Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»


Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»

Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»

Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» толғау өлеңі бойынша өзін-өзі тану  , орыс тілі, музыка пәндерімен интегралданған сабақ

Тақырыбы: Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»

                

Сабақтың мақсаты:

А) білімдік:«Тереңде тұнып жатқан дауыл» жырдың иесі Қасымның қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, жыр көшіндегі ұлы Абайдың ізімен қазақ жырын тезге салған, өртке тиген дауылдай өлеңін бөбегіндей әлдилеп өткен ақын артына өшпес мұра қалдырғанын әр баланың бойына сіңіру. 

Ә)тәрбиелік: Ақын өмірін үлгі ете отыра балаларды өзіне сыни көзқараспен қарап, әр басқан ізіне есеп беріп, қорытындылап отыруға, жүйелі, мақсатты өмір сүруге баулу; шығармашылыққа талпындыру.

Б) дамытушылық :ой-өрістерін дамыту;  өнердегі үндестік туралы.

 Д)түзетушілік: мәнерлеп оқу машықтарын түзету.

Көрнекілігі: портрет,  слайдтар, көркем әдеби кітаптар, электронды оқулық

Сабақтың барысы:

     І.Ұйымдастыру

       а) Сәлемдесу ,түгендеу

       ә) «Туған жер» өлеңін оқу арқылы шаттық шеңбері

      

ІІ. Өткен тақырып бойынша :

              а) «Өзім туралы» өлеңі бойынша жатқа айту айтысы;

              ә) Тақтада хронологиялық кесте толтыру;

              б)   Өлеңнің ұйқасы, буын саны - тақтада

              в) Өлең жолдарымен жауап беретін сұрақ-жауап және өз ойларын      

                   айту:

     1) Қасым өз жүрегіне қандай тапсырма берді?

2) Қасымның келер ұрпаққа арнауы

3)  Ақынның табиғатпен үндестігі

4)  Қасым домбырасын неге сұрады?

5)  Қасым бізге қандай өлең ұсынады?

6)  Дос, жолдас туралы толғанысы

     7)  Ақынның заман туралы толғанысы

8)  Қасым кім?

9)  Қасым қай кезде дұшпан, қай кезде сырлас?

    10) Өлең туралы толғанысы

    11)  Ақынның өмір туралы толғанысы

    12)  Ақын неге өкінді, қалай толғанды?

    13)  Нені Қасымның өзі емес деп кім айтасың?

ІІІ. «Өзім туралы» әнін тыңдау, әннің композиторы, стилі туралы

ІV. «Өзім туралы» өлеңінің өзін-өзі тану пәнінің «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбымен үндестігі

V. А.С. Пушкиннің «Памятник» өлеңімен үндестігі

     - Өлеңді оқу

     - Салыстыра талдау

       

VІ. Қорытынды :

  1. Қасымның шығармалары
  2. Қасымның аудармалары
  3. Ақынның ұлы мақсаты
  4. Өлеңнің лирикалық кейіпкері
  5. Өлеңнің ұйқасы, буын саны
  6. Өлеңнің идеясы
  7. Қасым кім?

VІІ.Үй тапсырмасы- Өздерің туралы өмірлеріңнің осы сәтіне дейін «Өзім   

туралы» атты ойтолғау жазып келу. Өлеңді жаттау. Қасымның 1 әнін үйрену.

VІІІ. «Жүректен-жүрекке» - Қасымның « Ақ сәуле» әнін орындау

ІX. Бағалау.

Пән мұғалімі – Сейдалина Сауле Жабатаевна

Жаңа материалды түсіндіру

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
  2. Бекіту
  3. Үйге тапсырма беру.

Жоспар:

  1. Кіріспе. өмірі мен шығармашылығы
  2. «Ән көңілдің ажары»
  3. Қорытынды
  4. Үйге тапсырма «Жырлайды жүрек»

Үй тапсырмасын тексеру:

«Адамгершілік асыл қасиет» тақырыбында берілген сұрақтарға жауаптарын тыңдау.

Кіріспе

Қасым Аманжолов. Өмірі мен шығармашылығы. (1911-1955)

Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.

Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.

Өмірбаяны. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған «Ағайыма» деген хатындағы: «Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы» дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды «ерке Қасымның» Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеу үстінде екенін көрсететін еді. Әсіресе көзге ауыз әдебиетінің 7-8 буынды терме, толғау үлгілеріне бой ұруы жиі шалынатын. Өлеңіне арқау етіп алған өмір құбылыстарын сырттай таңырқап, тамашалауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбелеп суреттеуге әуестік байқалатын.

1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауру халде жатса да өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездері Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел – оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті.

1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ съезінің ашылуына қатысты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті. 1955 жылы 18-қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

«Ән – көңілдің ажары»

  1. Өзім туралы
  2. Уа, дариға туған жер

Қорытынды:

өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қасым Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхоына Қасым Аманжолоы есімі берілді.

Үйге тапсырма: «Жырлайды жүрек» атты тақырыппен ақын өлеңдерін жатқа жаттап келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Қазақстан».
Қасым Аманжолов «Дауыл»
Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы
Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму
Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму
Туған жер. Қасым Аманжолов
Қасым Аманжоловтың тәлімді – тәрбиелі өлеңдері
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 13244 | Қосты: Сейдалина Сауле Жабатаевна | Ілмек сөздер:
avatar
• 19 января 2015 09:27
Өзін-өзі тану пәнімен  және орыс әдебиеті бойынша А.С.Пушкиннің "Памятник" өлеңімен интегралды оқытуы өте ұнады
avatar
• 26 января 2015 05:04
Сабақты жоспарлауда көзделген мақсаттар жақсы ойластырылған,ұстаздың жоспары оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне сәйкес болғандығы ұнады.
avatar
• 26 января 2015 05:18
Жақсы сабақ
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык