Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » « Көкпар» - танымдық ойын.


« Көкпар» - танымдық ойын.

« Көкпар» - танымдық  ойын.

Тақырыбы: « Көкпар» - танымдық  ойын.

 «Жүйірік болсаң озып көр» топтық  сайыс
Мақсаты: Химия сабағын этнопедагогика элементтерімен байланыстыру. Өтілген материалдарды пысықтай отырып, әдет - ғұрып, салт - дәстүрді химия пәнімен ұштастыру. Оқушыларға қазақ халқының ойындарын насихаттау, білім сапасын арттыру, ой - өрісін дамыту.
Сабақ түрі: қайталау сабағы, қорытындылау.
Әдіс - тәсіл: ойын түрінде, топпен жұмыс.
Көрнекілік: ¥лттық ойындар бейнеленген суреттер, мультимедия.

Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру. 
а) Амандасу. Саламатсыздарма! Отырыңыздар.
б) Топтың сабакка әзірлігі.
Мүғалімнің сөзі. Оқушылар бүгін бізде ашық сабак өтеді. Жарысқа үш топ қатысады, әр топта төрт оқушыдан. Жарыс сегіз бөлімнен тұрады. Көкпар бағыты бойынша өтеді.
«Көкпар»- қазақ халқының ұлттық ойыны, ат үстінде ойналатын, білегінің қарымы мығым, астында жаратқан аты бар ауыл адамдарының барлығы қатыса алады. Ал, біздің жарысымызда өз білімдеріңізбен алға озып шыға аласыздар, яғни қаншалыкты ойымызға тоқи алғанымызды көрсетеміз. Татулығымызды, бірлігімізді, білімділігімізді, бір ұжым екенімізді дәлелдейік. Іске, сәт!

1 - бөлім. 1 - бөлім. Теңге ату. ( дұрыс жауапқа -10 ұпай )

 

Әр топ өздері дайындап әкелген тест тапсырмаларымен алмасады. Бес сұрақтан болуы тиіс

Тест сұрактары.

Протон  тобы;
1. ІІ-ші период, ІҮ-ші топтың негізгі топшасының элементі
а) Ва
б) С       

в) АІ
2. Периодтық жүйеде элементтердің көлденнең бағыттағы жиынтығын  қалай аталады?
а) период
б) топ 
в) қатар
3.   2040Са – атомында  қанша
а) протон 20, нейтрон 20
б) протон 20, нейтрон 40
в) протон 40, нейтрон 40
4. Оксидтерді  көрсет

 а) HSO4,  HCI,.  H3PO4
б) K2O,   BaO ,    CO2

в) НСІ,  Са(ОН)2,   АІ2О3
5. Мына қосылыста Н2СО3 көміртегі неше валентті
а) екі 
б) төрт 
в) бес.

Электрон   тобы;
І.ІІІ периодтың ІІІ топтың негізгі топшасының элементі

 а)Ва 
б)АІ
В)Са
2. Периодтық жүйеде элементтердің тік (вертикаль) бағыттағы жиынтығы  қалай аталады?
а) период
б) топ 
в) қатар
 З. 1224Мg – атомында  қанша
а) протон 12, нейтрон 12
б) протон 12, нейтрон 24
в) протон 24, нейтрон 12

4.Қышқылдарды көрсет

а) HSO4,  HCI,.  H3PO4
б) K2O,   BaO,    CO2

в) НСІ,  Са(ОН)2,   АІ2О3

 5. Мына қосылыста Н2РО3 фосфор  неше валентті
а) екі 
б) төрт 
в) бес.
 2 - бөлім

Сырыққа шығу.( дұрыс жауапқа -10 ұпай )

 Реакция тендеулерін аяқтау
Бірінші топқа.

P+O2 ═ 

 S+O2═ 

P + Na ═

Екінші топқа.
P + H2  =
P + Zn=

 N+H2

3 - бөлім.

Орамал тастау

Топтан қысқа тез жауап алатын сұрақ қоямыз. Сұрақ қоятын адамыңызға орамал тасталуы қажет. Әртоптанүшсұрақ

Химиялық жұмбақтар шешу  ( дұрыс жауапқа -10 ұпай )

1.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепіреді «А» деген элемент. Бірақ ол  біреудің отын үрлемесе, өзі ешуақытта жанып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қаэлемент? (Оттегі)

       2. «В» деген элемент қай металдың болсын орнын басуға әзір- ақ , бірақ қанша буырқанса да , одан металл шығып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қай  элемент (Сутегі)

       3. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі  химиялық элемент.  Ойлаңызшы бұл қай  элемент? (Неон)

       4. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада , өзі химиялық  элемент. Ойлаңызшы бұл қай  элемент? (Азот)

5.Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін  есіңе түсіреді. Ойлаңдаршы бұл қай элемент?  (Боран)

6.  жер бетін күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды,

Өзін оттектің үш атомы  құрайды ( озон- О)

4 - бөлім.

Екі жеп, биге шықтым. ( дұрыс жауапқа -10 ұпай )

      Есептер шығару.


1)2Н2 + О2 =2Н2О +570кДж

80г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар.

 

2) 2 моль көмірқышқыл газының массасын және көлемін (қ.ж.)табыңдар

 

5 - бөлім( дұрыс жауапқа -10 ұпай )

Сымсызтелефон.

 

құлақтарыңызғахимияғабайланыстытерминсөзайтады, соныбір - біріңіздіңқұлақтарыңызғасыбырлапайтасыз. Соңғыойыншыдандұрыстығынбілеміз.

Рекция. Валенттілік , Молекулалық масса,

Период, тотығу дәрежесі. Атомдық масса

 

 6-бөлім.

          Санамақ.( дұрыс жауапқа -10 ұпай )

Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай айтады.

Бірінші топ. Он бейорганикалық заттарды  атап шығу.(калий оксиді варий гидроксиді, натрий карбанаты  т.б)
Екінші топ. Он химиялық реакцияларды айту қажет ((қосылу, айырылу  орынбасу, алмасу, ион алмасу, тотығу, тотықсыздану , термохим-қ, эндотермиялық , экзотермиялық)

7 - бөлім.   Жорға  ( дұрыс жауапқа -10 ұпай )

Оксидтерді теріп жазыңдар

Н2SO4, Na2O, CuO,

NaOH, SO2, Cr2O3,

 FeCl3, NO2,

 

Жарнама.
Белоктар тобы.
Атам қазақ ет - сүтпенен күн көрген,
Сол сүттің белогымен нәрленген.
Ағзаға пайдасы көп бұл белоктың.
Ей адамзат белоктан қашпағын.

Ac тұзы тобы.
— Қыздар, сендер білесіңдерме қазқтың қай тамағында тұз көп болады?
-- Ол кұрт кой!
-- Дұрыс. Ал оны калай әзірлейтінін білесіндерме?
— Алдымен сүтті ұйытамыз. Оны дорбаға салып суын сорғызамыз. Кейін оны ыдысқа салып, үстіне тұз қосып араластырамыз. Дайын болған ботқаны қолдың көмегімен түрлі фигура жасаймыз. Оны кептіргеннен кейін мынадай өнім шығады. Міне тұз барлық тағамның дәмін келтіреді. Қазақта халқында мынадай мақал бар«Қыз ауыр ма, тұз ауырма» 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оксидтер
Атомдардағы электрондардың қозғалысы.
Бастапқы химиялық ұғымдар
Атом құрылысы. Атом ядросының құрылысы. Изотоптар
Жай және күрделі заттар ,салыстырмалы атомдық масса және молекулалық масса.
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымын негіздеу
Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы.
Атом құрылысы. Атом ядросының құрылысы. Изотоптар
Тұрақты электр тогы
Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2268 | Қосты: Гүльнар Сариева Галламовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык