Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Отан үшін от кешкендер!


Отан үшін от кешкендер!

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отан үшін от кешкендер!

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін  арттырып, патриоттық тәрбие беру.
2.Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, ауылдас ардагер ағаларымыздың ерлік істерімен  таныстырып, ой-өрісін  дамыту.
3. Балаларды  үлкен  адамдарды  сыйлай  білуге,  оларды  қадірлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім:   Балалар, бүгінгі « 9 мамыр – Жеңіс күні » атты сынып сағатымыз бізге  балалықшақ, бейбіт  өмір әперген Ұлы Жеңіске  арналады.
Жыл  сайын 9 мамыр күні  адамдар  ескерткіштер мен обелисклерге  барады.
Олар  жауынгерлердің  тас  мүсініне  айналған  бейнелеріне  гүл шоғын  койып, батырлар  есімін  еске  алады.
1 оқушы:  
Бұлттүнеріпаспаннан,
Талайкөзденжастамды.
Тұтқиылданжаутиіп,
Қырғынсоғысбасталды
 
2 оқушы: 
  Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
 
Мұғалім:    Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың  9 мамырына қайта оралтады.
 
Дәл  осынау  жадыраңқы жай  күні,
Болсадағы  қайғасырды, қай  күні.
Ұлы  Отаным  басын  иіп  бір минут,
Есіне  ал нақ  сол бір апат  қайғына.
( бір минут үнсіздік)
1941 жылы 22 маусым  күні  таңшапағы  жаңағана  арайлап келе жатқан           кезде  фашистік   Германия елімізге  опасыздық  пен  басып  кірді. Ұлы  Отан  соғысы  осылай  басталды. Отанымыздың  басына  ауыр  күндер  туды.
3 оқушы:   
 Ойлап-ойлап тұрдым көп
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн деп?
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, – десті сұрағың. –
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!
Мұғалім:  Өз  халқының  батырлығын  әлемге  әйгілі  еткен  қазақтың  Мәншүк  Мәметова, Әлия Молдағуловадай батыр қыздары  туралы  ақиқат  пен  аңыз  халыққа  кең  таралды.
4 оқушы: 
Сонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк  апамыз
Жауданелді  қорғаған.
Мұғалім:  Мәншүк 1922 жылы  дүниеге келген. Шын  аты  Мәнсия. Анасы еркелетіп  Моншақ  деп  кеткен. Әкесі  дәрігер  болған. Мәншүк  соғысқа өз еркімен  аттанады. Мәншүк  ол  кезде  небары 19 жаста  болған. Елін  жаудан  қорғаймын  деп  шепке  сұранып  пулеметші  болады. Өзі  қорғаған   Невель қаласында Мәншүкке  ескеткіш  қойылған.
5 оқушы: 
 Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас  мәңгілік.
 
Мұғалім: Әлия 1924 жылы Қобда  ауданы  Көк  бұлақ  деген  жерде  туған. Екі  жасында  жетім  қалып, Әүбәкір деген  ағасы  өз  тәрбиесіне  алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына  көшіп  келеді де, Әлия  сол  қалада  оқиды. Отбасының  жағдайына  байланысты  Әлия  кейін  балалар  үйінде  тәрбиеленеді. Соғыс  басталғанда  ол 17 жаста еді. Сол  кезде  майданға  өзі сұранып, атқыштар  даярлайтын  бөлімді   бітіреді.
Зымырап  жылдар  өтеді,
Жанымыз  жауға  ызалы.
Соғыста  өлген  атаны
Бөбегім сен де ұмытпа.
-    Ал, сендер Отанның  қадірін  білетін   боларсыңдар?!
Хормен:  Біз  Отанымызды  мақтан  етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз.
Мұғалім: Рақмет.
Ән:  «Әрқашан күн сөнбесін!»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Ер есімі- ел есінде
Ұлы жеңіске - 69 жыл.
Бала Мәншүк
Аталар ерлігі ұрпаққа үлгі.
9 мамыр Жеңіс күні!
Ару қыздар – алаулап от кешкендер!
Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9665 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык