Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 1777 |
|
|
|
Елім менің думаны
Тақырыбы: «Елім менің» думаны
Мақсаты:
Білімділігі: қазақ халқының тарихы, сал-дәстүрі, ұлы тұлғалар туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру;
Тәрбиелігі: топтасып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізденімпаздылыққа, білімділікке, әдепті сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, «Елім менің» думанының нышандары.
Қатысушылар: Екі топ 6 «А» сынып оқушылары.
Жүргізуші: Кенжебаева Нұрия
І. Ұйымдастыру:
Әр топ басшы өзінің тобын таныстырады.
І топ: «Болашақ» тобы. Басшысы - Азат______.
Топ мүшелері:
1) __Ақниет_________________________
2)__Жансая_________________________
3) __Еркінбек_______________________
ІІ топ: «__Алаш______» тобы. Басшысы – __Жанат______.
Топ мүшелері:
1) ___Айбар_____________
2) ___Гүлмира___________
3) ___Аян_______________
Ойын шарттары:
І айналым: «Видеосұрақ»
ІІ айналым: «Фразеологиялық сөз тіркестердің мағынасын табу»
ІІІ айналым: «Әйгілі есімдер»
ІV айналым: «Cөз мерген»
V айналым: «Сұрақ - жауап»
VІ айналым: «Сөз құрастыру»
Мұғалім сөзі: Құрметті ынталы оқушылар, ұлағатты ұстаздар, қадірменді қонақтар сіздерді бүгінгі «Елім менің» думаны» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін. Барлық оқушыларды тәрбие сағатымызға бір кісідей жұмылып, атсалысып отыруға шақырамын.
Жүргізуші: Арма, құрметті көрермен! Сіздермен бірге елжанды ұл мен қыздың думаны: Елім менің!
Думанның жүргізушісі мен Кенжебева Нұрия, сонымен қатар өз топтарын баптап, бәйгеге қосатын екі топ басшымыз бар, олар оң қанаттағы – «___Болашақ_______» тобы, сол қанаттағы - «_____Алаш_____» тобы.
Олай болса, ойынымызды бастайық. Ойын 6 айналымнан тұрады. Әр айналым біткен соң, топ мүшелері өздеріне жасырылған әнді табу арқылы 2 ұпайды жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалады қанат қақпай-дей отырып сыныбымыздың жезтаңдай әнші қыздарымыз Индира мен Шынарды ортаға шақырамыз.
І айналым. І айналым 3 кезеңнен тұрады.
1 – кезең.
«Видео - сұрақ». Экранға назар аударайық.
1) «Менің атам – Қожа» фильмінен үзінді.
Сұрақ: «Қандай фильмнен үзінді?», Фильм қай жылы түсірілген?
Жауабы: «Менің атым – Қожа», 1963ж.
2) «Майк Тайсонның бокс жарысынан» үзінді
Сұрақ: Әлем чемпионы Майк Тайсонның ұстанған дін?
Жауабы: Ислам.
3) « Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіледі
Сұрақ: Қандай фильмнен үзінді? Бекежанның рөлін сомдаған актер кім?
Жауабы: «Қыз Жібек», Асаналі Ашимов.
2 – кезең. Жырдан үзінді беріледі. Қандай жырдан берілгенін табу керек?
1-топ.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары,
Жазғы түске сағымдай.
Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай
Оймақ ауыз құмар көз
Іздеген ерге табылады-ай.
Жауабы: Қыз Жібек.
2 – топ.
Бірнеше күн жол жүріп
Аз ғана емес мол жүріп
Өткен күндері болғанда
Қара жолдың үстінен
Қалың жылқы жарылып
Екі жақта қалады.
Жауабы: Қобыланды.
3-кезең. Шығармадан үзінді беріледі. Шығарманың аты, авторын табу керек.
1-шығарма. Даланың күнге күйіп аптады өткен
Үстінен бұлт шықты қаптап көктем
Қуанды шаруалар: «Я, құдайлап» ...
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауабы: «Қара бұлт», А. Байтұрсынов.
2 – шығарма. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – жердің жөнін кім сұрар?
Жауабы: «Мен кім?», М. Жұмабаев.
Алғашқы есеп:
І айналым бітті, олай болса сіздерге ән жасырылады, қай топ әнді дұрыс тапса, сол топқа 2 ұпай беріледі.
Ән: Мұнайма.
ІІ айналым. ІІ айналым 2-кезеңнен тұрады.
1 – кезең. Экранда фразеологиялық сөз тіркестер беріледі. Сол сөз тіркестердің мағынасын табу керек.
Ақыл қосты /кеңес берді/
Ат ізін салмай / хабарласпау/
Бармағын тістеу /өкіну/
Жағасын ұстау / таңдану/
Отқа май құю / өршіту/
Төбе шашы тік тұрды / қорқу/
Қозы бағым жер / жақын жер/
Ит арқасы қиянда / алыс жер/
Сүт пісірім уақыт / азғантай уақыт, тез/
Кірерге тесік таппау / ұялу/.
2- кезең. Даналар сөзі беріледі, авторын табу керек.
1-топ.
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы да, арасында жаман да бар.
Бір күн жарлы отырып ойға қалды
Байларға еңбір сарың көзін салды.
Жауабы: А. Байтұрсынов.
2-топ.
Саулық берсін жасыңа, кәріңе де,
Жазылмайтын дертім бар дәріңе де.
Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін,
Төзіп келем әйтеуір бәріне де.
Соңы қалды өмірдің басы кетім,
Жаратқан ба табиғат жасық етін?! Жауабы: Қ. Мырзағалиев.
Есеп:
ІІ айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.
Ән: Өз елім.
ІІІ айналым. ІІІ айналым 2-кезеңнен тұрады.
1-кезең. Топтар өздері дайындап келген көнерген сөздерін жасырады.
1-топ, 2-топ.
2-кезең. «Әйгілі есімдер» - топ басшылары парақта жазылған есімдерді синоноим, мимика арқылы түсіндіріп айтады.
топ 2 - топ
Қазыбек би Абылай хан
А.Құнанбаев Ш. Құдайбердіұлы
Илья Ильин Серік Сәпиев
Мұхтар Әуезов Мұхтар Шаханов
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаев
Сара Назарбаева Дариға Назарбаева
Баян Есентаева Қарақат Әбілдина
Жүрсін Ерман Есен Елеукен
«МузАрт» тобы «Жігіттер» квартеті
Аристотель Әл-Фараби
Есеп:
ІІІ айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.
Ән: Армандастар.
ІV айналым: 2 – кезеңнен тұрады.
1-кезең. Күрделі сөздер беріледі, сөздерді шатаспайды айту керек.
1-сөз. А – д – ы – р – н – а – л – а – р.
2-сөз. Ж – ұ – м – ы – с – ш – ы – л – а – р.
3-сөз. М- ұ – з – ж – а – р – ғ – ы –ш.
4-сөз. Д – а – ң – қ – т – ы – л – а - р.
2-кезең. Екі топқа Асықтар әкелінеді.
1-топқа «бүк» жатқан асық қайысы.
2-топқа «шік» жатқан асықты табу.
Есеп:
ІV айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.
ән: Әгугай.
V айналым: 2-кезеңнен тұрады.
1-кезең. Сенесің бе, сенбейсіз бе? сұрақ – жауап.
Бұл айналымға топ басшылары қатыспайды.
1-топ сұрақтары
Әлемдегі алтын қоры бойынша Қазақстан 10 орында дегенге сенесің бе?(жоқ 6 орында)
Қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтбасов 56 медаль иеленгеніне сенесізбе?(я) ол 28 мемлекетте күресип тұңғыш қазақ палуаны атанған.
Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалардың 6 мыңнан астам кен орны бар екеніне сенесіз бе? (я)
2-топ сұрақтары
Қазақстан жерін 126-дан астам ұлт өкілдері мекендейтініне сенесіз бе? (я)
Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанда екеніне сеніз бе (я) атырауда
Әлемнің екінші ұстазы Қазақстанда туған дегенге сенесіз бе? (я) Әбу-насыр Әл-Фараби
2-кезең. Жағрафиядан сұрақ:
1-топ. Экранға назар аударайық. Қазақстан картасы берілген, көрсетілген қай қала? /Ақтау/
2-топ. Экранға қарайық. Қазақстан картасында көрсетілген қай қала?
/Қарағанды/
Есеп:
V айналым бітті, келесі жасырылған әнді тыңдайық.
Ән: Құстар қайтып барады.
VІ айналым: «Сөз құрастыру»
о/а, л/р, ы/а, б/ж.
1-топтың сұрағы:
1.Нанды баспа обал болады
2. Бала тілі бал
3.Ескі жара аузын тырнады
4.Бері тарса өгіз өледі
Әрі тартса арба сынады
5.Біреуге жала жаппа
6.Қонақ ғайым, несібе ғайып, ажал ғайып
7.Түс көрсең жақсыға жоры
а/т, с/қ, а/ы, р/л.
2-топтың сұрақтары:
1. Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
2. Ақыл жастан
Асыл тастан
3. Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт
4. Көмірдің түсі қара
5. Астана әсем қала
6. Көмекке келу асар салу
7. Өзін-өзі тану пәні сабағының авторы Сара
Есеп:
Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
«Қазақ биін» билесін мың бұралып,
Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп ортаға сыныбымыздың биші қыздары Индира мен Шынарды шақырамыз.
Қатысқан топтарды марапаттау.
Жүргізуші:
Үлгі бізге – ата – баба ерлігі,
Ұлағатты, өнегесі, еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі! – деп құрметті ойыншылар, осымен ойынымыз өз мәресіне жетті.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |