Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мазасыздықтан арылайық


Мазасыздықтан арылайық

Мазасыздықтан арылайық

      Мақсаты: ҰБТ-ге дайындық  кезінде мектеп түлектеріне психологиялық қолдау көрсете отырып, олардың психикалық саулығын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Психоэмоциональды және ақыл-ой қысымын түсіру;
  • Үрейді азайту.

Қолданылатын құралдар:

  • Қаламдар, жылқы силуэті бейнеленген парақтар,  әріптер салынған парақтар, музыка (минусовка), релаксацияға арналған музыка.

    Сергіту сәті. Тест: «Сіз қандай жұмысшысыз?»

 

     Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жағдай жасаңыз.

  Бұл тестте жылқы  - бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды жұмысшы жылқылар деп те атайды. Сіз жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.

  • Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Бірақ сіз еңбекқор адам емессіз.
  • Егер сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т.б. салсаңыз), онда сізде жұмысқа  романтикалық қатынас басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.
  • Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. Өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады. Сіз бастаған ісіңізді соңына дейін  жекізетін  өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!
  • Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл сіздің жақсы жағдай жасалған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуелсіз болғанды қалайсыз.
  • Егер сіз жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеудесіз. Бұл сізге ұнамайды.
  • Егер сіз жылқының алдына суы немесе жемі бар астауша қойсаңыз, онда бұл сіздің жұмыс істеуіңіз үшін жақсы жағдайдың жасалуын қажет еткендігіңіздің белгісі.
  • Егер сіз жылқыға салт атты адамның суретін салсаңыз, онда сіз өз бетіңізше жұмыс істей алмайсыз, біреудің бағыт беруімен, әмірімен жүргенді қалайсыз. Сіз басқарғанды ұнатпайсыз.

Дыбыстық гимнастика.

Дыбыстық гимнастика вибрациялы массаж ретінде әсер етеді. Мұнда тыныс алу бұлшықеттері мен диафрагма жаттығады. Әр түрлі дыбыстар әр түрлі вибрация туғызады және біздің санамызға әсер етеді.

  •     «А» дыбысы кеудемізге діріл туғызып, ағзадағы дыбыстық гамманы әрекетке келтіреді. Барлық жасушаларды жұмысқа ынталандырады.
  •      «Н» дыбысы бас миында вибрация тудырады, оның оң жақ бөлігін белсендендіріп, ми ауруларын емдейді, интуицияны жақсартып, шығармашылық қабілеттілікті дамытады.
  •       «В» дыбысы жүйке жүйесін ретке келтіреді.
  •       «Р» дыбысы стресс, қорқынышты азайтады, тұтығуды емдейді.
  •       «Т» дыбысы жанды ауырлықтан тазартады, жүрек-қан жүйесін күшейтеді.

Тыныс алу жаттығуы:

 

 Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат».

Бұл медитативтік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған.

       Психолог: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Денеңізді теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.

       Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен  жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің  денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп – жүгіріңіз, секіріңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Тағы жартас үстінде тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған мына ғажайып әлемге алғысыңызды білдіресіз. Тұрған жеріңізбен қоштасыңыз. Жайлап көзіңізді ашыңыз.

Рефлексия:

-        Тренингтен алған әсерлермен бөлісіңіз? Қандай әсер алдыңыз?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас маманға бағытталған оқу- тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу
Өз ашуыңды қалай тежеуге болады?
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау
Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері. Жоғары жүйке қызметінің топтары
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы
Эксперимент жаттығуы
Ұстаз болу тренингі
«Компьютердің пайдасы мен зияны»
Көшбасшылық Блум таксономия әдісі арқылы түсіндіру.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2443 | Қосты: Нургуль Дуйсенова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык