Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4366 |
|
|
|
Франция
Сабақтың тақырыбы Франция
Жалпы мақсаты Сыни көзқарасын дамыта отырып, Францияның соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып көрсету.
Француз фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.
Халықтың майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу. Топтастыру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс тәсілдерді АКТ, Венн диаграммасын, Миға шабуыл,, диалогтық оқытуды қолдана отырып тақырыпты ашу, негізгі идеяны түсіну. Топтық жұмыс барысында қабілетті ой түйіндеуіне орай талантты және дарынды балаларды анықтау.
Оқыту нәтижесі Ой бөліседі, өз пікірін жүйелі жеткізуді меңгереді, өзін-өзі реттейді, салыстыра алады, өзге топтарды тыңдауға және ізденімпаздыққа, шыдамдылыққа үйренеді.
Тапсырмалар I. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл»
1.Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
2.Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
3.Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
4.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?
II. Жаңа сабақ: (топтық жұмыс)
1.Соғыстан кейінгі Франция
2.Франциядағы экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері
3.Француз фашизмінің ерекшеліктері
4.Халық майданының қалыптасуы
III. Негізгі оқиғалар мен жұмыс:
1919 жылы Францияда 2,2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.
1924-1926 жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.
1930 жылы экономикалық тоқырау басталды.
1924 жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.
1927 жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.
1934 жылы Халықтық майдан құрылды
1936 жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.
IV.Кесте мен жұмыс
№ Лигалардың аты Лигалардың талаптары
1 «Француз әскери лигасы» Фашистік диктатура орнату
2 «Патриоттық жастар» лигасы «Алтын парламентті» жою, күшті атқарушы өкімет құру.
3 «Әскери крест» «Коммунизмді құрту», «Сатқын демократияны»
Сабақты бекіту Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
Бағалау Рефлекция
Үйге тапсырма Оқулық пен жұмыс,қосымша деректер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |