Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ыбырай Алтынсарин-ағартушы


Ыбырай Алтынсарин-ағартушы

 Ыбырай Алтынсарин-ағартушы

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин-ағартушы

Лексикалық  тақырып: « Тәрбие-  адамдықтың түп қазығы»

 

Сабақтың мақсаты:       

            а) Білімділік:         Ыбырай әңгімелерінің тақырыбын, идеясын меңгерту. Көркем қара

                                             сөзбен жазылып, баяндап, айтуға негізделген шығарманың әңгіме

                                             болып табылатындығын ұқтыру.

            ә) Дамытушылық:  Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,

                                                өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу  

                                                мәдениетін  жетілдіру.

            б) Тәрбиелік:  Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін

                                    шығармалар оқиғалары негізінде аша отырып, мейірімділікке,     

                                 талаптылыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:       аралас.

Сабақтың әдісі:       Сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, мазмұндау, салыстыру

Сабақтың көрнекіліктер: қима қағаздар, компьютер

Сабақтың пәнаралық байланысы:әдебиет,информатика, орыс әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:  

            І. Ұйымдастыру:топтармен таныстыру « Еңбек», «Талап», «Мейірім»

         « Ұстазым» өлеңін тыңдайды , қандай тақырыпты өтеміз деп ойлайсыңдар?

Дұрыс, бүгін біз Ыбырай Алтынсарин туралы сөз етпекпіз.

Ыбырай кім?

                                                                                                     

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен – аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

                                               Балқожа

 

Туысы: Мариям Хакимжанова – ақын,  дарынды   аудармашы                                                   

                     Хронологиялық кесте “Жылдар сөйлейді”

1841

1850

1857

1859

1860

1864

1879

1879-1883

1887

1889

Жылдар

Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазан

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы

 «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы

Қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

                                   Зымыран сұрақтар

1. Ыбырай шығармаларының тақырыптары қандай?

2. Ыбырай неліктен қазақ қыздары үшін мектеп ашты?

3. «Қазақ хрестоматиясының» жазылуына қандай қажеттіліктер себеп болды?

4. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясы неде?

5. Әлеуметтік теңсіздік мәселесіне арналған қандай өлеңдері бар?

6. Табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдері бар.

7. Қандай поэма жазған?

Ыбырай шығармашылығы

 1.   Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

Табиғат туралы   «Өзен»,          «Жаз».

2.   Әлеуметтік теңсіздік туралы өлеңдері:

«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері»

3.   Орыс жазушыларынан аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

Аударған шығармалары: К. Д. Ушинский  ,И. А. Крылов  , Л. Н. Толстой

  1. “Қайырымды түлкі”
  2. “Қарға мен түлкі”
  3. “Екі шыбын”

4)“Бір уыс мақта”

5)“Ақымақ дос”

     6)«Бақша ағаштары»  

ІІІ. Жаңа сабақ. Топтастыру

 

      Ақын, жазушы, ғалым, ұстаз, шағын әңгіме шебері , ағартушы, аудармашы.

Ақын, ғалым, ұстаз, аудармашы екенін  анықтадық, ал енді не айтылмай қалды?

Иә, бүгін бүз Ыбырайды жазушы, әңгіме шеберін дәлелдеуіміз керек.

 « Тәрбие-  адамдықтың түп қазығы»

      Ал біріншіден, әңгіме деген не екенін айтып кетейік.

    Әңгіме деген не? ( Оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма).

Ыбырайдың қандай әңгімелерін білесіңдер?

Әңгімелері:  «Лұқман хакім», «Әке мен бала», Таза бұлақ», «Жомарт», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Талаптың пайдасы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», « Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Зеректік», «Малды пайдаға жарату», «Дүние қалай етсең табылады», «Білгеннің пайдасы», «Таза бұлақ», «Әдептілік», «Жамандыққа жақсылық», «Данышпан қазы»

                                             Әңгіме тақырыптары

 

                                                                       Еңбек

                         Адамгершілік                                                  Білім- өнер

 

             Қайырымдылық                             М                             Мейірімділік 

 

                         Шыдамдылық                                         Ақылдылық

                                                    Әділдік           Достық

Ал мына мақал- мәтелдерге қай әңгімелер сай деп ойлайсыңдар?

 

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың:азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың. (« Әке мен бала»)

 

Тіршілік тірегі-  еңбек

Адал еңбек - мұратқа жеткізеді (« Атымтай Жомарт»)

 

Тәрбие басы - тал бесік

Бағу- қағуда көп мағына бар («Бақша ағаштары»)

 

Жақсының үлгісі - жанып тұрған шамдай («Әдептілік»)

 

Жақсылыққа жақсылық-

Әр кісінің ісі дүр

Жамандыққа жақсылық-

Ер кісінің  ісі дүр («Жамандыққа жақсылық»)

 

Қайырымдылық  жасасаң –

Қайырымын өзің көресің ( Малды пайдаға жарату)

 

Сабыр түбі-  сары алтын ( « Асыл шөп)

 

Адамгершілік болмай, әділдік болмайды (Аурудан аяған күштірек)

 

Енді ,балалар, сол бөліп берген әңгімелерге нақтылап  тоқталайық.

Кубизм стратегиясы бойынша әңгімелерді талдайық.

 

Мазмұндау

Түсіндіру

Сипаттау

Байланыстыру

Сатылай кешенді талдау

Шығарма аты:

Жанры:

Тақырыбы:

Идеясы:

Кейіпкерлері :

Тәрбиелік түйіні:

Өз пікірің:

                               Шығармашылық жұмыс

                       Еңбек, мейірім, талап өлең құрастыру

 

                          Артық кейіпкерді тап

 

- Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, қоңыз

- Молда, бақташы, саудагер, жас жігіт

- Зылиха, әкесі, Бәтима

- Асқар , Абдулла, Нағым

 

                              Сәйкестендіру тесті

 

Әңгіме атауы

Үзінділер

 

Мынау ағаш неліктен тіп- тік, ана біреуі неге қисық біткен?

 

“Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір  шөп салдым”,-деді Бәтима

 

Егіні піскен соң, орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті

 

Жерге түскен шиені жалма- жан жерден алып, аузына салды

 

“ Тапқан  малымның бір  бөлімінен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін”

 

IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

1. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының ерекшелігі неде?

2. Ыбырай алтынсариннің әңгімелерінің идеялық қуаты неде?

 

V. Қорытынды. Сонымен бүгінгі сабақтың негізгі түйіні неде?Сабақтан қандай әсер алдыңдар? Неге үйрендіңдер?

VI. 1. Бағалау.

      2. Үйге тапсырма:  «Ыбырай шығармаларындағы балалар бейнесі»  шығарма жазып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ы.Алтынсарин " Әке мен бала"
Салақтық. Ы.Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері
Тұңғыш ағартушы-ұстаз
Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай-шағын әңгіме шебері
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 7824 | Қосты: Тоғжан Мүдіқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык