Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бақыт дегеніміз – денсаулық


Бақыт дегеніміз – денсаулық

Тақырыбы: Бақыт дегеніміз – денсаулық

Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты бақыт екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақыт дегеніміз - денсаулық» деп аталады.
1 –слайд. «Тазалық – денсаулық кепілі»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. 2 - слайд. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты бақытымыз не деп ойласыңдар? Әрине, Денсаулық.
3 – слайд.
Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық - дұрыс тамақтану.
Денсаулық - тәулігіне 10сағат ұйықтау, ұйқы ең алд-н миды тынықтырады.
Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық - тазалық сақтау.
Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық - тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
4 – Көрініс.
Қоян.
Ой, тісім қақсап барады,
Жанымды қоярға жер жоқ.
Тәрбиеші.
Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
 
Қасқыр.
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің
Қоян.
Енді не істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр.
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.
Тәрбиеші.
- Балалар, деніміз сау болуы үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып, жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)
Слайд арқылы көрсету.
5 – слайд.Денені шынықтыру.
Денсаулық болса бәрі болады.  Тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Тазалық - денсаулық кепілі. Шынықсаң - шымыр боласың.
Айзат.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Қуаныш. 
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Жансұлу.
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Жаттығу, сол аяқ
Жаттыға оңай – ақ
Сұрақтар қою:
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Ақкүміс.
Тойып ішсен қаншама
Ауырасын соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмас қанша күн жүресің.
Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа.
Нұрмейірім. 
Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
Жұмбақтар шешу.
1. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
2. Көзінен жас кетпейді
Балалардан шетпейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
3. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
Мақал – мәтелдер.
(Оқушылар денсаулық туралы мақал – мәтелдер айтады)
Қорытынды:
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Салауатты өмір салты»
Дені саудың – жаны сау.
Денсаулық – зор байлық
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Дені саудың –тәні сау
Дені саудың – жаны сау
Тамақтану гигиенасы Тамақтану нормасы, тәртібі
Денсаулығыңды жасыңнан сақта
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Салауатты өмір салты
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7270 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык