Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зерде.



Зерде.

Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Барысы:

Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Білімменен тәнті етеді тектілер,

Мұратына білім қалды жеткізер.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Бірінші айналымның аты – «Білгенге маржан». Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.  

 Екінші айналым – «Әліппе». Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

Үшінші айналым – «Құрастырма сурет». Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.  

 Төртінші айналым – «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты – бір минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.

Бесінші айналым – «Сөзжұмбақ». Бұл кезеңде жүргізуші қазақтың бір жұмбағын оқиды. Оның шешуі сиқырлы кітапта жасырылған. Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды. Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы кубокты табыстайды.

«Зерек интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!

                  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің.
"Зерде" интеллектуалды ойыны 2 сынып
"Әр бала - болашақ данышпан"
Жұлдызды сәт
Мемлекеттік тіл-менің тілім
Жүзден жүйрік
Менің жұлдызды сәтім ойыны
Квадрат теңдеуді шешу
Өнерлі өрге жүзер
Жұлдызды сәт
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2606 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык