Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш


«Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш
Бір ел – бір кітап акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың 

«Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш

 
Мақсаты: Оқушыларды  Қазақстан халық  жазушысы, Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты ,поэзия  падишасы  Фариза Оңғарсынованың  өмірімен  шығармашылық  еңбектерімен  таныстыру.Ақынның  жыр  жинақтарын  оқушы  назарына  ұсыну. Ақын  шығармалары  арқылы  ұлттық  намысты  ояту, адалдықты, шындықты,сұлулықты  қадірлей білуге  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап көрмесі,  портреттер,слайд.
 
 1- жүргізуші :Қайырлы  күн  әдебиет  сүйер  қауым  және  жиналған  қонақтар!
Бір  жырыңызбен ғашық  та қылдың, сағынттың,
Кіріптар  қылдың  ,кірпияз  еттің  ,бағынттың.
Жасандылықтың  құлы  боп жүрген   жандарды,
Табиғат деген  тәңірге  ғана  табынттың.
 
       Бүгінде  ақын  көп.  Ақынның  көп  болмағы  әдебиет  үшін  табыс.Бірақ  осы  өлеңдердің  қалай  оқылып  жатқанын ,  ешкім  саралап  жатпаса  да  уақыт  атты ,  тамаша  таразы  бар.  Жүректен  шыққан  туындыларды   халық  жүрегіне  жеткізетіні  белгілі. Ұлттық  поэзия  бағының  шоқ  гүлдерінің  ішінде  отты  жырларымен  дараланған  Қазақстанның  халық  жазушысы ,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері , көрнекті  ақын,  ірі  тұлға , біртуар  суреткер  Фариза  Оңғарсынова.
Өмірбаяны :  оқитын  Медғат  Есенгелдин
2-Жүргізуші:    Жастайынан  әкесінен  қалған , Фариза  әкесінің  аялы  алақанын  аңсап ,»Әке  туралы ой»- деген  өлеңінде  мына  шумақтарды  кездестіруге  болады.
 
          Бақытты  балғын  сәбилер  бүгін
                     Жетелеп  жүрсе  әкесін,
                     Қызыға  қарап  ,күрсіне  қарап
                     Жанынан  үнсіз  өтесің.
                     Алаулап  тулар  ,алқызыл тулар,
                     Жарқылдап жеңіс жұлдызы,
                     Жан әкем бірақ оралмай кетті,
                     Көре алмай кетті ұл-қызын.
Ақынның анасы- Халима ана 20 жасында балаларын құшақтап жалғыз қалды.
                     Кеудемде мені тербеттің,
                     Жас шыбық енді көктеді.
                     Мінеки мен де ер жеттім,
                     Еңбегің  бекер кетпеді.
                     Өмірде мынау ең жақын 
                     Аяулым сенсің, анашым!  -өлеңін оқитын
1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова адамның бой сұлулығымен қатар, ой сұлулығын» таба білген ақын.
                Ол «Біреудің  пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған  кезде, мен сені аялаймын»- дейді. Өз өлеңдерін  дәл өзі айтқандай пана, қамқор, дос тұтты. Ақын өлеңнің бал-шырынына тамсанады.  Соның ләззатына да, азабына  да мойын ұсынды. Ақын поэзияны « дара күндерінің, нала түндерінің серігі» санайды. Ол-ерлік  пен биік рухтың өлеңі, үнінде өрлік, асқақтық бар,  дүниетанымы кең, ақындық бояуы қ((анық, қайратты да қайсар Фариза жыры әрқашан жүрегіңе тиеді,  сезіміңді қозғайды, жаныңды байытады.
                Қазір сіздердің назарларыңызға «Өлең» шумақтарын ұсынамыз. Оқитын 7 сынып оқушысы  Хамитов Нұрбек.
 
 
 
2-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова сезімнің ақыны оның өлеңдері арқылы қазақ поэзиясында Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиевтың  буынын батыл әкелген драматиз мен трагизмге  толы лирикалық әуенді, философияны одан сайын байыта түсті. Әріптес ағаларының өкшесін баса жүріп, өз көркемдік әлемін  оқырмандарына тамаша көосете білді...
Шығармалары 1958 жылдан жариялана бастады.  Тұңғыш өлеңдер  жинағы  «Сандуғаш»  деген атпен 1966 жарық көрді. Ол көптеген поэма, өлең  топтамаларының авторы:
«Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбылымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім- менің Отаным», 
«Маңғыстау  монологтары»  және  «Революция  және  мен»  өлеңдері.
     Сіздердің  назарларыңызға  «Революция  және  мен»  өлеңін  ұсынамыз.  Оқитын    9-сынып  оқушысы  Бейсембаев  Дидар.
    1-жүргізуші:Фариза  Оңғарсынованың  туындылары  қазақ  әдебиетіндегі  қыз-келіншектер  шығармашылығының  өсіп  өркендеуінің  биік  сапалық  деңгейге көтерілген.
    Ақын  әйел  затына  тән  дәрменсіздікке  , шарасыздыққа  бой  ұрмайды. Ол  біріншіден,  намысын  биік  ұстаған,  арын  ту  еткен,Отанын, ауылын,  адамды  жүрегімен  ақтарыла  сүйетін  азамат,  екіншіден   өмірдің  әрбір  құбылысын  ,  өз  қоғамындағы  әр  қыз  балаға  ,әйелге  тән сезімдері  еш   бүкпесіз,  бояусыз  жеткізе  білген  ақын.
   Фаризаның  әлемі  қарапайым  да  күрделі  шығармаларының  қазығы –халық  тағдыры,қуанышы  мен  қайғысы.
   Ұлы  ақын  Мұқағали   Мақатаев : «Фариза, Фариза  жан,Фариза  қыз!  Дүниеде  ақындардың  бәрі  жалғыз»  ,-деп  бекер  айтпаған.  Фариза  ақын  талайымен  емес  ,  талантымен  жалғыз.
    Сіздердің  назарларыңға  «Өмір»  атты  өлеңін  ұсынамыз.Оқитын  9-сынып  оқушысы  Бейсембаева  Ақерке.
    2- жүргізуші:  Фариза  Оңғарсынова  махаббат  жырларын  барлық  жанымен ,  аспан  қандай шексіз   болса, ғашықтық   құдіретін  сездірген  адам  да  сондай шексіз  деген.
               Ырзамын  тағдырыма  сен  арқылы ,
               Махаббат   деген  күшті  сезіндірген.
    Махаббат  жырлары   ,адамға  арналған  -ардақтылық,  қымбаттылық  жағынан ақ  сүтін  берген  ,  ақ  бесігін  тербеткен  анамен   қатар  теңеген.
    Көрініс:   « Махаббат  мұңы»
    Келесі  кезекте   «Шаршадым   жүрегіме  әлім  келмей» өлеңін   оқитын   9-сынып   оқушысы   
Құрмашева  Жанерке.
 
 1-жүргізуші:Фариза  жырларын  оқыған  сайын  көз  алдымызға  құзарт  шыңның   басына  қонақтаған  жаннат  алқаптағы  мұңлы шынар  мен кәусар  бұлақтың сұлулығы  мен мөлдірлігі  келеді. Фаризаның тек бір әулет, бір әмбенің мақтанышына айналдырғандай  сирек бақытқа ие болуының  ең бастысы да тарихпен тамырлас, халықпен тағдырлас жандардың ғана несібесіне бұйыратын адамгершілік шалқарынан бастау алып жатқан жан мөлдірлігіне лай түсірмей жүре ала білгендігінде шығар. Оның жырларындағы  тұңғиық,  тереңдік пен айна көлдей айқындықтың, қас қайнары.  Өткеннің  өзек өртер өкініштерімен келер күннің үміті  үздіктірер пәк арманы болса керек. 
Сіздердің назарларыңызға « Ойламадың сен мені, еске алмадың» өлеңін  оқитын Қыдырова Ажар.
«Жұрт мені қатал дейді» өлеңін оқитын Қаратаева Толқын. 
 
2-жүргізуші:  Фариза жыры-айдын көл, шалқар теңіз емес, тылмыс мұхит.
Көкірекке сонша. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін  бірнеше буынның сыр, көңіл, сонша жыр тындыра білуге  бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық  қылары даусыз шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын  түгел қамти алады десе болады.
Сіздердің назарларыңызға «Мінез» өлеңін оқитын 9-сынып оқушысы Есенгелдин Медғат.
«Шаршадым-ау» өлеңін оқитын 10-сынып оқушысы  оралова Жансая.
 
 
1-жүргізуші: Ақын өз заманының ар-ожданы.  Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мүңдасы, берер дәрі –дауасы- поэзия.
Көңілді, жайлы күнімді,
 Азапты қайғы мұңымды
      Өзімменен бөліскенің үшін,
      Қатем мен жеңістерім үшін.
                               Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
                                    Өлең, мен сені аялап өтем!-деп  толғайды.
2-жүргізуші: 
« Асау толқын» атты өлеңінде:
Тағдырынды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа
Көз нұрын, болашағында-сол түбінде, елім
 Келеді  әйтеуір  бір  ұрпақ  менің   соңымнан   -бар  үміт  сенде,
 
О, асау  толқыным  менің !
         Деген  жолдардан ақынның   жастарға  үлкен   сеніммен  , үмітпен     қарайтыны  анық  байқалады.
  1-жүргізуші:  Фариза  өлеңдеріндегі   табиғат  тақырыбы  ғажайып  суреттерге  толы.Жыр  әлеміне  құлаш  ұрған  ақын  жырлары  өз  оқырмандарын   қуанта  берері  сөзсіз.
  «Шуағын  төгіп  күн  шығып»  өлеңін  оқитын   9-сынып  оқушысы  Жеңісова  Жансая.
 
2-жүргізуші:Фариза  аспанға алау  атып, иман  шашыратып жатқан  рух  жанар  тауы.
Өшпейтін де, сөнбейтін де  өжеттік қайнары,Ол  -қоғам  қайраткері ,халқының  ардақтысы.
Атаның қаны , ананың  сүтімен сіңген  адал  қасиетінен  еш  жаңылған жоқ.
  
1-жүргізуші: Фариза  ғасырдан-ғасырға жалғасқан қазақ  поэзиясындағы  мәңгілік махаббат  тақырыбын  жырлады.Ұлтының тағдырына  у  болып бұйырған  ащы  тағдыры  мен  ауыр  қайғыны қаламының  ұшында  шер  қылып  оятты.  Бұл  тек Алланың  өзі  жаратқан , аспан  текті  хас ақындардың қолынан  келетін  киелі  өнер.
   
   Сіздердің   назарларыңызға  ән-шашу  ретінде  «Фариза,Фариза жан, Фариза  қыз»әнін  Мұстафаев  Нұрқасым  ағамыз  орындауында  арнаймыз.
 
 
 
  
 
 
 
 
              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Қыз – ғұмыр
Қарасаздан ұшқан қарлығаш
Өлең, мен сені аялап өтем!
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Жанға жақын Фаризаның жырлары атты мәнерлеп оқу сайысы
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Шақырады көктем
Ақын және кітап
Ақын және кітап
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3241 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык