Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ыбырай Алтынсарин


Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ыбырай Алтынсарин туралы түсінік беру;
2.Дамытушылық: тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту; түсініп сөйлеу; коммуникативтік машықтарын дамыту;
 3. Тәрбиелік: ғалымның өмірімен таныса отырып, оған деген мақтаныш, құрмет сезімін баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, интерактивті тақта, сызбалар, қосымша материал.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: коммуникативтік жаттығулар, аудирование, әңгімелеу, ақпараттық- коммуникативтік.
Сабақтың барысы.
1 Кіріспе.
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбы  интерактивті тақтада көрсетіледі:
Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан табылар.
Балалар, бұл өлеңді кім жазғанын білесіңдер ме? Бүл өлеңді барлық балалар жатқа біледі.
- Ыбырай Алтынсарин.
2.Қайталау
1.Өткен сабақтардың жаңа сөздері хормен айтылады.
2.Оқушыларға үлестірме карточкалар беріледі.
3. Тапсырма: Бағдар сызықпен көрсете отырып, екінші бағанадан аудармасын табыңдар:  (интерактивті тақта)
  Ағартушы разносторонний   
Бітірген соң  просветитель
Хат таныған  занимается
Шаһар  город
Айналысады  окончив 
Жан-жақты  обучался грамоте
Тіл ұстарту.  (Аудирование)
1.Оқушылар «Ыбырай Алтынсарин» атты мәтінді тыңдайды.
  «Ыбырай Алтынсарин 1841жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін қазақ балаларына арнап ашылған мектепке оқуға береді.
Мектепте ол алғаш татар тілінде оқиды. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды. 
   Дарынды педагог 1879  жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, бастырды.
    Ыбырай Алтынсарин «Өзен», «Жаз», деген өлеңдері табиғат туралы.
 Оның « Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін қазір барлық балалар жатқа біледі. Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алсаң да, балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады. Ы. Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған. Ол өз халқын жоғары бағалаған. Ол өз халқын сүйген патриот адам». 
 Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінгендерін тапсырмалар арқылы тексеру.
Тапсырма: Мына мәтінде берілген сөзбен сөз тіркестерді орысшаға аударыңдар:  қайтыс болды, немересі, қазақ балалрына арнап, тілмаш, қазақ тіліне аударды адалдық, жоғары бағалайды.

Тапсырма:     Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің әрбір бөлігін мазмұндап беріңдер:
Тірек сөздер:
 1 бөлігі - Торғай облысында, ерте қайтыс болды, атасы Балғожа      тәрбиеледі,  татар тілінде, халқы үшін, мұғалім болып істейді;
 2 бөлігі -  дарынды педагог, бастырды, өлеңдері,табиғат туралы; 
 3 бөлігі - адалдыққа шақырады, жатқа біледі, жоғары бағалаған.
Тапсырма:  Тірек сөздерді пайдаланып, өзара сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу
Күтілетін нәтиже:
-Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қайда туған?
-Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған.
-Ыбырайды кім тәрбиеледі?
-Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі.
-Мектеп бітірген соң, кім болып істейді?
-Мектеп бітірген соң, ол мұғалім болып істейді.
-Ол қазақ балалары үшін не ашты?
-Ол қазақ балалары үшін мектептер ашты
-Ы. Алтынсарин кім болған?
-Ы. Алтысарин педагог, ақын, жазушы болған..
         Тапсырма: Мына жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасаңдар:
  1. Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болды.  Ол атасы Балғожа бидің   тәрбиесінде өсті. 
   2. Ыбырай Орынборда  жетіжылдық мектепті бітірді. Ол атасы Балғожа бидің хатшысы болды. 
 Тапсырма:  Төмендегі сызба бойынша Ыбырай Алтынсарин туралы әңгіме дайындау. Топтық жұмыс. Байланастырып сөйлеу.

 


4. Рефлексия
    1.Қазақ халқы Ы. Алтынсаринді қалай бағалайды?
    2. Ы. Алтынсариннің есімімен нелер аталды?
 Үйге тапсырма: «Ы. Алтынсарин» деген тақырыпқа реферат жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ы.Алтынсарин " Әке мен бала"
Салақтық. Ы.Алтынсарин.
Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, ұстаз
Тұңғыш ғалымдар
Нәтиже сабақ
Алтынсарин әңгімелері
Таза бұлақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10465 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык