Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бұйымдарды өрнектеу


Бұйымдарды өрнектеу

Бұйымдарды өрнектеу

Оңтүстік  Қазақстан  облысы

Мақтарал  ауданы, Асықата  кенті

«Жеңіс» мектеп – гимназия»

коммуналдық  мемелекеттік  мекемесі

Бейнелеу  өнері  пәнінің  мұғалімі

Садықбекова  Айгерім  Дарханқызы

Сабақтың тақырыбы: Бұйымдарды өрнектеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қолөнердегі ою-өрнек туралы толық  мағлұмат  беру, өрнектерді  бұйымдарда  қолдана   білуге   үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қолөнер жайлы ойларын толықтыру, көзқарастарын кеңейту, ұлттық өнер арқылы оқушының таным-қабілетін арттыру, бұйымдарды өрнектеуде іскерлік, шеберлік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ізденімпаздыққа ұлттық өнерді танып білуге,оны насихаттауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамдарын арттыруға  тәрбиелеу.

Сабақ  түрі:Сайыс  сабақ.

Сабақ әдісі:  Баяндау, сұрақ - жауап, талдау, тестік, жұптық, топтық, көрнекілік, практикалық.

Сабақ көрнекілігі:Өрнектелген    бұйымдардың    көрмесі,  тірек -сызбалар,  суреттер, тест  сұрақтары,ақ  қағаз, акварель  бояуы, қылқалам  т.б.

Сабақ барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен  сәлемдесіп, түгелдеу.

 ә) Құрал-саймандарын тексеру.

б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Сайыс  түрлері.

Оқушыларды  үш  топқа  бөлемін.

а)   Геометриялық  денелерден  сурет  ойлап  құрастыру.

ә)  Топтық  тапсырма.

б)  Сұрақ - жауап.

б)  Сәйкестендіру  тестнін  шешу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

« Бұйымдарды  өрнектеу».

1)    Сабақты  Ә. Қастеевтің өлең шумақтарын оқу арқылы ашу.

   Ою – өрнек  дегенде, ою – өрнек

   Қошқар  мүйіз  оюуы  болсын  ермек.

   Кел, балалар, көңілді  ән  салайық,

   Сыныпқа  келген  қонақтарды  қарсы  алайық.

2)    Бұйымдағы өрнектерге байланысты аңыз-әңгіме тыңдау.

Ертеде ұзатылған қызының хал-жағдайын қыздың төркіні қыздары беріп жіберетін сәлемдемелерінен біліп отырған. Сәлемдеме негізінде қыздың қолдан ойып жасаған кестелерінен, құрақтарынан, яғни ондағы ою-өрнектің  түр-түсіне назар аударған. Әрбір өрнектің өзіндік орны, мән мағынасы болған.

  а)  Салынатын  өрнек  әрқашан  бұйымның  пішініне  сәйкес  келеді.

       б)  Өрнектер  бір – бірімен  тепе – теңдікте  болады.

Халық  шеберлері  ою – өрнек  түрлерін  тұрмыс – тіршілігіне, өз  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай  лайықтап  орындаған. Қазақ  халқынын  ою – өрнек  өнерінің  белгілі  бір  дәрежеде  жүйеленуіне  бірқатар  ғалымдар  мен  өнертанушы, тарихшылар  мен  этнографтар  атсалысқан.

Сәндік  қолданбалы  өнер  шеберлері  өрнек  элементтерін  табиғаттан  алады.

Ою – өрнек, әшекей  жасау  шеберлігі – бейнелеу  өнерінің  бір  түрі. Суретшілер  заттың  сыртқы  пішінін  дәлдеп, суреттің  неғұрлым  сол  затқа  аумай  ұқсап  тұру  жағына  көп  назар  аударса, ою – өрнек  үлгілерін  жасаушы  шеберлер  өз  өрнектерінде  ойлаған  заттың, не  сюжеттік  сыр – сипатын  өзінше  танып, оның  дәлме – дәлдігінен  гөрі  көркем, әшекейлі  бояу  жағына  бас  назар  аударды.

ІV. Өрнектелген   бұйымдармен  таныстыру.

Ендеше, біз сендермен түрлі бұйымдарды бүгінгі сабағымызда өрнектейміз.

Ескерту: Ою-өрнек түрлерін  дұрыс салу, ритм, ырғақ, композициялық шешімнің  дұрыс орындалуын қатаң қадағалау.

Ал, енді  балалар  сендрмен  қазір  үш  топқа  бөлініп  ойын  ойнаймыз. Бірінші  шарт  бойынша  онымызды  бастаймыз. Әр  топқа  геометриялық  денелер  беремін. Осы  денелерден  сурет  ойлап  табу  керек. Көп  суреттер мен бейнелер  ойлап  тапқан  топқа  ұпай  санын  береміз. Әр  ойлап  тапқан  суреттеріңе  1 ұпайдан    қоржындарыңа  қосып  отырасыңдар.

І.  Ойнымыз  «Топтық  жұмыс»

а).  Геометриялық  пішіндерден  суреттер, бейнелер   құрастыр.

І топ:  Үшбұрыштан  сурет  және  бейне  құрастыр

ІІ топ: Төртбұрыштан  сурет  және бейне  құрастыр.

ІІІ топ: Шеңберден  сурет  және бейне  құрастыр.

2. Ойынымыз  «Топтық  тапсырма»

ә). Әр  топ  берілген  тапсырма  бойынша  бұйымдарды  өрнектейді.

І топ:  Үй жиһаздарын өрнектейді.

ІІ топ: Қазақ киімдерін өрнектейді.

ІІІ топ: Ыдыс-аяқты өрнектейді.

  1. Ойынымыз  «Сұрақ – жауап»

б).  Сұрақтарға  жауап  беру.

  1. Натюрморт  дегеніміз  не?

Жансыз  заттардан  құралған  жанр.

  1. Бейнелеу  өнерінде  қаламның  қай  түрі  қолданылады?

НВ, В.

  1. Живопись  түрін  атаңыз?

Гризайль

  1. Акварель  бояуымен  жұмыс  істеуге  қажетті  құралдар?

Қылқалам  және  палитра.

  1. Анималист  суретші  нені  бейнелейді?

Жануарларды

  1. Гобелен  дегеніміз  не?

Суреттер  салынып  тоқылған  кілем.

  1. Автопортрет  дегеніміз  не?

Суретші  өзін  бейнелеген  шығармасы.

  1. Ғалымбаева  кім?

Қазақтың  тұңғыш  әйел  суретшісі.

  1.  Жылдам  жүгіртіп  салынатын  сурет  қалай  аталады?

Нобай.

  1. Суға  тез  еритін  бояу  түрі?

Акварель

  1. Адам  келбетін  бейнелейтін  жанр?

Автопортрет.

  1. Әшекейлі  бұйымдар  жасайтын  адам?

Зергер.

  1. Қалам – тушьпен  бейнелейтін  өнер?

Графика.

  1. Пейзаж  нені  бейнелейді?

Табиғат  көрінісін.

  1. Түстер  неше  түске  бөлінеді?

Екіге, жылы  және  суық  болып.

  1. Ойынымыз  «Сәйкестендіру  тетін  шеш»

  в)  Берілген  таблица  бойынша  қойылған  сұрақтардың  дұрыс  жауаптарын  стрелка  сызығымен  көрсет.

Жануарлар  тектес  өрнектер

 

Жұлдызша, айшық, балдақ.

Геометриялық  өрнектер

Гүл, үш  жапырақ, бітпес.

Ғарыштық    өрнектер

Сынық  және  қошқар  мүйіздер, ботакөз.

Өсімдіктектес  өрнектер

Үшбұрыш, төртбұрыш, ромб.

Ал, енді  балалар  осы  ойындарымыз  бойынша  жиған  ұпай  сандарын  есептеп  көрейік. Ең  көп  ұпай  саныны  жинаған  топ  «Бас  жүлдеге» ие  болады. Әр  оқушы  өзіне  ұнаған  бұйымдарды  бейнелеп, оларды  өрнектейді.

ІV. Қорытынды:

Жұмысын  аяқтаған оқушы өз жұмысына  талдау жасап, қорғайды. Кемшіліктері  болса  ескертемін,  білімдеріне  қарай   бағаланады.Біз  бүгін  не  үйрендік, сабақтан  қандай  әсер  алдық  дей  келе  сабағымызды  қорытындылаймыз. Сау  болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ою-өрнектер ою әдісі
Натюрморт жанры
Металды көркемдеп өңдеу
ОЮ - ӨРНЕК НАҚЫШТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
Әр түрлі заттардан құралған бұйымдарды жасау технологиясы
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағашты өңдеу. Нақыштама. Геометриялық ою, айшықты ою,бедерлі ою,мүсіндік ою. Күйдіру
Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау
Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4634 | Қосты: Cадықбекова Айгерім Дарханқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык