Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ізденістер жолында


Ізденістер жолында

Ізденістер жолында

"Бәсеке негізі - білімді жастар"
Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты:Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Оқушылардыңбілім сапасын көтеру.
     2.Оқушы бойындағы табиғи дарын мен қабілеттерін зерттеу мен дамыту.
      3.Оқушыны келешек өмірге дайындау.
  4.Оқушы бойында кәсіби білік пен бейімділікті қалыптастыру.
"Дарын" бағытында оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына, республикалық танымдық ойындарға. пәндік іс-шараларға қатыстыру көзделеді.
"Дарын" бағыты бойынша жобаланған  іс-шаралардың орындалуы барысында оқушылардың теориялық білімдері молайып,  ғылыми-зертханалық жұмыстар жасауға машықтанады, жоғары білім алуға даярланады.
   Дарынды оқушылармен жұмыс барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың нәтижесінде:
• Салыстырмалылық ақпараттар жинауды;
• Дәлелді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• Ауқымды ғылыми жобалармен тәжірибе жасауда болжамдар мен ұсыныстар жасауды үйренеді.
  Оқушы бойында осындай ойлау жүйелері қалыптасқан болса, ол оқушыны тарих пәнінен дарынды балалар қатарына жатқызамыз. Дарынды оқушылар өз бойындағы қабілеттеріне қарай үш бағытқа бөлінеді:
- Шығармашылық бағыт
- Интеллектуалдық бағыт
- Ғылыми бағыт.
Шығармашылық бағыттағы оқушылардың бойында теориялық және практикалық ізденістер дамыған болады. Олар өлең шығару немесе шығарма жазумен айналысады. Әдетте тарих пәнінде олардың еңбегін баспасөз материалдарына жариялап отыруға болады.
Интеллектуалдық бағыт бойынша ізденетін оқуышылар тарих пәнінің барлық сұрақтарын меңгерген, кестемен, хронологиямен, тарихи тұлғалармен жұмыс жасайды. Ондай қабілеттері дамыған оқушыларды пәндік олимпиадаға, Кіші олимпиадаға, Ақбота, Кенгуру-лингвист сияқты интеллектуалдық жарыстарға қатыстырамыз.
   Ғылыми бағытта ізденетін оқушылардың ғылымға, ізденуге, зерттеуге икемі бар оқушылар болады. Оларға алдымен белгілі бір тақырып беріп, ол туралы мәліметтер іздестіріп, зерттеп алдымен реферат жаздырып үйретеміз. Содан кейін ол рефератқа тезис жаздырып үйретеміз. Осыларды үйреніп дағдыланған соң, ғылыми мақала, ғылыми жоба жаздырамыз.
  Жоғарыда аталған үш бағыттағы қабілеті бар оқушыларды әр тоқсан сайын жинап отырыс өткіземіз. Бұл отырыста дарынды оқушымен ой бөлісу, өзіндік бағалау, талдау, жетілдіру мақсатында пікірлесулер жүреді. 
   Мысалы, ғылыми бағыт бойынша жұмыс жасайтын болсақ, оқушыға «Қазақ тарихындағы Қарақыпшақ Қобыланды батырдың ролі» тақырыбында ғылыми жоба жазғызамыз. Ғылыми жұмыс дегеніміз – проблеманы табу, грекше «қиындықты шешу», «мәселені көре білу». Осы жобаны жазу барысында СТО технологиясының топтастыру, ассоциация, кілттік сөздер, венн диаграммасы т.б. элементтерін пайдаланамыз. 
   Оқытудың инновациялық технологиялары, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың нәтижесінде дарынды оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетті. Ғылыми жоба қорғап, нәтиже көрсеткен оқушылар – «Кіші жүздегі Кете руына қатысты мәліметтер» тақырыбында Тұрымұлы Абай, «Азиада алауы – жаңа рекордтар және қазақ спортының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында Владимир Арайлым. Түрлі интеллектуалдық жарыстардан Тұрымұлы Абай, Теңелов Нұрым, Теңелов Даулет, Кереев Әлімжан, Төлепова Мөлдір, Қалдыбай Жұлдыз, Сағындықов Дархан жүлделі орындарға ие болып жүр.
   Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы білім беру барысында СТО технологияларын пайдалана отырып оқушылардың сезімдеріне әсер етіп, санасына жеткізу, сол арқылы оқушыларға терең білімді меңгерту және олардың бойына жаһандану жағдайындағы отансүйгіштік қабілеттерін дамыту.  Қазақтың ағартушысы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «сабақ беру – үйреншікті жай ғана емес, ол – жаңадан табатын өнер».
Жаңа технология
 
Ұғындыру Бағыт-бағдар беру Ой-қорытынды жасау өмірде                        
                                                         Нәтиже                                                 қолдану
Жақсы мінез-құлық                     Көркем шығарма оқу      Тарихқа қызығушылық
Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының үш кезеңінде қолданылатын стратегиялар:[1:26-27].
Қызығушылықты ояту Мағынаны түсіну Ой-толғаныс
Көрнекілік Көрнекілік Топтастыру көрнекілік
Топтастыру Еркін жазу Синквейн
Болжау Сұрақ-жауап Венн диаграммасы
БҮҮ Пікірталас Кітапханаға саяхат
Аталған технология бойынша тарих пәнінен білім негіздерін толықтай меңгерген дарынды оқушылардан мынадай нәтижелер күтуге болады:
- Теориялық білімдерін практикада жүзеге асыра білу;
- Алдына келген проблеманы жеңіл әрі ұтымды шеше алу;
- Проблемалық тақырыптармен зерттеу жұмыстарын жасау;
- Кез-келген мәселеге шығармашылық шабытпен қарай білу;
- Жоғары интеллектуалдық потенциалының болуы;
- Өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті болу
 
Қорытынды
   Ғылыми жобада инновациялық технология, оның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы білім беру процесіндегі әдістемелік тәжірибелерім мен осы технологиямен жұмыс жасаудың нәтижесінде дарынды балалармен жұмыста қол жеткен табыстар айтылды. Жалпы, СТО технологиясының әдістері арқылы оқушылардың ой-пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады[5         т        :31].. 
   Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болады. 
  «Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану» атты ғылыми жобамызды аяқтай отырып, мынадай ұсыныстар келтіреміз:
 Біліммазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, ҰБТ нәтижесін көтеру;
 Оқушыларды қабілеттеріне қарай ғылыми ізденіске бағыттау, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау және ғылыми негіздеоқушылардың шығармашылық жұмысын одан әрі жетілдіру;
 Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, өмір сүруге бейімдеу.
   Қорыта айтқанда, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қоғам бізден, яғни мектеп мұғалімдерінен бәсекеге қабілеттілікті, шығармашылықты, құзіреттілікті талап етеді. Сондықтанда, үнемі ізденісте болған мұғалім ғана жаңа технологияларды пайдаланудың нәтижесінде терең ойлы, интеллектуалдық потенциалы жоғары, бәсекеге қабілетті, Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеп үлкен өмірге сенімділікпен аттандыра аламыз.
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Абжаппарқызы М.А. «Қоғамдық пәндерді оқытуда оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу». // «Қазақстан тарихы әдістемелік журнал», 2012 ж.№9 -26-27.
2.Мұхамбетова С.Қ. «Педагогика». Оқу құралы., Ақтөбе, 2006-10.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.2007-2-3.
 4. Сманқұлова Ж.Е. «Сабақ – шығармашылық үрдіс»(әдістемелік құрал). А., 2005-36.
5.Тұрлығұл Т.Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары».А., 1984-31.
6.Шардабеков Д. «Қазіргі заман сабағы: құрылымы, талдау әдістері». А., «Үш Қиян», 2008-24

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛУ
Дарынды балалармен жұмыс бағыттары.
ОҚУШЫНЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Тарих сабағындығы ғылыми-зерттеу жұмысының орны
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
Білім сапасын арттыру жолдары
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2119 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык