|
|
М. Өтемісұлы «Қызғыш құс»
Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» ашық сабақ
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту;
- өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын түсіндіру.
- Тәрбиелік: Оқушыларды елін,жерін,Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
- Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқуларын,талдай білулерін дамыту; теориялық ұғымдарды саралай білу,өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру, ынтымақтастықпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ассоциация ,топтастыру, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең,ой толғау, инсерт кестесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биолигия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А) «Ой шақыру». Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп, топта ой бөлісіп, оны қорғайды. (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .
Ә) «Өлеңім- қаруым» ақынның «Соғыс» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, өлеңнің идеясы мен тақырыбына тоқталу.
Б) Топтастыру «Махамбет кім?»
ІІІ. Жаңа тақырып: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».
1. Өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу;
а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;
ә) өлеңнің идеясын түсіндіру.
2. «Мағынаны тану» -слайд «Артық болмас білгенің»
а) «Қызғыш құс пен лашын құс» түсінік беру
ә) Сөздік жұмысы
Көл қорыған – көлді мекендеген
Лашын құстың тепкіні- көлге жолатпау
Құсалықпен өту- уайым,қайғыға түсу,өкінішпен күн өткізу
3. «Тарихты білесің бе?» Жәңгір хан туралы дерек. (слайд көрсету)
4. Мәнерлеп оқу. «Қызғыш құс»өлеңін әр топтан бір оқушыға оқыту.
5. Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына тіліне талдау.
6. «Қызығушылықты ояту » . Әр топқа тапсырма беріліп «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылады.
Тапсырма:
І топ: «Махамбет - Қызғыш құс» Венн диаграммасы.
ІІІ топ: «5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты.
1. Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім+зат есім (2сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Тұрақты сөз тіркесі –
5. Түйін (сөйлем)
ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?
ІV. Сабақты бекіту: «Еркін жазу» -Махамбет батырға хат жазу.
V. Сабақты қорытындылау (рефлексия) «Инсерт»кестесін толтыру.
VІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам...» деген тақырыпта шағын ой толғау жазу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |