Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қамар сұлу


Қамар сұлу

Қамар  сұлу
«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 8-10 сыныптар арасында өткізілген «Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясының бағдарламасы.

Мақсаты: оқырмандарға  жалындаған  жас ғұмырын еліне,халқының болашағына арнап,

қазақ  халқының күйінің тұмшаланған қараңғылығына  налып,білімді,сауатты,жан-жақты

оқыған,жаңашыл қоғамның өмірін аңсап,армандап кеткен дара ақын  С.Торайғыровтың

шығармаларын  насихаттау.

«Қамар  сұлу» романын оқып,талдай отырып,ақынның  еңбектерінен ,ақын туралы жазыл-

 ған  естеліктерден кітап көрмесін ұйымдастыру , медиа кабинетте  компьютер арқылы

слайдтар  жасап  көрсетіліп тұру.

1.кіріспе  бөлімі

С.Торайғыров – дара  ақын

/кітапханашы  Н. Аманова /

 2.негізгі  бөлім

 1.Ақынның  өмірімен  шығармашылығы.

 2.Жазушының «Қамар  сұлу» романына   шолу.

3.Романдағы  басты  кейіпкерлерге мінездеме.

4.Жағымсыз кейіпкердің бейнесін  ашу.

5.Романдағы  көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге  тоқтату.

6.Роман  кейіпкерлерін  қазіргі заманмен байланыстыра салыстыру.

 7.Менің қиялымдағы-«Қамар  бейнесі» атты тақырыпта ой бөлісу.

8.Романның қазақ әдебиетіндегі алатын орны және тарихы маңызы.

9.Қортынды.

Құрметті  оқырман  қауым!

Өздеріңізге  таныс қазақ халқының хх – ғасырдың  басындағы қазақ  әдебиетінің аса 

көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушысы  С.Торайғыровтың  туғанына  биылғы жылы

 120 жыл толмақ.

Ел басына күн туған алапат  кезеңдерде С. Торайғыровта  қазақ зиялыларының

 қатарынан  табылған .ұлттық сананы оятуға жалын  ата үн қосты.Жалындаған  жас

ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап ,қазақ халықының тұмшаланған  қараңғы-

лығына налып, білімді, сауатты, жан-жақты оқыған, жаңашыл қоғамның  өмірін  аңсап,

армандап кеткен  дара жазушы. Ақының  өмір  жолы, шығармашылығы жайындағы

Жанбаева   Ақмарал  9 «б» сынып  оқушысы баяндап  береді.

Бүгін  біз өздеріңізбен жазушының  еңбектерінің бірі – «Қамар сұлу» романы қоғам

шындығын    көрсететін , әйелдер теңсіздігі,  махаббат мәселесін көтерген туынды.

 Қазіргі бізге «Қамар  сұлу» романына шолуды 9 «б»сынып  оқушысы  Қасымов Қуандық

әңгімелеп  береді.

Қамар  елге сыйлы, ақылды ару, білімі бар, ауылындағы бозбалалардың көзіне түсіп

жүрген қыз,ол жайында 9 «б»сынып  оқушысы Сагидуллаева  Гулсанім айтады.

Келесі жағымды кейіпкеріміз –Ахмет – кедей шаруа ортасынан шыққан,оқыған жігіт.

 Оның бойында ақындық ,сөзге шешендік ,сыпайылық,достарына қадірлі азамат болған.

 Бұл жайында 9 «а»сынып оқушысы Айтбаева  Алия әңгімелеп берді.

 Енді романда діттеген әке мен бала  проблемасы өз кезеңіндегі қоғамдық- әлеуметтік

өткір мәселелер  ауқымында көрсетілген.Халықтың  ауыз әдебиеті  мен жазба әдебиеті

нұсқаларында  еріксіз  ұзатылатын қызға жаны ашитын  жалғыз  адам  әдетте шеше ғана

 болатын да,әке көбінесе  қатал мінездерімен  көзге түсетін.Қазақ ауылындағы әке атаулы

 ның  бәрі  қатал  еместігін,оның  ішінде қызының тағдырына қабырғасы қайыспайтын,

мейірімді әке барын, бірақ  олардың заман әділетсіздігінен аса алмайтын С.Торайғыров

романында Омар бейнесі арқылы  шынайы көрсете алған.

Осы Омар бейнесін  9 «а» сынып оқушысы Көмекбаев  Қуаныш тарқатады.

 Шығарманың  соңында Омар қатал заманның соққысынан  еңсесі түскен,ессіз адамның

 бейнесінде  көрінеді.келесі романдағы жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашу.

 Тағдырдың талқысына  түскен Қамардың бағына, мал-мүлкіне ,ақшасына ,дәулетіне ,атақ

 даңқына   мастанған Жорға Нұрым тап болды.Шығармада ол жағымсыз кейіпкер  ретінде

 суреттеледі, бұл жайында Бекен  Данияр , Әділет айтып береді.

 Әйелі  өлгеннен кейін ,төсек  жаңғырту  мақсатында Жорға  Нұрым енді ғана гүлдеп келе

Қамарды алғыс  алғысы  келеді.Оның бұл қылығы ақылсыздық .Өйткені Қамардан  басқа

ел ішіндегі өзіне тең келер адам  таппағаны ма?

Жағымсыз  кейіпкерлердің  бірі – Қалтай  қажы мен Оспан би –Нұрымның жемтіктес

достары .Оларға  да дөрекілік,зорлық-зомбылық,зұлымдық,жексұрындық  мінез-құлық

тән. Бұл жайында  9 «в» сынып  оқушысы  Нұрханов  А  әңгімелеп  береді.

Келесі  романдағы көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге 9  «а»сынып  оқушысы

Дауітбаева  Айгерім  тоқталады.С.Торайғыровтың  «Қамар сұлу» романы өз кезінде

жаңашылдығымен көрінеді.Роман  әйел теңсіздігі тақырыбына арналып  жазылған.

Сұлулығына ,ақылы сай,оқыған,сауатты Қамардың өз теңі Ахметке  қосыла алмай,

қауға сақалды ,тоң  мойын, надан,Қамардан жасы  үлкен Жорға Нұрымға  сатылып,

қор болғанын, сол замандағы қыздардың теңіне  қосыла алмай, малға сатылған  өмір

шындығы екендігін  жазушы  С.Торайғыров  ашына  жырлайды.С.Торайғыровтың  оқыған,

сауатты  адамның қызықпайды, малқұмар  емес. Қызын  малға бола сатқысы келмейді.

оған  қарсы  тұрды.Автор  оның  мақсатына жетпей ,сәтсіздікке  ұшырауының  өзі заман

 шындығынан  аса  алмауынан  деп  шарасыз әке ретінде көрсетеді. Әке  мен бала  

проблемасын  тек  бір үй  ішілік  қарым-қатынас  тұрғысында түсінбей, бұл  жағдайдың

әлеуметтік мән – маңызы жоғары мәселе екенін байқатты.

Адамдардың   тұрмыс қайшылықтарының  ортасында жүріп, отбасына ,қоршаған әлеу-

меттік  ортаға  деген  көзқарастары  қарастырылған  көркем шығарма деп түйіндейік.

 Енді өзіміз талдап отырған роман кейіпкерлерін қазіргі заманмен салыстырып көрейік.

Енді балалар өздеріңізге үйге берілген тапсырма Менің  қиялымдағы «Қамар  сұлу»

бейнесіне тоқталайық.

9 «в» сынып  оқушы: Жанбаева  .А.   

9 «в» сынып  оқушы:Қасымов.  Қ               

9 «а» сынып  оқушы :Айтбаева. А 

9 «а»сынып оқушы:Сарсенбаева.А

Келесі  сөзді романның  қазақ  әдебиетінде  алатын  орны туралы  қазақ  тілі мен  әдебиеті

 пәні  мұғалімдеріне  сөз берейік. Аманбаева .Х. Мұханбет,А.

Қорытындылау   мақсатында:

 Қараңғы  қазақ көгінде

 Өрмелеп шығып күн болам!

 Қараңғылықтың  кегіне

 Күн болмағанда кім  болам!-деп  жырлап  өткен біртуар ақын  туралы  Ж.Аймауытов:

 «Сұлтанмахмұт  жас ақындардың бір күшті ақыны еді.Өнер, білім сәулесін  аңсап, құлаш

ұрып,кедейлік ,жоқшылық,зарын шегін,жауыз тұрмыспен  жанталасып,алысып,жеңе алмай

мерт болды .Тірі  жүрсе, өзі айтқандай қараңғы қазақ  көгіне өрмелеп шығып  күн болған-

 дай , от- жалындай зулаған  болат,қайрат,құрыш – жігердің ,кекті жүректің ақыны  еді»-

дегендей , С.Торайғыровтың өмірімен шығармалары  ғасырдан ғасырға  оқырмандарын

 тауып , жалғасын таба берсін  демекпіз.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  биылғы  жылғы жолдауы «Қазақстан 2050»

Стратегиясында «бәсекеге қабілетті  дамыған  мемлекет болу үшін біз сауаттылығы

жоғары елге айналуымыз керек» деген ұстанымын мақсатқа  ала отырып, сіздерді

осындай  еліміздің  елеулі азаматтары болып, 50 елдің қатарына  кіру үшін  өз

үлестеріңізді  қосады деген сенімдеміз.      


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқушы шығармашылығы
Лиро-эпостық жырлар
Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыров “Қамар сұлу” романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын», «Бір адамға»
Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы
«Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш
Батыр Баян -париоттық шығарма
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3563 | Қосты: Аманова Нурсулу Кадирбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык