Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әлеуметтік қатынастар


Әлеуметтік қатынастар

Әлеуметтік қатынастар

"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" КММ

Тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі Алибекова Тарбия Кантургановна

"Адам.Қоғам.Құқық" пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Күні: 20.12.2014ж

Пәні:Адам.Қоғам.Құқық.

Сыныбы: 9 "А,Ә"

Тақырыбы:

Әлеуметтік қатынастар

Мақсаты:

Қоғам мүшелерінің түрлі таптарға,топтарға және әлеуметтік қабаттарға жіктелуі туралы ақпарат беру.

Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау.Оқытуда АКТ- ыны пайдалану.

Топтық жұмысқа үйрету.Бағалауға ынталандыру.

Оқыту нәтижесі

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымын түсінеді.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын түзетін таптар мен топтар бір-бірімен байланыссыз өмір сүре алмайтынына көз жеткізеді.

Өз ойларын еркін жеткізеді.

Негізгі идеялар:

Әлеумет,макротоп,микротоп,әлеуметтік қабат,әлеуметтік өмір аясы,әлеуметтік мобильділік.

Әдіс-тәсілдер:

Диалогтік әңгіме,ашық/жабық сұрақтар,тест,Блум таксономиясы,СТО стратегиялары,ОҮБ құралдары.

Қолданылған модульдер:

ДО,СТО,АКТ,ТжДБО,ОЖЕСО,ОҮБжОБ.

Негізгі дереккөздер, ресурстар

Оқулық,слайдтар,кеспе қағаздар,интерактивті тақта,интернет материалдары

Сабақтың барысы

Кезеңдер,уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қызығушылығын

ояту.

1)Психологиялық дайындық.

4 минут

Амандасу.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,назарларын сабаққа аудару,топқа бөлу.

"Мадақтау" тренингі.

"Халық","Әлеумет" және "Жамағат" атаулары жазылған стикерлерді таңдату арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Әр топ 1 минут ішінде басқа топ мүшелеріне мақтау мен комплимент айтады.Олар басқа топтағы оқушылардың сыртқы пішіні,адами қасиеттерінен,сабақ үлгерімінен тек жағымды жақтарын айтады.

"Бас бармақ" әдісі

І.Білу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Тест тапсырмалары.

 

 

6 минут

1. Нақты тауарды сатушылар мен сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт:

А)Ақша  В)Нарық  С)Тауар

2.Жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ереккше тауар:

А)Ақша  В)Нарық  С)Тауар

3.айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім:

А)Ақша  В)Нарық  С)Тауар

4.Сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілеті:

А)Ұсыныс  В)Сұраныс  С)Нарықтық баға

5.Тауар өндірушінің белгілі бір жерде,белгілі бір уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемі:

А)Ұсыныс  В)Сұраныс  С)Нарықтық баға

Интерактивті тақтада таныстырылған тест тапсырмасын орындайды. Тақтада көрсетілген кілт арқылы өзінің білімін тексереді.

Өзін-өзі бағалалайды.

ІІ.Түсіну.Жаңа материалға ену. Ой-қозғау.

"Әлеумет" сөзі қандай мағынаны білдіреді?Осы сөздің мағынасын аштыра отырып,ой өрбіту.

"Ойлан,жұптас,топтас"  тапсырмасы. 6  минут

Оқулықпен жұмыс.Тақырыпшаларды оқушыларға бөліп беру.

1 топ:“Әлеумет”,”Әлеуметтік топ” ұғымдарын түсіндіріңіз.

2 топ: “Әлеуметтік тап” ұғымын түсіндіріңіз.

3 топ: “Әлеуметтік мобильділік” ұғымын түсіндіріңіз.

 

Әр топтағы оқушылар мәтінмен танысып,жұп болып талдайды,бір-біріне түсіндіру жұыстарын жүргізеді.

Мұғалімнің мадақтауы.Тақырыпты түсіну деңгейлерін

"Бағдаршам" әдісімен бағалайды.

ІІІ.Қолдану.

8 минут

1 топ:“Әлеумет” ұғымына ассоциация жазыңыз.

2 топ: “Қоғамның әлеуметтік құрылымы “ кестесін құрастырыңыз.

3 топ: “Әлеуметтік мобильділік”  ұғымына сызба жасаңыз.

Оқушылар жинаған білімдерін қолданып сызба,кесте, ассоциация құрастырады.

"Екі жұлдыз,бір тілек" әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.

ІҮ.Талдау.

Венн диаграммасы

 

10 минут

Әлеуметтік қатынастардың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы талдаңыз.

1 топ: “Макротоптар және микротоптар”

2 топ: “Орта тап және төменгі тап”

3 топ: “Әлеуметтік мобильділіктің тік және көлденең бағыттары”

Әр топтан спикерлер шығып Венн диаграммасын талдайды.Сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс бутерброды.

(Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

i) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;)Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

Ү.Жинақтау.

Пікіралысу.

 

 

 

5  минут

1 топ: Әлеумет сөзі қандай мағынада қолданылады?

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына сипаттама беріңдер.

2 топ: Әлеуметтік қатынастар деп нені айтамыз?

3 топ: Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік тұрғылардың бір ұрпақ,екі ұрпақ және үш ұрпақ шеңберінде өзгеруін көрсетіңіз.

Әр топтағы  талантты және дарынды балалар тапсырмалар бойынша өз ойымен бөліседі,басқа оқушылармен пікір алысады,диалогке қатысады.

Мадақтама

ҮІ.Бағалау. 3 минут

«Синкуейн»  әдісі

Тақырыптың   аты:

Сипаты:

Қимылы:

Нақыл  сөз:

Тақырыпқа  синоним  сөз:

5 жолды өлең жазып қорытындылау.

1.Әлеумет.

2. Көпшілік,жамағат.

3. Топ,тап,қабат.

4.  Көптің қолы көкке жетеді.

5. Халық бұқарасы.

 

Оқушылар "Әлеумет" ұғымына 5 жолды өлең жазады.Әр топтан ең үздік деп табылғандары оқылады.

"Бас бармақ" әдісі

Рефлексия

Post-It «жапсырмалар»

 

2 минут

Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады: 

 

Топта немесе жеке:

Не үйрендім?

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Нені білгім келеді?

Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз.

Үйге тапсырма

1 минут

Тақырыпты оқу,тест құрастырып келу.

Күнделіктеріне жазып алады.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Әлеуметтік қатынастар
Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Қайырымдылық
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Әлеуметтік қатынастар
Дарындылар додасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7128 | Қосты: Алибекова Тарбия Кантургановна | Ілмек сөздер:
avatar
• 22 декабря 2014 15:13
Өте жақсы жазылған қысқа мерзімді сабақ жоспары, жарайсыз әріптес. Жұмысыңыз әрдайым нәтижелі, сапалы болсын.
avatar
• 22 декабря 2014 17:31
Сәлем әріптесім Айнұр! Сабақ жоспары туралы білдірген ой-пікіріңізге рахмет.Сіз деңгейлік курсты оқыдыңызба?Қай пәннен сабақ бересіз?Мүмкін болса қысқа мерзімді жоспарды жетілдіре түсу туралы пікір алысып отырсақ.Сізге құрметпен Тарбия
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык