Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өмірің өз қолында!


Өмірің өз қолында!

Өмірің өз қолында!

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін  мектеп- балабақша

Берікқалиева Лидия Қуанышбекқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Өмірің өз қолында!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық,  СПИД, арақ, темекі  сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын–алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Жас балғындарды мектеп партасынан- ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге, ХХІ ғасыр басындағы СПИД ауруының алғы шарттарын болдырмауға баулу. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі:  Баяндау, сұрақ- жауап, сахналық көрініс.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, балалар салған суреттер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Балалар,біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз бұрынғы тәрбие  сағатынан өзгеше, себебі біздің, яғни сіздердің сабақтағы алғырлық, тапқырлықтарыңды байқау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр. Кәне, барлығымыз өз білгенімізді қысылмай ортаға салайық.

Сонымен, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз “Өмірің өз қолында!” деп аталады. Өздеріңіз білесіз, қоғам дамыған сайын, еліміздің жағдайы жақсарған сайын көлеңкелі жақтарымызда байқалып келеді. Оған өздеріңіз күнделікті өмірден көріп жүрген оқиғалар куә.  Арақ, темекі, нашақорлық, СПИД деген індеттер пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша 1 желтоқсан  Дүниежүзілік СПИД- пен күрес күні деп аталады. Сонымен бірге қоғамдағы басты індет темекі, арақ, нашакорлық болып отыр.

Қазір біз “Балалық” теңізіне ақ кеме арқылы саяхатқа шығамыз. Теңіздің арғы жағында “Үлкен өмір” елінде “Азамат” атты алып терек бар. Бірақ жолдағы аралдарды қарақшылар мекендеген. Егер сендер өздеріңе берілген сұрақтарға жауап бере алмасаңдар, ақ кеме қарақшылар қолына түседі. Егер дұрыс жауап берсеңдер, “Үлкен өмірдегі” алып терек  “Азаматқа” аман- сау жүзіп барасыздар.

Оқушылар сұраққа жауап берген кезде ақ кемені жылжытып отырады.

Сұрақтар:

 

  1. СПИД ауруы туралы не білесіз?
  2. Арақ пен темекі адам үшін қауіпті ме? Өз ойыңды айт.
  3. СПИД-ті жұқтырған адам сол күннен  бастап неше жыл өмір сүре алады?
  4. Арақ, темекі туралы қандай нақыл сөздер білесің?
  5. СПИД ауруымен ауырып, жер шарында неше миллионға жуық адам дүниеден өтіп, неше млн. бала жетім қалды?
  6. СПИД ауруы қорқынышты ма? Қалай ойлайсың?
  7. Не себептен балалар темекі шеге бастайды деп ойлайсың?
  8. Есірткі қолданып, оны тартқан адамдарды заңға тарта ма?
  9. “Салауатты өмір салты” дегенді қалай түсінесің?

 

Жақсы, балалар, сіздер “Азамат”  атты алып терекке жеттіңдер. Енді тақтаға қарайықшы, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-   Темекінің  суретін көріп тұрмыз.

Темекі әртүрлі ауруларды туғызатын, еңбекке қабілетін жоятын, денсаулықты әлсірететін, адам баласының өмірін қысқартатын жегі құрт.Темекінің түтіні шегушінің өзіне ғана емес, сондай- ақ оның айналасындағыларға да қатерлі. Бір ғана шылымқордың шеккен шаласынан бір мезгілде оның айналасында отырған 4 адам бірдей зәбір шегеді екен. ХХ ғасырда темекінің салдарынан 100 млн. адам көз жұмған.

- Тақтадағы келесі суретке назар аударайық. Нені көріп тұрсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Арақтың суретін көріп тұрмыз. 

   Қазақ халқының осыған дейін көрген қасіреті- кешегі кеңес үкіметі тұсындағы “шаш ал десе бас алатын” ұр да жық саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын- сүргін, жерді де, елді де тоздырған тың көтеру, экология тағы басқалар. Сол апаттардың бәрінен де қауіптісі, адамзаттың санасын улаған жауыз қасірет бар, ол- арақ. Бұл адам баласының өзі тілеп алатын, өзі сатып алатын айықпас дерті.

Оқушылар орындауындағы арақтар мен қымыз арасындағы айтыс ұсынылады.

(Оқушылар арақтың суреті салынып, аттары жазылған арақтың шынысы тәріздес қиылған қағазды ұстап оқушылар шығады.)

   “Аяжан” арағы.

 Атым нәзік болғанмен,

 Өзім дағы алыппын.

 Тоңсаң мені іш,

 Көптен сізбен танысып.

“Өмірбек” арағы.

Өмірде бар сан-сан түрлі қиындық,

Солардың бәрі адамды қояр дел- сал ғып.

Қайғырғанда мені іш, ей, адамзат,

Бір пәлеге жолықтырамын жынды ғып.

Ақтөбе” арағы.

Иелендім есімін ірі қаланың,

Қалайша мен шеттеу тұрып қаламын.

Ұялшақсың ба, мені ізде, мені іш.

Батыл болып шығасың сен, ағайын.

“Бүркіт” арағы.

Бойымда менің күші бар алып қыранның,

Көңіліме жақпағанды қырамын.

Ыржаңдатып күлдіремін, қисаңдатып жүргіземін,

Ар- ұяттан әп-сәтте айырамын.

“Райымбек” арағы

Иелендім батыр баба есімін,

Сондықтан да көп болады әл- күшім.

15 тәулік айықтырғышқа қонасың.

Ештеңе де болмайды, мені ішкін.

Қымыз.

Ей, нәлеттер, аулақ кеткін, аулақ кет!

Өз түбіңе,эжексұрын-ау, өзің жет.

Адамзаттың есімін сен қор қылма.

Райымбек баба атынан садаға кет!

Ұрпағымның санасын улатпаймын,

Бар денесін жауызға жайлатпаймын.

Кет деген соң, тфу, кәпір кет енді,

Қазағымның жүрегін жаралатпаймын.

Кет! Кет! Кет!

Мұғалім: Шынында да , балалар қазіргі таңда қымыз бен боза, шұбат, айрандар сирек кездеседі, ал керісінше, арақтан аяқ алып жүргісіз болдық. Арақ ішсең әп- сәтте быт- шытын шығып, аңға, хайуанға айналасың. Барлық қайғы, сор, ұрлық- бәрі арақтан басталады. Зерттеу барысында мерген 100 ұпайдан 96 ұпай алу керек болса, 50 гр. Арақтан кейін 100 ұпайдан 26-ақ ұпай алған.

 Міне, 50 гр.арақтың өзінің зиянын осыдан көруге болады.

Сондықтан бос уақыттарыңызда карта ойнап, темекі тартып, магнитафоннан шетелдік әуендерді тыңдап, босқа уақыт өткізгеннен гөрі пайдалы іспен, әдеби кітап оқумен, спортпен шұғылданған тиімді де пайдалы.

- Балалар , енді тақтадағы сөзжұмбақты шешіп көрейік:

С

       

А

               

Қ

           

Т

                 

А

       

Н

             

 

  1. ХХІ ғасыр індеті.(СПИД)
  2. Спирт ішімдігі құрамындағы зат.(алкаголь)
  3. Заңмен жазаланатын қоғамға жат қылық (қылмыс)
  4. Көп таралған ауру.(туберкулез)
  5. Маскүнемнің “сусыны”(арақ)
  6. Темекідегі улы зат.(никатин)

Мал

Байлық

Машина

Ақша

Денсаулық

Білім

Дүние

 

- Балалар, сіздер “Байлық” деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 

Тамақ

Денсаулық

Табиғи күн

Спорт

Тазалық

Саябақ

 

Ал енді “Денсаулық” сөзін қалай түсінесіңдер?

Сонымен, балалар, қандай мақал бар еді?

- Дұрыс айтасыңдар. Денсаулық- зор байлық.

Дені сау адам өмаірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады  деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.

 Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

 Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

 Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

 Өмірің бар алда әлі солмайтын.

 Кесір сумен санаңды сен улама,

 Көкірек қапқан көк түтінге жолама.

 Өзіңді қорға, ортаңды қорға, ағайын.

 Саулық керек, өмір керек адамға.

 Ей, адамзат!

 Өмір керек саған да, маған, оған да,

 Есіңде сақта, осыны ұста жадыңда.

 Жас өмірің ерте солсын демесең,

 Кесірлерден бөлек жүргін алшақта.

 Пешенеге жазылған ғұмырыңның

 Тамырына, ұрпағым, балта шаппа!

Осымен бүгінгі “Өмірің өз қолында!” атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Нашақорлық
“Денсаулық-басты байлық”
Денің сау болса, жарлымын деме.
Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен
Есірткісіз болашақ !
Алтынсарин әңгімелері
Тұқым тозбасын, ұл-қыз азбасын
ЖИТС- ғасыр обасы
Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз
Арал қалалық №13 орта мектебіндегі психологиялық қызмет жайлы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3918 | Қосты: Бериикалиева Лидия Куанышбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык