Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш


Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»
Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған әдеби кеш
Кештің мақсаты:
Қазақ поэзиясын мұзбалағы атанған ақынның өмірі,шығармашылығымен таныстыру,поэзия құдіретін таныту,ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру.Ақын өлендері арқылы халқына,тілге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекілік құралдар:ақын портреті,слайдтар,кітап көрмесі,ақын туралы жазылған пікірлер,техникалық құрал-жабдықтар,аудио аппаратура.
1-жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші:Армысыздар,ардақты ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші: Жыр дүлділі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 84 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Қарасаз,қара шалғын өлеңде остім,
Жыр жазсам,жұртым,елеңдестің.
Өлсе өлер,Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас,алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі айтқандай,оның өлеңі өмірден өзі кетсе де,өшпей жалғасын тауып келеді.
1-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
2-жүргізуші:
Иә,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.
5 «ә» сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты.Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.
2-жүргізуші:
Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды.Хантәңірі нақ осылай.Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
5 «г» сынып оқушысы Алимова Жасмина «Досым» өлеңін оқиды
1-жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай!-
деп мыңдаған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды.Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз.Бірақ арамызда ақынның әзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.
2-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Райымбек ауданында,Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келген.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты-Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,-деп еркелетіп,қысқартып Мұқағали атап кеткен.Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.
(Слайд көрсетіліп жатады)
6 «ә» сынып оқушылары «Ауруханада» көрінісі
1-жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-
деп жырлағандай,саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
2-жүргізуші:
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады.)
Көркемсөз 7 «ә» сынып оқушылары
1-жүргізуші:
«Аққу-киелі құс».Олар екеу болып қана өмір сүреді.Аққуды қазақ ежелден қастерлеп,бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады.Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды.Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
2-жүргізуші:
Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,
Қош енді,қош болыңдар гәкку-наздар!
Кеудемде күңіренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.
7 «ә»сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» көрінісі
1-жүргізуші:
О,махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
2-жүргізуші:
Гүл едің
Елтіген түнім едің.
О,махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Ақынның махаббат сезіміне арналған 8 «ә» сынып оқушыларының дайындауымен «Махаббат аялдамасы» атты көрінісін тамашалап көрейік.
1-жүргізуші:
Жақындық сеземін-
Жерден де,аспаннан,
Жылылық сезінем-
Мұздардан, тастардан.
2-жүргізуші:
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-
деген өлең жолдары бір көрегендікпен,сезімталдықпен жазылғандай.Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі тірі екеніне бүгінгі кеш,оқылған өлеңдері,оны сүйіп оқып,өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.
Көркемсөз 9 «ә» сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Фариза!
Фариза жан,Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан табылса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
2-жүргізуші:
Уақыт көші жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың бізге беймәлім құпиясы күрделі де сырлы қалпынан жазбай, асқақтай түспесе, «бәрін білдік,түйдік» деп есептеуге әуес пенделік санаға сыятын түрі жоқ.
Ендігі кезекте 9 «ә» сынып оқушылары дайындаған «Фариза» қойылымын көрелік.
1-жүргізуші:
Мұқағали-ғажайып, ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.
2-жүргізуші:
Қалқам,мен Лермонтов,Пушкин де мен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...
Көркемсөз 10 «ә» сынып оқушылыры
1-жүргізуші:
Мұқағали ақынның жырлары-тіршілік тамырындай мәңгі жырлар.Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.
2-жүргізуші:
Ақынның өлеңдерінде ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.
Ендеше әнге кезек берейік.
10 «ә» сынып оқушыларының орындауында «Жарығым-ай», «Жас қайың» әні.
1-жүргізуші:
Сен қазақтың қазақтығын жырладың,
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген
Қара өлеңнің-жалындаған жырларың.
2-жүргізуші:
Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жылдарыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңгі есімің жадымызда қалады.
Ән 8 «ә» сынып оқушысы Ерменбаев Данияр
1-жүргізуші:
Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін қазынасы.
2-жүргізуші:
Құрметті тыңдарман қауым!Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа,ізгілікке,өз ұлтын сүйе білуге баулысақ,сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес,өмірде де,күресте деүлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.
1-жүргізуші:
Әрқашан жүрегіңізді ән әуелеп,жандарыңызды жыр тербесін.
2-жүргізуші: Осымен кешіміз аяқталды.Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет.Қош,сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны »
Сен тірісің жан аға халқың барда
Қарасаздан ұшқан қарлығаш
Жырлайды жүрек
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
«Дауа» атты кітабынан әдеби-сазды кеш
Шақырады көктем
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
Жырлайды жүрек
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 12057 | Қосты: Оңалбекова Эльмира Сайлаубекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык