Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Металдық химиялық байланыс


Металдық химиялық байланыс

Металдық химиялық байланыс

Сыныбы – 10 (а)

Тақырыбы

Металдық химиялық байланыс

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Металдық байланыс,оның шығуы,металдық байланыстың табиғаты туралы білімдерін жүйелеу,тереңдету;

Металдық байланыспен берілген заттарды сипаттай білу,атомдардан иондардың түзілу схемасын құрастыра білу,химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту;

Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Білімді тереңдету сабағы.

 

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

5-7

Оқушыларды білімді меңгеруге дайындау кезеңі:

      Металдық байланыс

3.Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):          

 

2-3

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

Көптеген металл атомдарының сыртқы қабатында бір,екінемесе  үш электроннан болады.Үш электроны бар металл атомдарында иондану энергиясы төмен болғандықтан электрондар оңай үзіліп,электрондық газ түзіледі,яғни «бос электрондар» жиынтығы пайда болады.Олар қозғалғыш, оңай орын ауыстырады,сондықтан кез –келген металды өз-ара байланысқан оң зарядталған металл ионы мен электрондық газдан тұратын тығыз жинақталған құрылым есебінде қарастыруға болады.Металл иондары мен электрондар арасында түзілетін байланысты металдық байланыс деп атайды. Ол металдар мен құймаларға тән.Байланыс табиғаты металдық.

Металдық байланыс валентті электрондардың ортақтасуына негізделгендіктен ковалентті байланыспен көптеген ұқсастықтары бар.Бірақ ковалентті байланыста жұп электрон тек екі атомға ортақ болса, ал металдық байланыста барлық атомдар электрондары байланыс түзуге қатысады. барлық атомдарға ортақ болады.Сондықтан ковалентті байланысы бар кристалл торлары сынғыш ,ал металдық кристалл торлар –иілгіш Металда иондар өзара байланыстарды бұзбай ығысады.Бұл металдық байланыстың бағытының болмауын көрсетеді.Металдардың қаттылығын арттыру үшін құймаға бағытты ковалентті байланыс түзуге қолайлы жағдай жасайтын элементтерді енгізеді,мысалы легирленген болат алу.

2.Қорытынды:

А) кристалл торындағы металдар атомдары  бағытталмауымен,қанықпауымен сипатталады;

 Б) металдардың физикалық қасиеттері (қаттылығы, электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі, иілгіштігі, тапталғыштығы) металдық байланыстың болуымен түсіндіріледі.

МеталлNa кристалдарының  құрылысы.

15-16

Жаңа сабақты тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

Жаттығу орындау:10 -ЕТЖ-1   33бет.  1нұсқа

2-3

Білімді жүйелеу және қорытындылау

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:

1.Дәптерге жазу.

 10-ЕТЖ-1 (37бет) №1-6,  №1-10   (күшті оқушылар)

№1 (в- периодтарда солдан оңға қарай артады)    №2 (а)   №3 (в)    №4 (а)   №5 (а)

№6 (г)     №7 (г,в)    №8 (б)     №9 (а)    №10 (б)

6-7

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

     Параграф 3.5оқу.№1 – 6 (98бет) –жазбаша,  фторсутек , йодсутек молекуласының масштабты шарөзекті моделін құрастыру.  

2. Күнделікке жазғанын тексеру.

1-2

 Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Коваленттік байланыс
Коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар.
Иондық байланыс,металдық байланыс.
Химиялық байланыс және зат құрылысы. Ковалентті байланыс
Иондық химиялық байланыс. Иондық және ковалентті байланыстың қасиеттері
Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы
Орта мектепте химия пәнін модульдік жүйе арқылы деңгейлеп оқыту әдістемесі
Болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясын үйрену
Кристалдық торлар
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 8336 | Қосты: Жаксыгулова Гульназ Маннаповна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык