Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дәстүрден тыс сабақтар өткізу.


Дәстүрден тыс сабақтар өткізу.

Дәстүрден тыс сабақтар өткізу.

         Әрбір күн өзгеріске толы. Қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай болу, ертеңгі болашағымыз – жас ұрпақты саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу, ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету, ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы. Ұстаз еңбегі шығармашылық  еңбек. Өйткені, ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Егемен еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ деп білеміз. Ал жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп, қалыптасуы ұстазға байланысты  екенін мен өзімнің 37 жылдық тәжірибемнен көріп отырмын. Ұзақ жылғы тәжірибемнен ойыма түйгенім мұғалім әрбір сабақты түрлендіріп, оны оқушылар жалықпайтындай етіп, жоспарлап өткізу керек дер едім. Оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру керек. Мектепте математика пәні оқушыларды ойлау қабілетін дамытуда өз бетінше ізденісіп қалыптастыруда ерекше рөл атқаратын пәндердің бірі. Алайда кейбір оқушылар тез игеріп кете алмайды. Сондықтан да оқытудың түрлі әдістерін таңдап алып, оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыту қажет. Осы мақсатта мен өзімнің дәстүрден тыс сабақтар өткізудегі тәжірибеме тоқтала кеткім келіп отыр. Дәстүрден тыс сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді, шапшаңдыққа, тез есептей білуге үйретеді, ұжым намысын қорғауға тәрбиелейді. Дәстүрден тыс сабақтар өтілген тақырыптарды қайталап пысықтауда немесе тарауды қорытыныдылауда өткізілетін «Жарыс сабақ», «Аукцион сабақ», «Сайыс сабақ», «Ертегі сабақ», «Білім биржасы», «Қаржылық білім беру» сабағы, «Математикалық саяхат сабағы» т.б. сабақ түрлеріне бөлінеді. Бұл сабақтарды өткізерде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Сынып жоғарылаған сайын, сайыс сабақтар түрлерін басқаша түрлендіріп өткізуге болады. Төменде өзімнің сабақтарымның жоспарын жас ұстаздарға ұсынғалы отырмын.

         5-сыныпта «Жай бөлшектерді қосу мен азайту» тақырыбын аяқтағаннан кейін «Білім көрмесі» сайыс сабағын төмендегідей жоспармен өткіздім. Сыныпты екі топқа бөлдім де сабақ жоспарын таныстырдым.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (Матевациялық кезең). Оқушылар айнала шеңбер құрады. Мұғалім қолдарына     қиылған суреттер үлестіреді. (Құрастырғанда дөңгелек, төртбұрыш шығады) және 1-топ дұрыс бөлшектер жазылған, 2-топ бұрыс бөлшектер жазылған қиықшалар арқылы екі топқа бөлінеді.
  2. Бақылау диктанты. (Үнтаспада екі дауыста)
  3. Ойтолғау кезеңі. (Сұрақ-жауап)
  4. «Қайсысын қалайсың?» (Деңгейлік тапсырма) Интерактивтік тақтадан көрсетіледі.
  5.   «Кәне, кім тез есептейді?» (Топтық жұмыс)
  6. «Кім жүйрік?» (Тест)
  7. Көрмеде қызықты есептер сөйлейді. (Интерактивті тақтада)
  8. Қорытындылау. Рефлекция.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған білімін тексеру, жай бөлшектерді қосу мен азайту ережелерін толық меңгерту., өз бетімен есептеп шығаруға дағдыландыру.

  1. Бақылау диктанты.

а). Мына жай бөлшектердің ішінен дұрыс бөлшектің астын бір сызықпен, бұрыс бөлшектің астын екі сызықпен сызыңдар.

2/7, 15/9, 28/37, 59/59, 116/93, 4/11, 24/17, 5/53, 109/62, 133/133;

б).   Салыстырыңдар:      және  ;       және 1;      және   ;     және 1.

в). Бүтін бөлігін ажыратыңдар.

27/6,    215/18,     39/7,      314/23.

г). Бұрыс бөлшекке айналдыр.

5 ;   27 ;   3 ;    25

д). Бүтін саннан бөлшекті азайт.

4 - ;   9 – 2 ;   5- ;  7-3

  1. Ой толғау кезеңі.

1). Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп, қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

2). Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстырады?

3). Бөлшек сызығы нені білдіреді?

4). Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады және азайтады?

5). Аралас сандар деген не?

6). Аралас сандарды қалай қосады және азайтады?

7). Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай азайтады және қосады?

8). Натурал саннан бөлшекті азайтуды түсіндір.

  1. Қайсысын қалайсың?

1-деңгей:       + ;      ;  3  + 4  ; 9  - 3 ;

 

2-деңгей:      + х;    х = ;   ;  + х =  ; 9 - 4  + 3 ;

 

3-деңгей:     1  + 3 ;         1- ;        + (  + х) = ;

  1. Кім жүйрік?  (тест)

                                                       Жауаптары:

  1.  + ;                                 а)            б) 1 ;        в) 2 ;

 

  1.  + (  + )                           а) 2        б). 1      в)  2

 

  1. 6                          а)  6        б) 7         в)    

 

  1.                                 а)             б)          в) 

 

  1. (                     а)              б)          в)    

 

  1. 14                        а) 10          б)11      в) 12

 

  1. 4  8                    а)  4          б) 5    в) 4
  2. «Кім тез есептейді?» (шарға жету)
  3. Интерактивті тақтадан бірнеше қызықты есеп көрсетіледі. Оны екі топтың оқушылары жарыса отырып шығарады.
  4. Қорытындылау. Сабақ соңында 2 топтың жеңімпазы анықталады. Белсенділік танытқан оқушылар топ кеңесшілерінің ұпайларымен бағаланады да, мұғалім бүгінгі сайысты қорытындылайды.

Рефлекция: Оқушылар алдын ала білім ағашы салынған плакатқа бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып стикер жапырақшаларын жапсырады. Білім ағашы жайқалып, жапырақтарға толады.

11- сыныпта «Көпжақтардың көлемдері» тақырыптарын пысықтап қайталау ретінде өткізілген «Білім тарланы» жарыс сабағымның жоспары төмендегідей.

  1. «Бәйге» ойыны (сұрақтар беру)
  2. Формуланы кім дұрыс табады?
  3. «Біліміңді тексер» (деңгейлік тапсырма)
  4. «Бәрін білгім келеді» ой қозғау стратегиясы
  5. «Ойланайық, кім ойшыл?» тест сұрақтары беріледі.
  6. Практикалық жұмыс.
  7. Қорытындылау. Рефлекция

 

Сабақтың мақсаты.

         Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқап, өткен тақырыптарды қалай меңгергендігін тексеріп бағалау. Сынып оқушыларын «Алғырлар», «Тапқырлар», «Білімділер» деп үш топқа бөлемін. Үш топтан озып шыққан жеңімпаз «Білім тарланы» атағына ие болатындығын ескерттім. Әр топтан кеңесшілер сайланып, оларға тапсырма беріледі.

  1. Бәйге
  1. Көпжақ деген не?
  2. Призма (анықтамасы, табаны, бүйір жағы, қыры деген не?)
  3. Призманың диагоналы, биіктігі деген не?
  4. Призма түрлерін ата.
  5. Параллелепипед деген не?
  6. Тік бұрышты параллелепипед, куб деген не?
  7. Пирамида (анықтамасы, қыры, биіктігі, табаны)
  8. Пирамиданың диагоналдық қимасы деген не?
  9. Афофемасы деген не?
  10.  Дұрыс қиық пирамида деген не?
  11.  Формуладағы белгісізді тап.

v = sh, v= a 3, v = abc, b =  , v = sh, c = v/ab

2.Деңгейлік тапсырма.

5 ұпай. А) Берілген үш өлшемі бойынша 12 см, 20 см, 15 см тік бұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын тап.

10 ұпай. Б) Дұрыс төртбұрышты пирамида бүір қыры 5 см, биіктігі 4 см, көлемін тап.

15 ұпай. В) Тік бұрышты параллелепипедтің табанының қабырғалары 14 см, 48 см-ге тең, биіктігі 8 см. Диогоналдың қимасының ауданын тап. Сыныптың білім деңгейіне қарай 10-15 есеп беруге болады.

 

3.«Бәрін білгім келеді»

         Интерактивті тақтадан Хеопос пирамидасының суреті көрсетіледі. Египет астанасы  - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқай сұрғұлт таулар көрінеді. Ең үлкені Хеопос пирамидасы, оның биіктігі 146 м, жер бетіндегі периметрі 1000 м, б.з.б. 28 ғасырда, бұдан 5 мыңдай жыл бұрын салынды. Бүір бетінің ауданын табайық.

Жауабы: S бүйір = 96100 м2

 

4. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының суреті көрсетіледі. Биіктігі 62 метр, төменгі қырларының ұзындығы да 62 метрден болып тұрған Пирамида 25 қаббаты үймен бірдей. Оның құрылысына 12 мың шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тоннацемент, 900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша құрылыс материалы бар-жоғы 13 айдың ішінде тамаша ғимарат етіп шығарған түріктің «Сембол-Иншаат» құрылыс компаниясы. Бүйір бетінің ауданын табайық. Жауабы: Sбб = 8556 м 2.

 

5. «Ойланайық, кім ойшыл?» тест тапсырмалары беріледі.

6. Практикалық жұмыс.

         Әр топ өздері дайындаған призма, пирамида, куб, параллелепипед модельдерін келесі топқа таратады. (Әр оқушыға бір-бірден) оқушылар модельдердің бүйір бетінің, толық бетінің көлемін есептейді. Керекті элементтерді сызғышпен есептейді.

7. Үйге тапсырма.

Үлкен пирамида – Хеопос пирамидасының ежелгі заманда биіктігі 146 м болған, қазіргі кезде жоғарғы бөлігі қираған, сондықтан, оның осы кездегі биіктігі 137 м. Қазіргі кезде Хеопос пирамидасының бүйір бетінің, толық бетінің ауданын, көлемін табу және бұрынғысымен салыстыру.

  1. Қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?

Әр оқушының жинаған ұпайы арқылы әр топтың ұпайын есептеу. «Білім тарланы» атағына ие болған оқушыны анықтап, марапаттау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

         Қазіргі кезде математиканы оқытудың бүкіл әдістемелікжүйесі жаңару үстінде. Білім сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, әрбір сабақты түрлендіріп өту әрбір мұғалімнің басты міндеті және мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Өмірден алынған практикалық мазмұнды есептер оқушыларды алдағы мақсатқа жетуге деген табандылық пен сенімділікті қалыптастырады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дәстүрден тыс сабақтар өткізу
Призма және оның қасиеттері
Жай бөлшектерді қосу
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығулары
Жай бөлшектерді қосу мен азайту
Көпжақтардың көлемін табуға есептер шығару.
Призма көлемі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5124 | Қосты: Ауелгазина Куралай Кудайбергеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык