жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.

Үйге тапсырма: «Ана – бәйтерек, ана- аққу, ана - жүрек» тақырыбына шығарма жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»
Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы әңгімелері
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімесі
Ана құшағында. Ғ. Мүсірепов
Ана
Баубек Бұлқышев Ана
Ғабит Мүсірепов Ананың анасы
Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 7846 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык