Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дені саудың – жаны сау


Дені саудың – жаны сау

Дені саудың – жаны сау

Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау».

Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау». сайысына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы және жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға арналады.

Топтарды таныстыру:

Ақбөпе: Армысыздар, аман – есен бармысыздар!

Бексұлтан: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Ақбөпе: Бүгінгі біздің «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Бексұлтан: Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз денсаулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Ал, менің сөзіме нанбасаңыз өздеріңіз тыңдап көріңіздер.

Ж. Ерасыл

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай данамызда.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың бұл әлемде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Денсаулықты сақтап түзу өсесің,
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.
  1 - топ – «Шымыр» тобы – « Шынықсаң шымыр боласың».
Шапшаңдығыңа қайран қалам,
Жете бер мақсатыңа армандаған
Майысып, өнерімен тәнті еткен
Бақдәулеттей  баланы қайдан табам.

Көңіліңнің қошын – ай, көпшіліктің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл, біздің Шынарбай осындай.

Шыңдап күнде мен енді, шынықтырып денемді,
Деген оймен Ерасыл, жарысуға келіп тұр.
2 - топ – «Сымбат» тобы – «Сымбатты болу қолыңда»
Көркіне қарап тұрсаң бал тамады,
Сөйлесе қас шебердің аңсағаны.
Ән айтып, би билеу, бір Назеркенің бойынан табылады.

Көргенде жымиып, әрқашанда күліп жүреді үнемі.
Жарыста озып шығам деп, сайысқа Рамазан келеді.

Біздермен ойнап күледі, cырымызды біледі.
Қасымызда Сапарбек, қақтығысып жүреді.
Ақбөпе: Өнерлеріңді салыстырып, өздеріңді, қазылар алқасымен таныстырып қояйық
1. 
2. 
3. 
А.Назерке:
Денсаулық-ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбіржерің ауырмай.

Ж.Сапарбек:
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай.
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті.
Құру үшін сен саулық,
Керек мықты денсаулық.

Ақбөпе: Әсем әнім сырнайды,
Әлем сүйіп тыңдайды.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды.
Ән: Жаса Қазақстан Сабыр Б, Жарылқасын Ш
Бексұлтан. Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету – бұл нақты өмірлік ұстаныммен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.
Денсаулық – бақытты болудың алғы шарты.
Қ.Ерасыл:
Денсаулық - қашаннанда алтынға тең
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.
Шынарбай:
Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білесің.
Жастық шақтың қадірін,
Қартайғанда білесің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсатқанда білесің.
Ж.Назерке:
Боларсың шымыр шынықсаң,
Денің сау болар балғадай.
Түсініп сырын сен ұқсаң,
Темекі досың болмағай.

Мамыр Н:
Улап қоймай өзіңді,
Жұртқа да тиер кесірің.
Жаман әдет жұққышы,
Болмасын шылым жан досың.

Бексұлтан: Құлақтан кіріп бойда алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай,келесі кезекте 
Ән:  Астана Жолдасбекова Н

Ақбөпе: 
 «Тапқырлық» сайысы. Мақал – мәтелдерді аяқтау.
«Аурудың бәрі жүрекке тиеді»
«Ескі ауруды емдеу қиын»
«Ас – елдің құты»
«Демі бардың, емі бар»
«Шымырдың сезімі сергек» т.б.
1. Денсаулық -........................ (зор байлық)
2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)
3. Емнің алды -................................ (еңбек)
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/
9. «...... қадірін ауырғанда білерсің»
10. «....... жасырған өледі»

Бексұлтан: Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар. Олар бар күш – жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күні – түні аянбай еңбек етуде. Денсаулық төңірегінде сұрақтарыңыз болса дәрігерлерге қоюларыңызға рұқсат.
(Дәрігерге сұрақтар қойылады.)
Мерей 1. Салауатты өмір салты деген не?
Балнұр 2. Денсаулық үшін не пайдалы, не зиянды?
Рамазан 3. Тұмау деген не? Оның таралу жолдары қандай?
Гүлперизат 4. «Ауру – астан»демеп пе еді халқымыз, тамақтану гигиенесы туралы не айтасыздар?
Нышанбай 5. Дұрыс тамақтанбағаннан қандай аурулар пайда болады?

Бексұлтан: Күй нөсерін төгейік,
Жырдан нөсер төгейік.
Уа, жамағат, ал енді,
Биге кезек берейік.
Би: Қазақша. Біз қазақ қыздыры
Ақбөпе: «Деніміз сау болу үшін қозғалу керек. денсаулыққа тек шынықтыру арқылы ғана жетуге болады.» деген екен әйгілі ғалым Н. М Амосов.
Баян
Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе,
Жаңа достар тапқың келсе,
Көңілің сергек болсын десең,
Зиянды әдеттерден аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Барлығы бірге: 
Өз еркіңе тоқтау салып спортпен шұғылдан!
Бексұлтан

Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
1. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.

Ақбөпе
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.

Бексұлтан
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.

Ақбөпе
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/

Бексұлтан
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім?И.Илин
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)

2. Көрініс – «Акробатика».
3. Шарды иықпен алып жүру
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.
Үй тапсырмасы. Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».

«Шымыр» тобы:Мерей: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат» тобы Балнұр: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы Нұрдос: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же.
«Сымбат» тобы Нышанбай: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.

«Шымыр» тобы Аружан- Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.

«Сымбат» тобы -Сандуғаш
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.

4. Ойын «Білек күрес». Ақбөпе
Білек күшін сынаймыз.
Кім епті екенің сыныпта,
Күштілер бар біздерде
Төтеп берер тығырықта деп, оқушылар білек сынысады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар..
8. «Жұмбақ сайысы».
1. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың
Бұл не?(сабын)
2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не?( тарақ)
3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/
5. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне
Бұл не?(Айна)
6. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да
Сипайды жонын да
Бұл не? (Сүлгі)

1. Өзгенің тазалығы үшін,
Өзін құрбан етеді. (сабын)
2. Аузы жоқ, тісі бар. (тарақ)
3. Дамыл таппай жұтқаным –
Өмір нәрі ұққаным. (ауа)

4. Есіктің алды тұрағы,

Егесін күтіп тұрады (аяқ киім)
5. Ұяда 32 жұмыртқа бар,
Күнде жуып тұрмасаң, сынып қалар. (тіс)

6. Жуындырып жағаны,
Сылдыр қағып ағады. (су)

7. Бір шешен, бір көсем
Алты ағайын бірге туған,
Білгің сен. (құлақ, көз, ақыл, тіл)

8. Жазда шалқып жатады,
Қыста қорқып қатады. (су)
7. Бір атым бар, құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. /велосипед/
8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.
Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.
Ү. Жасырынған сөздерді тұспалдап айту
1 штангы
2. тарақ
3. айна
4. асық
5. скакалка
6. футбол
7. мылтық
8. гранат
9. суда жүзу
10. доп
11. сабын
12. сүлгі

Қорытынды. «Толағай» биі.

Әділқазылар алқасы әр топтың әділ бағаларын беріп, марапаттайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дені саудың – жаны сау.
«Толағай»
Денсаулық – зор байлық
Дені саудың – жаны сау
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Дені саудың –тәні сау
Денің сау болса, жарлымын деме.
Денсаулығыңды жасыңнан сақта
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Бақыт дегеніміз – денсаулық
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6763 | Қосты: Шымырова Тұрсынқыз Қыдырбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык