Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2831 |
|
|
|
Білімді мыңды жығар
Тақырыбы: Білімді мыңды жығар
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін байқау, тексеру, сынау. Сұрақ, тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, білімге деген қызығушылықтарын, құштарлықтарын дамыту.
Сайыс түрі: интеллектуалды сайыс
Сайыс барысы:
І. Кезең. Таныстыру
ІІ. Кезең. «Бәйге»
ІІІ. Кезең. «Поэзия минуты»
ІҮ. Кезең. Сөзжұмбақ шешу
Ү. Кезең. «Қызықты жетілік»
ҮІ. Кезең. «Ойлы болсаң шешіп көр»
ҮІІ. Кезең «Мақал сөздің мәйегі»
ҮІІІ. Кезең. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарыс,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алды,
Дегендей, ой мен білім жарысын бастаймыз.
Қазір жарысқа қатысатын оқушыларды құрметпен ортаға шақырайық. Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар:
1 топ - қырандар 2 топ – жұлдыздар
Бармысыздар бастауыш сынып үздіктері, «Ел ертеңі білімді ұрпағы» дегендей, тәуелсіз Қазақстанның болашағы өздеріңіздің қолдарыңда. Олай болса мектебімізде өткелі отырған «Білімді мыңды жығар» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Екі топ сайысқа түскелі отыр.Әр кезең сайын жауаптары 10, 20,30 балдары арқылы бағаланады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.
Бәрінен де бастысы
Барлығының қатты істейтін миы бар,
Деп сайысымызды бастайық.
І Кезең таныстыру.
Әр топ өз ұраны мен топтарының атын атап таныстырады.
ІІ Кезең.
Слайд арқылы сұрақтар беріледі. Екі топ кезек жауап береді.
ІІІ Кезең «Поэзия минуты»
Балалар, бұл жолы басы даналыққа,
Келіңдер түсіп, байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
Екі топқа «күз», «көктем» тақырыптарында өлең шығару беріледі.
ІҮ Кезең Сөзжұмбақ шешу.
Екі топқа екі түрлі сөзжұмбақ беріледі.
Ақыл тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын
- деп Т.Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған екі топ келесі Үкезең «қызықты жетілікке» көшейік.( 1-10-ға дейінгі сандарды таңдап,артындағы сұрақтарға жауап береді).
ҮІ Кезең «Ойлы болсаң, шешіп көр»
Жұмбақты шешіп,жауабын орыс тіліне аудару.
Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар. (бор)
Мамықтай ұлпа, қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (қар)
Сырты жасыл қап қатты,Іші қызыл тәп тәтті. (қарбыз)
Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың. (мектеп)
Судан бұл қорқады, Бұдан кір қорқады. (сабын)
Қалың киімді ұнатады, шешіндірсе жылатады (пияз)
Қимылдаса қос шебер, қыруар қыруар іс өнер. (айна)
Тысыр шықса тұрмайды, артқа мойнын бұрмайды. (қоян)
Бойын жерге жасырған, Бұрышы бар жасылдан. (Сәбіз)
Алты қырлы, алтын сырлы. (қарындаш)
ҮІІ Кезең. «Мақал сөздің мәйегі»
Әр топ мақал айтып жарысады.
ҮІІІ Кезең Қорытындылау
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Тапқырлық пен зеректік
Жеткізер сендей өренді
Жеңістің мынау шыңына
дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Әр топ жинаған балдарын санайды.
Қатысқан топтар орындарға иеленіп мақтау қағазымен марапатталады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |