Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Денің сау болса, жарлымын деме.


Денің сау болса, жарлымын деме.

Денің сау болса, жарлымын деме.

Мақсаты:     Оқушылардың  салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екенін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттерден аулақ болуға үндеу, денсаулық сақтауға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға және өз істерін кейінгілерге  үлгі ете білу. Спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға  тәрбиелеу.

1-жүргізуші:        

Кеш жарық,құрметті ұстаздар, ата-аналар.

2-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым!

1-жүргізуші:

Уа,халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық-терең байлық» деген сөзді

Құр айтпаған кешегі бабамыз да.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қашанда салауатты өмір салтын уағыздайды. Жақсы тұрмыс, уайымсыз өмір, ұзақ ғұмыр, жан мен тәннің саулығы-салауаттылықтың негізі.

1-жүргізуші:

Халқымыз «Бірінші байлық-денсаулық» деп тегін айтпаған. Адамға ең бірінші денсаулық керек. Адам денсаулығының жақсаруы салауатты өмір сүрумен байланысты.

2-жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсетілген.

1-жүргізуші:

Сол бағдарламаға сәйкес, өткізгелі отырған «Денің сау болса,жарлымын деме» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

-Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр:

«Дені сау сәби- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби- халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деген екен. Ендеше, дендері сау болу үшін балаларымыздың бойына  қандай жақсы  қасиеттерді сіңіруіміз  керек?

1-жүргізуші:

-ерте тұру

2-жүргізуші:

-спортпен айналысу

1-жүргізуші:

 Үнемі денеңді таза ұстау

2-жүргізуші:

Сергек жүру

1-жүргізуші:

Артық тамақ ішпеу

2-жүргізуші:

Көп ұйықтап жалқау болмау

1-жүргізуші:

Салауатты өмір салтын сақтау

2-жүргізуші

Зиянды нәрселерден аулақ болу

1-жүргізуші:

 Біліміңді саралап,

Төрелігін айтатын.

Қара қылды қақ жарып,

Әділдігін айтатын

Әділқазы алқасын таныстырайық.

2-жүргізуші:

Уа,халайық, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған даналар,дарамыз да.

1-жүргізуші:

Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

2-жүргізуші:

Сайыстың шарттарымен таныстыру.

1.«Сәлем берем  халқыма»

2. «Ой қозғау»

3.«Білімді бірді жығады ...» 

  1. «Мақал-сөздің  мәйегі»

5. Берілген   тапсырманы оқып, сахналау.

6 . Өнер сайысы. 

  1. Спорттық сайыс. 

Сәлемдесу-атадан қалған салтымыз,

Осы салтты ұстанады халқымыз.

Сайыскерлер, өнерді сал ендеше,

Амандасып көріңіздер өзгеше.

1«Сәлем берем  халқыма»  Әр топ өз атын,ұранын айтады.

1топ:  «Жігер».

 Ұраны: «Жігерлі адам  ешқашан жеңілмейді».

Сәлем бердік ауылға,

Үлкен кіші қауымға

«Жігер» тобы боламыз

Таныстырдық баршаға

2 топ: «Болашақ» 

Ұраны: «Болашағымыз дені сау ұрпақ қолында»

Тобымыздың аты «Болашақ»

Келгеніміз жоқ  жай бірақ.

Денсаулығымызды қорғауға

Шықтық біз де топ құрап.

2. «Ой қозғау» . (топтар бір минут ішінде өз аймағымызда өсетін дәрілік шөптерді жазып шығу керек.)

Сайыскерлер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

Ол кім? Бұл не? Бөлімінде

Танымдықпен,білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын.

  1. «Білімді бірді жығады ...» екі топқа  сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: Адамға өмірде не қымбатырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сондағы Сократтың жауабын өз ойларыңызбен айтыңыздар.(«Байлық та, атақ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ»- деген екен)

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық қазақстандықтарға арналған «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керектігін атап көрсеткен. Бұл қандай бағыттар?

(1бағыт- темекі шегуді тоқтату, 2 бағыт- маскүнемдік пен араққа қарсы күрес,3 бағыт-нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес

  1. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы  қандай?(адам  тіршілігіндегі күнделікті өмірдегі қимыл-әрекет тамақтану,ойлау, әдетқұмарлық, тұрмыстық қарым-қатынас, қимыл әрекеттер жүйелерінің жиынтығы)
  2. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшылардыбілесіздер?( И.Илин, С.Сәпиев, О.Рыпакова, Ә.Ниязымбетов, З.Чиншалло,  Г.Головкин ,М.Мәзімбаев, Қ.Исламов т.б)
  3. Жазғы спорт түрлерін атаңыз. (велоспорт,ат спорты,жеңіл атлетика, гольф, теннис, футбол, суда жүзу т.б)
  4. Қысқы спорт түрлерін атаңыз. (биатлон,тау шаңғысы спорты, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау,фристайл,хоккей,шорт-трек т.б)
  5. Темекі құрамындағы улы зат?(никотин)
  6. Құрамында этил спирті бар. Ол не?( ішімдік)
  7. СПИД ауруы неліктен қорқынышты?

(Емі жоқ, ауырғаннан кейін небәрі 5-7 жыл өмір сүреді)

  1. «Мақал-сөздің  мәйегі». (жалғасын табу)

  Тазалық-саулық негізі,

Саулық-байлық негізі

Ауруын жасырған өледі 

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде 

Аурудың жақсысы жоқ, 

Дәрінің тәттісі жоқ

Тәні саудың,жаны сау 

Ұзартқың келсе өмірді

Таста арақ пен шылымды. 

Денсаулық-зор байлық

Ішпеген, шылым тартпаған

Денсаулығын сақтаған

Болар бала кісілікке үйір,

Тозар бала ішімдікке үйір

Есірткіге жолама,

Жетелейді молаға

Денсаулық қайда,

Сұлулық сонда.

Арақпен достастым дегенше,

Ауырмайтын жол ізде

Әуелгі байлық-денсаулық

Екінші байлық-он саулық

Үшінші байлық- ақ жаулық

Салауатты өмір салтын қолдайық.

Жаман әдеттен әрқашан да аулақ болайық.

Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық.

5. Берілген   тапсырманы оқып, сахналау.(әр топқа шылымның, ішімдіктің зияны туралы тапсырма беру)

6 . Өнер сайысы.(әр топ  бір өнер түрін көрсету)

Залдағы көрермендермен сергіту сәтін өткізу.

  • Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын
  • Үйде жаттығу жасайтындар оң қолын көтерсін
  • Таңертең және кешке үнемі тісті тазалайтындар сол қолын көтерсін
  • Арақты зиян деп түсінетіндер екі қолын төмен түсірсін
  • Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орында тұрып жүгірсін
  • Бақытты да ұзақ жасағысы келгендер алақандарын соқсын
  • «Денсаулық-басты  байлық»  дегенді қолдайтындар орындарына отырсын.

1-жүргізуші:

Мына мысалға көңіл аударалық.

2-жүргізуші: Астында шетелдік машинасы, екі үйі бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма?Жоқ

1-жүргізуші:

Мың доллар ақшасы бар,бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма?Жоқ.

2-жүргізуші:

Ендеше, дүниедегі ең басты бақыт не екен?

1-жүргізуші:

Денсаулық

2-жүргізуші:

Ал, денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

1-жүргізуші:

Шынығып, спортпен дос болуымыз керек.

 

Ендеше, кешімізді  «Спорт –біздің досымыз» атты    спорттық сайыспен жалғастырсақ...

  1.  Шырынды тауысу.
  2. Доппен жүгіру.
  3. Қаппен секіру
  4. Арқан тартыс  сайысы
  5. Гир көтеру.
  6. Себетке доп түсіру.
  7. Қол күшін сынау

 

Әділқазыларға сөз беру.  Қатысқан топтарды  марапаттау.

 

Қорытындылау.

1жүргізуші:

Салауатты өмір салтын сақтаңыздар,

Егеменді ел сенімін ақтаңыздар.

Денсаулығы- зор байлығы адамның,

Ізгі жандар, текті ұрпақты баптаңыздар!

 

2-жүргізуші:

        Шығыста «сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» деген ерекше сөз бар екен.  Біздің елімізде дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын, дене тәрбиесі,спорт түрлерін дамыту туралы заңға қол қойылды. Бұл- үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға көңіл бөлудің айғағы.

           Салауатты өмір салтын қолдайық,жаман әдеттен әрқашан аулақ болайық, балаларымыздың бойына осындай тек жақсы қасиеттерді сіңірейік! -деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Толағай» эстафеталық ойын
Салауатты болсаң, сау боларсың.
«Салауатты өмір салты»
Дені саудың – жаны сау.
Тәуелсіздік – арманым, сыйымды саған арнадым!
«Толағай»
Дені саудың – жаны сау
“Денсаулық-басты байлық”
Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық
Салауатты өмір салты
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3534 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык