Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»


Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»

Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»

Пәні: әдебиет (9  сынып)

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»

Мақсаты: жырау өмірінен мәлімет бере отырып, «Еділ бол да, Жайық бол» толғауымен таныстыру.

Міндеттері:

1. Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, толғаудың тақырыбы мен  идеясын, көркемдігін ашу, толғау туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын     арттыру,поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.

3.Оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйену сабағы

Сабақтың әдісі: сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, топпен жұмыс.

Технологиясы: СТО

Көрнекіліктер: жырау портреті, қосымша материалдар, слайдтар, кестелер

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру

  1. Жырау деген кім?
  2. Қандай жырауларды білесіңдер?
  3. Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар?
  4. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі данагөй кеңесшілерді ата, олардың жыраулармен ұқсастығы бар ма?
  5. Жыраулардың шығармаларын не деп атаймыз?
  6. Толғау қандай сипаттағы шығарма?
  7. Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?
  8. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?
  9. Жыраулар поэзиясы қай кезден бастап өріс алды?

ІІІ Жаңа сабақ

1)    Қызығушылықты ояту

 1.        Асан қайғы деген кім?

2.  Оның Асан қайғы аталуына не себеп болды?

3.        Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер?

Топтастыру

2. «ББҮ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

2) Мағынаны тану

1. Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы

Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)

Өмір сүрген кезеңі:  ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 – 1450 жж.)

Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы

Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», – деген екен.

Қызметі:Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібек Жәнібектің ақылшысы болған.

Толғаулары:

Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері:

1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы): «Еділ бол да, Жайық бол».
2)  Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы): «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің»
3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған»
4) Болжалдық сарындағы толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма».

Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б.

Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың «Жерұйықты» (кейде «Жиделібайсын» делінеді) іздеуі атақты Томас Мор «Утопиясы» (1516 ж.) мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр.

Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы.

Ғалымдар бағасы:

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов)                                                                                                         «Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Әлкей Марғұлан).                                                       «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі – осы Асан қайғы»(Мұхтар Әуезов).

2. Үш жақты күнделік

Жаңа сөздер, терминдер

Туындаған сұрақтар

Баға

Утопия

Бұл не?

Утопия – қиял сөзінің синонимі

 

  1. Толғауды оқу, талдау

ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы «кеңістік» ұғымына енетін «жер бедері», «тау», «су» жүйелеріне қатысты жиі қолданылатын жалпы атаулар мыналар: шөл, көл, қара жер, қыр, қоныс, өзен, жайлау, дала, тас т.б.

Ал жалқы есімдер қатарын Еділ, Жайық, Көкшетау, Оймауыт, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Алатау, Ақжайлау, Сандықтас, Тарбағатай, Аягөз, Сарыарқа, Арқа, Алакөл т.б.

Жайық атауы шығармаларда өте жиі қолданылады. Тура мағынасында, Жайық – арнасы еш уақытта төмен түспейтін су молшылығының образы. Ал қосымша мағынасында, Жайық – ғашықтар елі, Қыз Жібектің елі секілді мағыналарға ие болатын атау.

Асан қайғы толғауында Жайық төмендегі тұжырымға ие болады:

Еділ бол да,

Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа (кеңпейілділік)

4. Мәтінмен жұмыс

Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық

Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай

Болымсыз етістіктер: ұрыспа, тұрыспа, куыспа, жуыспа, суыспа.

Фразеологизм: желке терісі құрысу – араздасу

Көркем тіл түрлері: ашу – дұшпан (метафора)

5. Пікір күнделігі

Шығармадан үзінді

Өз пікірім

Мақал-мәтел

 

 

 

  1. «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»

1)    Мәтінді оқу

2)    «Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді

3)    Жоғарғы «қосымша бұтақтарына» проблеманың себебі белгіленеді,

төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

4)    Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады

5)    Презентация

3)    Рефлексия

1. 5 минуттық эссе:Толғаудың маңызы неде?

2. Синкуейн (бес жолды өлең)

3. «Ұйқасын тап»

Адамдықты толғап өткен бұрыннан,

Жырау деген – қасиетті  ... .

Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,

Асан қайғы – неткен ғажап ...  .

ІҮ Үйге тапсырма

1. «Еділ бол да, Жайық бол» толғауын жаттау.

2. Тұжырым кестесін толтыру

Ү Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыраулар поэзиясы
9-сынып орта мерзімді жоспар 2 тоқсан әдебиет
Қорқыт ата, Асан қайғы, Әбунасыр әл-Фараби дана-ғұламалар әлеміне саяхат
XY-XYIIIғ қазақ ауыз әдебиеті. Қазақ фольклоры
Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
Шортанбай Қанайұлы
Жыраулық өнер туралы жалпы шолу
5 сынып. Аңыз әңгімелер
Аңыз әңгімелер “Асан қайғының жерұйықты іздегені” презентация
Жыраулар поэзиясы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 25068 | Қосты: katchikova zhanna maratovna | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык