Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран


Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран

Тақырыбы: Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран (cоғыс ардагерімен сыр-сұхбат)

Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ халқының басынан өткен оқиғаларға тоқталу, Ұлы Отан соғысы туралы, адамдардың еңбегі жайлы , батырлардың ерлік істері туралы түсінік беру. 
2.Өз еліне деген мақтаныш сезімін дамыту.Көркем сөздерді өлеңдерді оқи отырып тілдерін, сөздік қорларын дамыту. 
3.Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптасыра отырып, туған жерін сүюге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, батырлардың суреттері, Ұлы Жеңістің 69-жылдығына арналған альбом, шарлармен, гүлдермен безендірілді. 
Сабақтың барысы: 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. (слайд Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері)
Жүргізуші:
 -Өмір өзі мінбесінен сөз берді, 
Тебірентіп толғанатын кез келді.
 Қан төгісті көрсек те кешегі, 
Айтамыз біз естігенді сезгенді.
 -Соғыс берді аналарға жесірлік,
 Дей алмаймыз "Санамыздан өшірдік" 
Боздақтардың қаны судай төгілген
 41-де көрмеді жұрт не сұмдық?
Жүргізуші:
Бүгін біз Сарыағаш қаласының тұрғыны, соғыс ардагері  Сүлеймен Шаменов атамыз қонаққа келіп отыр.  3а сынып оқушыларының «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа - ұран» тақырыбындағы тәрбие сағатын тамашалайды. Сабақ соңында ардагер атамыздың соғыс кезіндегі ерліктері, естеліктері жайлы сыр – сұхбат жүргіземіз.
 
1-оқушы.1-слайд(Партизан туралы) 
Партизан тау мен таста жатып бұққан, 
Жауларын кез-келгенде атып жыққан. 
Бір жанын құрбан етіп Отанына
 Батырлар тайсалмаған жауған оқтан. 
Партизан Тоқтағам, Әди, Қасым. 
Тиіпті атқан оғы жауға басым ,
 Еліне жеңіспенен аман келген, 
Батырлар ұзын болсын өмір жасың.
 Өмірде нәрсе барма ұмытылмайтын, 
Шайнамай жеген асың жұтылмайтын.
 Елімнің жан аямас батырлары
 Алдынан қашқан жауы құтылмайтын. 
2-оқушы.2-слайд(Б.Момышұлының суреттері) 
Мың құбылып тұрсадағы бар маңы 
Адамзатты алға бастар ар заңы.
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан
 Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа тағылым
Бойға жиған ақылы  мен  сабырын.
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын
Жауынгерді айналдырып құрышқа
Тайсалмастан талай кірген ұрысқа.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Жалғандық пен Ақиқаттың туындай.
Мың қылышты от қайраққа-жаныған
Туған жерді өз үйім деп таныған.
Жалындаған жастар керек еліме 
Батыр баба қасиеті дарыған.
3-оқушы.
3-слайд(Әлия  Молдағұлованың суреттері,үзінді кино)
Даламыздың даңқысың 
Балауса гүл-балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан,
Сенің алтын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.
Бірге соқсын дүрсілдеп,
Туған жермен жүрегің.
Ауасында жүрсің сен-
Әнге қосып жүр елің.
Ән: “Әлия”
4-оқушы.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар,наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыңдар.
5-оқушы:
Соғыс деген залалы ғой заманның,
Соғыс деген қайғысы ғой адамның.
Қара тұман құлы болған көк аспан,
Соғыс деген қарғысы ғой даламның.
Соғыс десе түршігеді жанымыз,
Дұшпан десе қайнайды ғой қанымыз.
Ал мен болсам адамзатқа тіледім
Шырқалсын деп бейбіт әніміз.
Би:”Сарбаздар ” ұлдар тобы.
6-оқушы:
Елді қорғауға қанға сіңген қасиет
Бабалардан ұрпақтарға өсиет
Отан үшін қанын төккен ерлерге
Бүкіл халық құрмет жасап бас иеді.
7-оқушы:
Бейбіт күн мәңгі антымыз,
Достықта жасау салтымыз.
Қарумен емес ақылмен
Шешіпті жауды халқымыз.
8-оқушы:
Тыныштығын қорғап ана баланың 
Гүлге оранған бейбіт қала даланың
Табиғатын,туған жерін аймалап
Ұландардың тұр дайындап жарағын.
Би: ”Көңіл толқыны”
9-оқушы:
Соғыс десе қатуланам,қиналам,
Рас,оны көрдік біздер кинодан.
Оққа оранып от кешкен арыстардың
Арқасында аман қалды бұл ғалам.
Сахналық көрініс:“Соғысқа аттанған жауынгер”
Би: “Вальс”
Жүргізуші:-Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.Кешегі бойына ерлікпен,жігер тұнған жауынгер,бүгінгі ел құрметіне бөленген ардагерлер.Ардагерлер Жеңіс күнін жақындатты.Бүгінгі бейбіт өмір соның дәлелі емес пе?
-Қазақстан бүгін міне,достықтың туын тіккен жер!
-Мәуелі бақтай жемісін шашып көп ұлтты.
-Қазақстанның бүгінде еңсесі биік,көңілі көтеріңкі,қадамы мығым!
 -Қазақстан мәңгілік ел!
Ұлы отан соғысының ардагері Сүлеймен Шаменов атамен сыр – сұхбат.
- Соғысқа қанша жасыңызда аттандыңыз?
- Соғысқа 20 жасымда аттандым.
- Ұлы отан соғысында қандай ерлік көрсеттіңіз?
- Украина жерінде неміс әскерлері біздің әскерлерге тұтқиылдан шабуыл жасады, сонда біздер аз ғана әскерімізбен жау әскерлеріне тойтарыс бердік.
- Ұлы отан соғысы кезінде жаралындыңызба?
- Украина жеріндегі ұрыста біздің полктан 12 адам бүкіл неміс басқыншыларына карсы шабуылда он адам каза болып,екі адам,  мен және полк командирі аман қалдық. Сол жерде мен аяғымнан жараландым. Госпитальда жатқан кезімде шамасы таңғы 5-терде жеңіске жеткенімізді естідім.
- Соғыстан келгеннен кейін қандай жұмыс атқардыңыз?
- Есепші қызметін 17 жасымнан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін атқарып келдім.Себебі бұл мамандық менің сүйіп таңдаған мамандығым.
бүгінгі кездесуіміздің қонағы соғыс ардагері Сүлеймен  Шаменов пен және ардагердің қызы Шаменова Зинат апайды ортаға шақырып “Мәңгілік алауға” гүл шоғын қоямыз!
 
Қорытынды:  «Жұртым деп жұмылып,
Елім деп езіліп қызмет ет»
                                                                                  Б. Момышұлы.
Жүргізуші:  Құрметті оқушылар  осындай Ұлы  отан соғысының ардагерімен  кездесумен алған әсеріміз орасан зор болды  деп ойлаймыз. «Ешкімде ұмытылмайды, ешнәрседе ұмыт қалмайды » деп бүгінгі кездесу кешін аяқтаймыз.
(Соғыс ардагерімен естелікке суретке түсу)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам-майдангер
Соғыс жайлы не білеміз? Шамалы..
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Ер есімі- ел есінде
Махмет Қайырбаевтың 90 жыл туғанына арналған . «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра .» атты тәрбие сағаты.
Ерлік ұрпаққа ұран
9 мамыр Жеңіс күні!
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Отан үшін от кешкендер!
Ардагерлердің ерліктері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 11939 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык