Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3063 |
|
|
|
Қазақстан. Қ.Аманжолов
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Қ.Аманжолов
Сабақтың мақсаты: Өлеңді оқыта отырып түсінегін айтқызу, Қ.Аманжолов туралы, Қазақстан туралы толық түсінік беру.
Оқушылардың ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжүмбақ, Қ.Аманжоловтың суреті, мемлекеттік рәміздер,теңге,жолдау; Ата Заңның суреттері
Сабақта қолданылатын әдістер: әңгімелеу, сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың барысы:
`I.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгін бізде ана тілі сабағы.Бәріміз сабаққа отырайық. Сабақта оқушылар түгел ма?
Елімізде үлкен мерекені тойлағалы жатыр. Ол қандай мереке?
-Тәуелсіздіктің 20 жылдығы.
Дұрыс айтасыңдар. Олай болса біз бүгінгі сабағымызды осы мерекеге арнаймыз.яғни барлығымыз сабаққа жақсы қатысып отырайық.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін 3-4 оқушыға жатқа айтқызу.
2. Сұраққа жауап
- Қ.Рысқұлбеков кім?
-16-желтоқсан қандай мереке?
- Тағы тәуелсіздік жолында күрескен қандай батырларды білесің?
3. Қайратты сипаттап бер.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешейік. Ол үшін сұрақтарға жауап берейік.
1.Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
2.Елбасымыз кім? Нұрсұлтан
3.16-желтоқсан қандай мереке? Тәуелсіздік күні
4.Мемлекеттік рәміз. Елтаңба
5Мемлекеттік тіл ( қазақ тілі
6.Өзін-өзі тану пәнінің авторы Сара
7Ұлттық валюта. Теңге
8.Тәуелсіздікке неше жыл? Жиырма жыл
9.Елордамыз қай қала? Астана
Ерекше тор көзден қандай сөз шықты? ҚАЗАҚСТАН
«Қазақстан» деген сөзден қандай басқа сөздер тауып оқуға болатынын айтайық.( мысалы: қазақ ,қаз, астана. ақ, нақ,, ата т.б)
Бүгінгі жаңа сабағымызда Қ.Аманжоловтың Қазақстан өлеңімен танысамыз.
Қ.Аманжолов-қазақ халқының сыршыл, нәзік, дауылпаз, өршіл ақыны. Қасым Аманжолов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Қызыл» деген жерде туған. Оның « Дариға », «Туған жер» т.б шығармалары бар. Осы жылдың мамыр айында ақынның туғанына 100 жыл толды.Өзінің туған жері Қарағандыда жыл сайын жас ақындар айтысы өтіп тұрады.
-Оқушылар, дәптерге сабақтың тақырыбын жазып алайық..
IY.Оқулықпен жұмыс,
1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Іштей өз бетімен оқу.
3.Тізбектей мәнерлеп оқу.
Y Сөздік жұмыс.Оқушылар өлеңді оқып отырып түсінбеген сөздерін түртіп алады.Сол бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Сұрақ жауап арқылы өлеңді талдау.
-Ақын неге қуанып шаттанады?
-«Бақытты қазақ баласы»деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
- Ақынның қуанған шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.
YI.Шығармашылық жұмыс.
Өлеңнің ішінен қандай сөздермен тіркестіруге болатынын тауып жазу.
YI.Сабақты бекіту. Әр партаға кесте беріледі: Оқушылар топтаса отырып толтырады. Сенің Отаның Қақақстан қандай мемлекет ? Қазақстан неге
бай? Қазақстанда қандай ұлттар
тұрады?
Отаныңды жақсы көресің ба?
Сонымен балалар, көздеріңді жұмыңдар. Қазақстан сөзін естіген кезде көз алдарыңа не елестейді?
Топтастыру стратегиясы
«Жалғасын тап» ойыны Мақалдың басын айту оқушылар жалғастырады
1.Ел іші – (алтын бесік)
2.Отан отбасынан (басталады)
3.Өз елім (өлең төсегім)
4.Отан оттанда (ыстық)
5.Отан үшін отқа түс (күймейсің)
Қортынды ХХI ғасырдың білімді ұрпақтары сендерсіңдер.Елбасы мынадай деген: «Болашақ Қазақстан сендердің қолдарыңда.Жан-жақты білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсерте біліңдер, Отанды қорғауға дайын болыңдар. Отанды қорғаңдар»
Дайынбыз ба?
Дайынбыз.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. « Менің Отаным » тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |