Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кітаппен бірге ер жетеміз


Кітаппен бірге ер жетеміз

Кітаппен бірге ер жетеміз

Мақсаты: Оқушылардың кітап туралы білімдерін кеңейту, кітапты сүйе білуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дәйексөздер
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге.
Абай 
Көп  жасаған білмейді,
Көр оқыған біледі.
М.Әуезов
 
Кітап – көп ақылдың құйылған көлі,
Кітап – халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы
Ө.Тұрманжанов
 
Кітап көрмесі: «Кітаптар әлемі»
 
Сабақ барысы: 
 
Кітаптар падишасы:
 
Тыңдаңыздар, балалар,
Менде қызық бәрі бар.
Кітаптардың сан алуан, 
Түрлі-түсті сыры бар.
 
Алғашқыда кітаптар қалай пайда болған? Дүниеде әлі кітаптар пайда болмай тұрған кезде адамдар ертегі, аңыздарды ауыздан-ауызға айтып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Оларды алғашқы адам – кітаптар десе де болар еді...
Уақыт өте келе, адамдар сурет салу арқылы өз ойларын білдіре бастайды. Кейін таңба орнына әріптер шықты. Кітаптың шығуы жазу өнерінің шығуымен тікелей байланысты.
Арабтың «кітап» деген сөзі «жазу» деген мағынаны білдіреді. Кітап – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.
Ежелгі заманда Мысыр, Шығыс елдерінде Грекия мен Римде кітап қыш тақталарға жазылған. Оның жұмсақ бетіне үшкір қалақшалармен жазулар жазылды. Қыш кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді. Осылайша қыш кітап дүниеге келді. 
Кітап тас бетіне қашалып жазылған. Ашық аспан астында тұрған осындай тас кітаптар («Көне түркі руна жазбалары» кітабындағы суреттерді көрсету) да болған. 
Мысырда суда өсетін папирус деп аталатын өсімдіктердің жапырақтарына жазулар жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықталып оралды. Олар орама кітаптар деп аталады.
Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда Кіші Азия мен Пергам патшалығында шеберлер жануарлар терісінен жазу жазатын материал дайындады. Ол сол патшалық атымен «пергамент» деп аталды. Пергамент дәптершелер бір-біріне қаттала тігіліп, ағаш мұқабалармен қапталды. Енді түптелген, парақты кітаптар пайда болды.
Біздің заманымыздың ІІ ғасырда Қытай елінде қағаз жасалды. Орта ғасырда қолжазба кітаптар шыға бастады. Кітаптар іші әдемі суреттелген, мұқабалар алтын, күміс, бағалы тастармен әшекейленді. Қолжазба кітаптар саны аз, бағасы қымбат болды.
ХІ ғасырда Қытай өнертапқышы Би Шэн, ХV ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг әріптерді металдан құйып, кітап бетін сол әріптермен теріп құрастырды. Бұл өнертабыс кітап басу ісін өркендетті.
Кейін кітап басу ісі автоматты машиналармен жүргізілді. Қуатты машиналар сағатына 4-5мың дана көшірме басып шығарады. Қазір баспалар компьютерлендірілген. Полиграфия комбинаттары жұмыс жасайды. «Атамұра», «Алматыкітап» т.б.
Халқымыз кітапты аса құрметтеген. Сондықтан «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім –өмір шырағы» - дейді.
 
Балдырған:
 
Оқулығың – құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
 
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе!
Мына бізге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
 
Бала би:
 
Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл  дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
 
Балдырған:
 
Мынау менің кітабым,
Аса құрмет тұтамын.
Шөлдеп келсем, ашып ап,
Білім нәрін жұтамын.
 
Жұмбақбай атай:
 
Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң,
Өмір сырын білерсің.
(Кітап)
Көлемі шағын, көп қырлы,
Қолдан-қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры,
Ішіне сыйып кетеді.
(Кітап)
 
Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
(Кітап)
Кітаптар падишасы:
«Менің алғашқы кітабым» топтамасы бойынша. «Бұл кім? Ол не?» ойынын кубизм әдісімен жүргізеді. Екі түрлі-түсті кубик барлық беттері нөмерленген. Нөмерге сай екі түсті сұрақ парақтары дайындалады. Парақтың бір бетінде нөмері жазылады, екінші бетінде ертегіден суреттер салынған. Кубикті лақтыра отырып, оқушы өз сұрағын тандайды да,келесі бетіндегі ертегінін атын,кейіпкерлерін,не туралы екенін айтып береді.Ойын осылайша жалғасады.
Ойын аяқтала бергенде ренжулі күйдегі кітап кіреді.«Оқушы мен кітаптың тілдесуі»көрінісі
 
Оқушы:
Ақыл ойдыңиесі,
Бар ғылымның жүйесі.
Қуанышы көңілдің
Баспалдағы өмірдің.
Жан азығым серігім,
Ардақтамас сені кім?
 
Кітап:
Күнде өсіп келемін,
Көрік берем білемін.
Көптің тауып керегін
Кезінде айтып беремін.
Білмей жүрген осыны,
Біліп жүрмін әркімді.
 
Оқушы:
Айтшы, құрбым, асырмай,
Айтшы, бәрін жасырмай.
Жан азығым серігім,
Ренжітті сені кім?
 
Кітап:
Кейбіреулер ерігіп,
Бос жүргеннен зерігіп,
Бетімді тек ашады,
Әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады,
Шырқымды да бұзады.
Онымен іс бітпейді,
Беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жыртады,
Қайшымен де қырқады.
Налымаймын мен неге,
Бұл секілді пендеге?
 
Оқушы:
Сені сүймесе азамат,
Ақылды көп, надан аз.
Ондайлардан түңілме,
Сені сыйлар түбінде.
 
Кітаптар падишасы:
Құрметті оқушылар, міне бүгін біз кітаптың шығу тегімен таныстық. Кітапты сүйіп, қадірлей білу керек. Кітап тағдыры адамдарға байланысты болса, адамның тағдыры да көбіне кітаптарға байланысты болып жатады. Мысалы, біз кітапты оқи отырып, қиялға беріліп, саяхатшы да, сиқыршы да, оқымысты да, ғарышкер де болып кетеміз. Тіпті әр түрлі замандарға сапар шеге аламыз, дүние жүзінің кез келген жеріне саяхат жасай аламыз.
Көптеген ұлы адамдар, оқымыстылар, ғарышкерлер, жазушылар кітаптың өз өмірлеріндегі маңызын туралы көп жазған. Сол сияқты сендерге кітаптар әлеміндегі саяхаттарың сәтті болсын демекпін.
 
Кітаптың құрылысы
Мақсаты: Оқушының кітаппен өз бетінше жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Оқығанды түсінетіндей жылдамдықпен оқуға Кітап мәтініндегі негізгі ойды ажырата білу Шығарма кейіпкерлеріне баға беру
Шығармадағы оқиғаны өмірмен байланыстырып салыстыру
Оқырман – оқушыны кітап оқуға үйрету жолдары Өзіңе ұнаған, өзіңе қажет жолдарды қойын дәптеріңе жазып қою
Әдеби тілді меңгеруге жол ашу Сөздік қорын толықтыра білу Оқығанынан мәнерлеп үзінділерді жатқа айтуға дағдылану
Көрнекілігі:
 
1. «Кітаптар өздері туралы тіл қатады»
(түрлі кітаптар көрмесі)
 
2. «Менің сүйікті кейіпкерім»
(балалар салған суреттер көрмесі)
 
Қажетті жабдықтар: қағаз, қалам, желім, түрлі-түсті қаламдар
Дәйексөз: «Қойған жеріңде жатады,
                   Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады»
 
Кітапханашы:
Қайырлы күн, балалар! Мен бүгін сендерге ерекше көтеріңкі көңіл күймен келіп тұрмын. Бүгін сендердің де мейірімді, мырза, алғыр болғандарыңды қалаймын. Бүгінгі сабағымыз асыл қазынамыз. Кітапқа арналады.
 
Кітап!
Адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл хошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңе осы.
 
Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде осы сырласады.
 
 
 
Дүниедегі барлық сұрақтардың кілті
 
Мақсаты: Оқушыларды анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасай білуге, іздеген сұрақтарына жауапты анықтама қорын пайдалана білуге, кітапқа деген қажеттілікті, қызығушылықты арттыруға тәрбиелеу, үйрету.
Көрнекілігі: «Үлкендердің ақылгөйі, сөздер шежірелері»
(кітаптар көрмесі). Көрмеге энциклопедиялық, анықтамалық сөздіктер қойылады.
Плакатқа жазылатын сөздер:
«Алтын кілтпен аш та, тап!»
«Іздесең, табасың».
 
Кітапханшы:
Құрметті балалар! Дүниедегі барлық сұрақтардың кілтін кім ұстағысы келеді? Сол кілтке ие болу барлығымыздың қолымыздың келеді. Оған жету үшін сен сәл еңбектеніп, көңіліңді аударып зер салуың керек. Мұқият болайық!
Сендер сан алуан сұрақтарға жауап іздейсіңдер. Қиналған кездеріңде көмекке келетін кітаптар бар. Олар көп. Соның бірі үлкендердің ақылгөйі, сөз шежіресі энциклопедия деп аталады. Энциклопедияның өз ерекшелігі бар. Ол кітапты бет қалдырмай бастан аяқ оқып шығу шарт емес. Тек өзіңе қажет сұрақты ғана тез алуыңа болады. 
«Ол кім? Бұл не?» кітабынан сендер өздеріңді қызықтырған сұрақтарға жауап іздеулеріңе болады. «Ол кім? Бұл не?» үш кітаптан тұрады. Ол кітаптар сендердің ақыл бере әмбебап серіктерің, тұңғыш сөз шежірелерің –энциклопедияларың болып табылады.
Кітаптағы бүкіл әңгіме атаулы «А»-дан  «Я»-ға дейін алфавит тәртібімен орналасқан. Бұл мәнін білмек болған сөзді тез  табуға мүмкіндік береді. Бірінші кітаптан «А»-дан «Ж»-ға, екінші кітапта «З»-дан «Ө»-ге, үшінші кітапта  «П»-дан «Я»-ға дейінгі әріптерден басталатын сөздер жинақталған. 
Бұл кітаптарда сендерге жалпыға бірдей қысқарған сөздер кездеседі. Олар: ғ-ғасыр, ж-жыл, км-километр, т.б
Сан алуан сансыз көп сұрақтарға бір адам жауап беруі мүмкін емес. Сондықтан бұл энциклопедияны жазуға көптеген адамдар қатысқан. Олар: жазушылар, инженерлер, мұғалімдер, т,б сан алуан саладағы ғалымдар.
Әр кітаптың – томның аяғында мазмұны берілген. Әр кітаптың қасында беттің саны көрсетілген. Әр әріп басталған сайын түрлі түсті бетте сол әріптен келетін сөздер жазылған. Қажетіңді сол жолмен тауып алуға болады.
 
«Ол кім? Бұл не?» 3томдығы бойынша «Кім шапшаң, кім тапқыр?»ойынын өткізу.
Үш қатарға үш  томнан сөздер беру. Сөздер үш қатарға бөлініп жазылады. Әрбір қатар сөзді тез тауып, мазмұнын қысқаша әңгімелеп беру қажет.
Құрметті балалар! Сөз шежіресі – энциклопедиялар сендердің шексіз білім теңізінде еркін самғайтын кемелерің болсын деп тілеймін.
Сөздіктер – сауатты жазып, қисынды сөйлеу, сөздердің мән мағыналарын жақсы түсіну қажет. Сөздікте сөздер алфавиттік тәртіппен беріледі. Сөздіктердің бірнеше түрлері бар.
1. Сөздердің дұрыс жазылу емлесін білгің келсе,орфографиялық сөздік көмек береді. Мысалы, жазуда қиындық туғызатын байиды, іриді, тыю, сыяды т.б сөздерді жазуда осы сөздіктен дұрыс жазылуын қарап алуға болады. (Мысалдар келтіріп көрсетіп, оқып беру).
2. Жазылуы және айтылуы әр түрлі сөздер бар. Мысалы, жұмысшы-жұмышшы, Иманбек-Имамбек т.б. Бұл тәртіпті сендер орфоэпиялық сөздікке қарап білулеріңе болады. Бұл сөздік сөздердің дұрыс оқылуын, дұрыс жазылуын, дұрыс айтылуын үйретеді.
3. Қиын сөздердің мағыналарын түсіндіретін сөздікті – түсіндірме сөздік дейді. Мысалы, қауқар – әл – күш, қуат дегенді білдіреді.
4. Екі тілді аударма сөздік. Басқа тілдерді білу үшін қажет. Өзге тілді үйретеді, сөздік құрамын меңгертеді. Мысалы, «орысша-қазақша сөздіктен» Он верно решил задачу – Ол есепті дұрыс шығарды.т.б
 
Сөздіктермен таныса отырып, олардың бізге өте қажет кітаптар екендігіне көз жеткіздік.
Келесі танысатындарыңыз сан сұрақтың кілті –анықтамалықтар. Анықтамалықтар белгілі бір тақырыптармен шығады (Мысалдар келтіріп түсіндіру)
«Кім шапшаң, кім тапқыр?»ойынын жалғастыру.
1. Әр түрлі сөздіктер бойынша жұмыс.
2. Анықтамалықтардан тапсырма беру.
 
Қорытынды:
«Дүниедегі барлық сұрақтардың кілті» тақырыбын оқи отырып, бұл сұраққа қалай жауап беріңдер?
Дүниедегі барлық сұрақтардың кілті – кітапта. Кітап энциклопедиялар (сөз шежірелері), анықтамалықтар, сөздіктер.
Бұл кітапты дұрыс пайдалана білсек, білімді, ізденімпаз, танымы күшті тұлға болатындарыңа сенімім мол. Сіздерге көп сәттіліктер тілеймін!
 
 
Кітап-рухани қазына
Мақсаты : оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру,оқу мәдениетіне тәрбиелеу , оның пайдасы мен маңызын ұғындыру.
Білімділікке , ізгілікке, ұқыптылыққа, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : слайдтар,плакаттар,кітап көрмесі,маркер,жалауша
 
1. Ұйымдастыру бөлімі 
Балалар келген қонақтармен амандасады.
«Әдептілік белгісі
Иіліп сәлем береміз»
 
Слайд №1 кітап туралы
Жұмбақ
Бір сандық бар өзгеше
Қолыңа алып жүресің
Ішін ашып қарасаң
өмір сырын білесің
                                            (кітап)
Дұрыс-ақ «өмірдегі ең жақын кеңесшің – кітап » дегендей , бүгінгі кешіміз кітап жайлы болмақ. Білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол – білімнің бұлағы, оны бойыңа сіңіру үшін көп оқу қажет. Енді бүгінгі кешіміздің ерекшелігі , бұл сайыс түрінде өтеді. Ол үшін біздер 2 топқа бөлінемізде, жеңімпаз топ «Оқырман  топ» атағына ие болады.
Олар 1- топ «Ойшылдар»
          2-топ «Алғырлар»
Кешіміздің әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырамын.
1. Омархан Халида
2 .Нұрғалиева Мейрамгул
3.Нұрмағамбетова Фарида
 
Кітапты қай топ көп оқитынын, көп білетінін осы кеште байқайтын боламыз.
 Кешіміз 4 бөлімнен тұрады слайд № 2
1. Білім көзі- кітапта – мақал-мәтелдердің жалғасын табу
2. Оқырмандар ой айтады (оқыған ертегі,әңгімелерінен үзінді) Бұл жерде оқушы айтылған шығарманың авторын айтса ұпай қосу керек.
3. Кім тез. Оқушыларға жазушылардың фото суреттері көрсетіледі,аты-жөнін табу керек.
4. Тапқыр болсаң тауып көр. Берілген әріптер тізбегінен сөз құрастыру. Оқушылардың алдына плакат, маркер  беріліп, осы берілген сөзден сөздер шығару
 
Жауап дайын болғанда жалаушаны көтереміз
Кешіміздің соңында біздің кітапхана туралы дайындалған слайдқа назар аударыңыздар слайд №3
 
 
Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай «Қара сөздің хас шебері» атты әдеби танымдық кеш
Кештің мақсаты: О.Бөкейдің жазушылық шеберлігін, рухани келбетін ашу, әдеби тарихи-мәдени мұрамызды сақтау,жастарды отаншылдыққа,өнегелікке тәрбиелеу,оқырмандардыкітап оқуға,кітапханаға тарту.О.Бөкей - адам тағдыры,табиғат,олардың тұтастығы,бірлігін,адамның жан дүниесін зерттеуге талаптанған романтик - жазушы екендігін кейінгі толқынның жадында мәңгі сақтау.
Көрнекілігі:  слайд көрсету,қанатты сөздер,О.Бөкейдің портреті.О,Бөкейдің шығармаларынан кітапкөрмесі.
                  О.Бөкей -  « очерк жанрының шебері атты» баяндама
О.Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы,Қатонқарағай аудан ы,Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.О.Бөкей – жазушы,драматург.Ол «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы,редактордың орынбасары,қазіргі дидар газетінде әдеби қызметкер,кейін «Лениншіл жас» қазірі «Жас алаш» газетінде, «Жұлдыз журналында» «1977-1983» бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
1969 жылы                                                                                                          ҚазМУ –  бітірген «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың қасқа құлыным»,«Мұзтау», «Ән салады шағалалар», «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Атау кере», «Өз отыңды өшірме», «Құлыным менің», «Кербұғы», «Сайтан көпір» атты шығармалары. 1986 жылы « Кербұгы » әңгімесінің желісі бойынша балет спектаклі қойылды.Оралхан Бөкейдің шығармалары бұрынғы КСРО және көптеген шетел халықтары тілдерінен аударылған.
 
          Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
          Жазғандарың - қара өлеңнің сөзіндей.
          Асқақ едің,атақты едің,нар едің – 
          Туған өлкең – ор Алтайдың өзіндей, -
 
О.Бөкейдің 70 жылдығына байланысты жазушының шеберлігін рухани келбетін ашатын іс – шаралар өткізілді. Соның бірі «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің мазмұнын ашу.
Оқушылар шығарманың толық мазмұнын ашып көрсетті,осы шығарма бойынша сұрақтар қойылды.
                1.Әңгіме неге « Тортай мінер ақбоз ат» деп аталады?
                2.Тортай қандай бала?
                3.Тортай мен Ораштың шынайы достығы туралы не айтасыздар?
                4.Тортайдың дүниеде пір тұтқан жалғыз нәрсесі не?
                5.Егер сендер автордың орнында болсаңдар қандай ат қояр едіңдер?
 
Поэзия  минуты  (суреттерін көрсетіп О.Бөкей туралы ақын-жазушылардың жазған өлеңдерінен мәнерлеп оқу)
 О.Бөкей шығармаларынан монолог оқу (оқушыларға суреттер көрсету)
«Алтайдан ұшқан ақиық» атты кітап көрмесімен таныстыру.
Қорытынды: Қорыта келгенде, өмірден ерте кетсе де артына мол әдеби мұра қалдырған.
Оралхан Бөкей философ,публицист, драматург,алты Алашты аузына қаратқан «Қара сөздің хас шебері» О.Бөкей есімі кейінгі толқынның жадында мәңгі сақталады.Ақын М.Айтқожина апамыздың О.Бөкейге арнаған жыр жолдарымен аяқтаймыз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Кітап-сарқылмас рухани әлем»
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітапханалық сабақ өткізу технологиясы
Кітап- сарқылмас қазына
Ақын және кітап
Ақын және кітап
Кітап қайдан шығады?
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Білім көзі – кітапта
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 11497 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык