Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ел болашағы-білімді ұрпақ


Ел болашағы-білімді ұрпақ

Ел болашағы-білімді ұрпақ

“Ел болашағы-білімді ұрпақ”

Мақсаты: оқушылардың білімін ортаға салу. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту. Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс.

Көрнекілігі: слайдтар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз бүгінгі күнді үлкен мейрам етіп атап өтейік. Қонақтарға біз өткізгелі отырған сайысымызда білімімізді жақсылап көрсете білейік.

         Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Ел болашағы – білімді ұрпақ». Сайыстың мақсаты: білімімізді ортаға салу, сөздік қорымызды молайту, өзімізді саналы, ізденімпаз, елімізді құрметтейтіноқушы болуға тірбиелеу.

         Біздің бүгінгі негізгі тақырыбымыз Отан туралы болмақ. Сондықтан слайдтар арқылы аздап шолу жасап көрейік.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.  

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Қазақстан – біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдың шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жарасып жатыр.

         «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай, Отан - кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі ортасы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

«Тауды биік деме сен,

Талаптансаң – шығарсың.

Жауды мықты деме сен

Білімді болсаң - жығарсың» дегендей, бүгінгі «Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. Сынып оқушылары сандықшадан жұлдызшалар алып, олардың түсіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бұл білім сайысы 7 кезеңнен тұрады.

 1-кезең: Күш білімде
 2-кезең: Аудармашы
  3-кезең: Поэзия минуты
  4-кезең: Шапшаңдық
  5-кезең: Әріп жұмбақ
  6-кезең: Мақал-сөздің көркі
  7-кезең: Капитандар сайысы

Сонымен  1-кезең: Күш білімде.

1-топқа:

  1. Мемлекеттік рәміздерді ата.
  2. Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туының авторлары?
  3. Қазақстан Республикасының реңдік бейнесі?
  4. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
  5. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі?
  6. Қазақстанның астанасы қай қала?
  7. Қазақстан қандай мемлекет?
  8. Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?

2-топқа:

1.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жоғарғы және төменгі жағында не бейнеленген?

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?

3.Тұңғыш қазақ ғарышкері?

4.Қазақстанда қанша облыс бар?

5.Астананың символы?

6.Алатаудың етегінде орналасқан Қазақстанның ең сұлу қаласы?

7.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада?

 8. Қазақстанның тұңғыш астанасы?

 

2-кезең: Аудармашы

             1-топ

1.Золотой браслет-

2. Серебряные серьги-

3. Деревяный стол-

              2-топ

4. Хорошее изделие-

5. Красивое украшение-

6. Дорогое колье-

 
3-кезең: Поэзия минуты
Екі топ мүшелері кезекпен білетін өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды.

  4-кезең: Шапшаңдық

Сөзден 2 минут ішінде бірнеше сөз құрап жазуларың керек.

“Қазақстандықтар” 
 

5-кезең: Әріп жұмбақ

1.Өнерде бар,

   Талапта жоқ.

   Өрнекте бар,

   Оюда жоқ.

2. Аяқта бар,

    Баста жоқ.

    Таяқта бар,

    Таста жоқ.

3. Әріпте бар,

    Әдепте жоқ.

    Жерде бар,

    Селде жоқ.

4. Ініде бар,

    Бауырда жоқ.

    Жеңілде бар,

    Ауырда жоқ.


  6-кезең: Мақал-сөздің көркі

Бұл кезеңде мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады, соңын топ сайыскерлері толықтырады

1. Туған жер - . . .

2. Өз елім - . . .

3. Отан - . . .

4. Туған жердей жер болмас,

    . . .

5. Отанды сүю . . .

6. Отан үшін отқа түс - . . .


  7-кезең: Капитандар сайысы

1-топқа:

  1. Сенің атың кім?
  2. Сен қайда оқисың?
  3. Сен нешінші сыныпта оқисың?
  4. “Ұстаз” деген сөздің синонимі қандай?
  5. Дәптерге немен жазасың?
  6. Қазақстанның рәміздері?
  7. Қазақстан Республикасының бас қаласы?
  8. Р Президенті кім?

2-топқа:

  1. Неше жыл мезгілі бар?
  2. Бір жылда неше ай бар?
  3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
  4. Бір аптада неше күн бар?
  5. 16 желтоқсан қандай мереке?
  6. Алтын сақина неден жасалған?
  7. Сен қай мемлекетте тұрасың?
  8. Буынның түрлерін ата.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Тіл сайысы
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
Менің Отаным – Қазақстан
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Қазақстан-менің Отаным
Білімді мыңды жығар
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары
Отан
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6129 | Қосты: Алтынтурина Айжан Утеуликызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык