Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алкиндер. Алкиндердің құрылысы. Изомерлері мен атаулары


Алкиндер. Алкиндердің құрылысы. Изомерлері мен атаулары

Сабақтың тақырыбы: Алкиндер.Алкиндердің құрылысы. Изомерлері мен атаулары

Сабақтың мақсаты:  Көмірсутектердің жаңа түрімен таныстыру

Білімділік:           Органикалық  қосылыстардың құрамындағы  химиялық                               
                               байланыстың  заттың құрылысына байланыстылығы туралы  
                               білімдерін қалыптастыра отырып, оқушылардың өз бетінше  
                                жауап беру біліктілігін  жетілдіру.
Тәрбиелік:            Химия пәні талап ететін ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа ,
                                 жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қаныққан көмірсутектерді біле отырып алкин,оның  қарапайым   
                               өкілі  ацетиленнің құрылысы,изомерлері және атауына  
                               байланысты жаңа ұғымдарды қалыптастыру ,заттармен жұмыс     
                               істей білу дағдысын  және тапсырмалар арқылы 
                               шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:         Этан,этилен,ацетиленнің құрылысы бейнеленген кестелер
                                Ацетиленнің құрылысына арналған слайдтар,үлестермелі                   
                                материалдар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Сабақтың жүру жоспары:   І.Ұйымдастыру
                                                  ІІ.Қызығушылықты ояту
                                        
 Арнайы сұрақтар арқылы өткен көмірсутектер туралы білімдерін тиянақтау және қайталау.
1.    Органикалық қосылыстардың негізгі түрлерінің қайсысымен таныспыз?

2.Танысқан көмірсутектердің негізгі өкілдерін атап,онда химиялық байланыстың қандай түрі кездесетінін атаңыз?

3. Алкан,алкен,диен көмірсутектердің атауларының негізгі ерекшелігі неде дееп ойлайсыңдар? Атауларды қорғап шығу
4.Қаныққан көмірсутектер деп аталуы неге байланысты?
5.Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады?
6.Байланыстың қандай түрімен таныспыз?
7.Гибридтену дегеніміз не және оның қандай түрін білеміз?
8. Төменде берілген сызбаны химиялық тілмен сауатты қорытындылап айтып беріңіз.
(Этан,этилен,диен көмірсутектері туралы сызбалар)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
            Мағынаны тану кезеңі
Төменде берілген заттардың ішінен бұрын өткен көмірсутектер класының ешқайсысына жатпайтын заттарды табыңдар:

1. СН3 – СН3                   
2. СН2 = СН2    
3. СН ≡ СН  
4. СН2 = СН - СН = СН2

Оқушылар осы кезге дейінгі көмірсутектердегі химиялық байланыстарды,олардың ерекшеліктерін біле отырып құрамында  үш байланыс бар көмірсутектермен танысамыз. Алғашқы өкілінің формуласын біз анықтап білдік. Формулаға қарап отырып мағынаны тану үшін өздерін осы қосылыстардың жалпы формуласы,аталуы,байланыс (σ және π ) түрі, жұрнақшаныі атауы туралы не айта аласыңдар?
 1. Ацетиленнің формуласы   С2Н2
 Электрондық формуласы және құрылымдық формуласын жазып шығамыз.
2.Жалпы формуласы  - СпН2п-2
3. Алкиндерге атау беру: - ин жұрнағы
4. Физикалық қасиеті – түссіз,улы,суда аз ериді,ауада жеңіл. Мr= 26, ауада оттекпен жанғанда копарылыс береді.
5.Құрылысы: Әрбір көміртек атомы екі атоммен байланысқан. Ацетиленнің құрылысын sp– гибридтенумен түсіндіруге болады.
 Яғни әрбір көміртегі атомының 1s және 1p электроны гибридтенуге қатысып,нәтижесінде 2 гибридті бұлт түзеді,бұрыш шамасы 1800,молекула пішіні  сызықтық.
Ацетилен молекуласында көміртек атомдары  sp-гибридизация күйінде болады. Бұл көміртектің әрбір атомы өстері бір сызықтың бойында бір біріне 180° бұрышпен жататын екі гибридті  sp орбиталдары болатынын және қалған екі  p- орбиталдардың гибридтенбей қалатынын көрсетеді. 

Ал гибридтенуге қатыспаған әрбір көміртегінің 2 р электроны 2π байланыс түеді. Сондықтан ацетиленнің молекуласында 3 σ және 2π  байланыс болады.

а) σ- байланыстың түзілуі                                       б)  π- байланыстың түзілуі

 
Алкиндерге жүйелеу номенклатурасы бойынша атау беру үшін: 
А) ұзын көмертегі тізбегі алынады
Б) қай жаққа үш байланыс жақын сол жақтан бастап көміртегі атомын нөмірлейді
В) тізбектегі көміртек атомының санына байланысты –ин жұрнағы жалғап, үш байланыс орналасқан көміртек номері және радикал  көрсетіледі.

 Мысалы :  пентин-1, пентин -2, 2, метил пентин-1 


1. СН3 –СН2-  СН2 - СН2 – С ≡СН                4. СН3 – С ≡ С – С Н2– С Н2– СН3
                      гексин-1                                                                гексин-3
 Изомериясы.
Оқушылар егер алкиндердің изомериясы алкендер мен диендердің изомериясына ұқсас болса,қандай тұжырымға келер едіңіздер?

1)    көміртегі қаңқасына
2)    үш байланысқа байланысты болады.

ІV. Ой-толғаныс. Салыстыру стратегиясы. Венн диаграммасын құру

Ортақ белгі :  Екеуі де қанықпаған көмірсутектер

V. Білімді тиянақтау
А)Төмендегі алкиндерге номенклатура бойынша атау беріңдер:

1. СН3 – СН2 - СН2 – С ≡СН

2. СН ≡ С - СН– СН – СН3
                               ∣          ∣
                           СН3 СН3

3. СН3 – С ≡ С – С Н2– СН3
Б) Сұрақтар арқылы оқушы білімін тиянақтау,сабақ мәтінімен жұмыс:
1.Алкиндердің қарапайым өкілі,формуласы
2. Қандай гибридтену арқылы алкиндердің құрылысы түсіндіріледі?
3.Ацетиленнің молекуласында қанша  σ және π   байланысы бар?
4.Ацетиленнің молекуласындағы байланыс ұзындығы  этиленмен салыстырғанда неге қысқа?
5. –ан жұрнағының нені білдіретінін атап беріңіз?
6.Алкиндердің изомериясы неге байланысты?

В)Әңгіме құрастыру

VІ. Үйге тапсырма беру және бағала

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ
Алкадиендер. Жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. Табиғи және синтетикалық каучук. Резеңке
Коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар.
Алкадиендер.
Иондық химиялық байланыс. Иондық және ковалентті байланыстың қасиеттері
Металдық химиялық байланыс
Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы
Алкиндердің алынуы
Арендер. Бензол құрылысы,гомологтары, атаулары,бензолдың алынуы, физикалық қасиеттері
Ацетилен
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 18373 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык