Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЖАС ҰРПАҚТЫ ЭТНОТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ


ЖАС ҰРПАҚТЫ ЭТНОТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

Ә. Қ.Уәли

(қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің Чапаев негізгі мектебі» ММ,

Қостанай қаласы,

Пән мұғалімінің ғылыми-зерттеу шығармашылығы)

ЖАС ҰРПАҚТЫ ЭТНОТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

В статье рассматриваются особенности воспитания этнотолерантности молодого поколения. Автор раскрывает содержание пути формирования их личности.

The features of education of etnotoleranosti of the young generation are examined in the article. An author exposes maintenance of way forming of personality. 

Бүгінгі таңда халықтар арасындағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, толерантты жеке тұлғаны тәрбиелеу Қазақстан қоғамының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Өйткені Қазақстан Республикасының территориясында 130-дай ұлт өкілдері өмір сүріп отыр. Ортақ тарихи тағдыр біріктірген, алуан түрлі мәдениеті мен тарихы бар жүздеген халықтың ортақ үйіне айналған қазақ жерінде өркениеттердің, мәдениеттер мен түрлі діни сенімдердің қатар бейбіт өмір сүруі болашағымызды айқын көруге мүмкіндік береді. [Айталы А.]

Орысша-қазақша түсіндірме сөздігінде Толеранттылық (ағылш. tolerance – төзімділік, көнбістік) – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық – адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық – қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші. [Масанов Н.Е. және т.б.]

Қазақстанның көпұлттылығы, шындығында, қай кезеңде де оның байлығы болып табылады. Сондықтан ұлттар арасындағы келісім мен бірлікті қамтамасыз ету қазақстандық қоғамның басты мәселесі болып отыр. Бұрынғы Кеңестер Одағы Конституциясында да адам ең жоғары құндылық санатына  жатқызылды. Алайда бұл іске аспай, қағаз жүзінде ғана болды. Қазақстан егемен ел болып жариялануымен өз Конституциясын қабылдап, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлтына, дінге көзқарасына, сеніміне қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік берілді және азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынды.[Назарбаев Н.Ә.]

Толеранттылық мәселесі Елбасы назарынан ешқашан тыс қалған емес. 1997 жылдың «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», ал 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануы мұның айғағы.

Ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігі тақырыбының өзектілігі Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз. Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла беруі тиіс» деп ерекше атап көрсетілді. [Назарбаев Н.Ә.]

Президенттің 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі жөнінде мәдениетаралық және конфессияаралық үндесудің маңызды халықаралық орталығы ретінде Қазақстанның рөлін жоғары деңгейге көтеру керектігі баса айтылған. Өйткені әлемде қантөгіс соғыстар мен дау-жанжалдар орын алып отырған кезеңде әлемдік және дәстүрлі дін басыларының I және II съездерінің біздің елордамыз – Астанада өтуі көрнекті саясаткерлер мен қоғамтанушылар тарапынан ұлтаралық қатынастардың қазақстандық моделі мойындалғанын көрсетеді. Парламентте Қазақстан Халқы ассамблеясына өкілдік етуге мүмкіндік беруі де осыны дәлелдейді.[Орысша-қазақша түсіндірме сөздік]

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, стратегиялық потенциалы. Қазақстан жастарының әлем үшін жаңа Қазақстанды одан әрі дамытып нығайтудың ортақ ісіне жұмылуы үшін біріншіден, бірлік пен татулық қажет. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді қазақ даналығы. Олай болса, толеранттылықтәрбие жастарды ортақ мақсат – Қазақстанды өркендету ісіне топтастырудың жетекші факторы болуға тиіс.

Сондықтан өз халқыңның мәдениетіне және этносына деген қызығушылықтың басым болуына қарамастан, этностардың ерекше диалогінің болашағы зор.

Халықтардың ұлттық санасының өсуі, ұлттық дәстүрлердің қайта жаңғыруы, Қазақстанға этникалық топтардың миграциясы жастар тәрбиесіне жаңа талаптар қойып отыр:

- Қазақстан халықтарының ұлттық ойлауының, рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін білу;

- Жастар арасындағы ұлттық келіспеушілікке байланысты дау-жанжалдарды шеше білу.

Алдағы уақытта толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер толерантты қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше, толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Толеранттылық бізді ассимилиацияға түсірмеуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік саясатты барынша айқындап алуымыз шарт. Сонда ғана толеранттылық біздің мақсат-мүддемізге жұмыс істейтін болады. Жақында Ассамблеяның кезекті сессиясында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, қазақ тілі – елімізді мекендейтін халықтарды тұтастыратын негізгі құрал деп ашық айтты. Бүгінде Елбасының тапсырмасымен орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытатын оқу бағдарламалары күшейтіліп жатыр. Көздеген меже бойынша 2020 жылы еліміздің мектеп бітірушілері қазақ тілін білуі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанды мекендейтін халықтардың 80 пайызы қазақ тілін білуі тиіс. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Тіл – халықтың қорғаны. Алдағы уақытта мемлекеттік тілді білмейтін азаматтар, қазақ тілінің тұғырына қонуын қоғамдық қайшылық деп қарамау керек. Толеранттылық – үдеріс, қоғамның даму арнасы. Оның тамырлары тарихи және рухани тәжірибеде жатқанымен, оны нақты жүзеге асыру біздің бәрімізге байланысты. [Шаяхметова М.]

Әдебиет сабағында Қазақстандық патриоттық сезімді оқушы бойында қалыптастырудың жолдары төмендегідей:

 - көрнекті қайраткерлердің, қарапайым халық өкілдерінің әдебиеттегі және алдындағы еңбегін көрсету;

-         ұлттық мәдени құндылықтарымызды оқушылар бойына сіңіру;

-         туған өлке материалдарын тиімді пайдалану;

          -    Қобыланды батыр жырындағы өлкемізге байланысты жер-су деректерін пайдалану;

Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Айталы А. Ұлттық және азаматтық сәйкестілік. // «Ақиқат», 1997 жыл, № 9.

2.Масанов Н.Е., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В., Алексеенко А.Н., Баратов Г.С. История Казахстана: народы и культуры. – Алматы, 2000г.

3.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы// «Егемен Қазақстан». 2 наурыз, 2006 жыл.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы// «Егемен Қазақстан». 1 наурыз, 2007 жыл.

5.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша /2006 ж.,509 б.

6.Шаяхметова М. Толеранттылықты қалыптастырудың кейбір педагогикалық мәселелері //Ұлт тағлымы – 2008.- N2.23-26 бет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
«Қазақстан Республикасындағы тіл жөніндегі саяси мәліметтер».
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Қазақстан-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН
Айбары асқақ Ата Заң » тәрбие сағаты
Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
Тұңғыш Президент
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 2696 | Қосты: Уәли Әсел Қайрханқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык