Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас маманға бағытталған оқу- тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу


Жас маманға бағытталған оқу- тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу

Жас маманға  бағытталған оқу- тәрбие үрдісін    психологиялық сүйемелдеу

Психологиялық тренинг тақырыбы: «Жас маманға  бағытталған оқу- тәрбие үрдісін    психологиялық сүйемелдеу»

Мақсаты:1. Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық    

    ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз     

    қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген  

    сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

           2.Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.

Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз. 

                             Жарқырауына көмектес!»

Өлең шумағын оқу.

                  Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

    Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

  Ұстаз үшін шәкіртінің білім әлемінде құлашын кеңге жайып, елінің абыройлы азаматы болғанынан артық бақыт жоқ..

    Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас мұғалімдерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Психологиялық кеңес: (Қосымша кеңес кітапшасы жас ұстаздарға ұсынылады).

Біздің топ. Нұсқау: Әр қатысушыға қағаз беріледі, қағазда ән шумақтарының жалғасы арқылы бір –бірін табу.

Тест: І бөлім. “Сіз қандай жұмысшысыз? тесті.(Слайдтан жылқының силуэті көрсетіледі).Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз –осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жасаңыз.

ІІ бөлім. Сергіту сәті «Мен ең сұлумын»

Бұл сергіту жаттығуы үшін екі жеңсіз көйлек (немесе алжапқыш) және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады. Оның соңынан келесі қатысушы дәл соны жасайды.

ІІІ бөлім. «Өзіңді тереңірек тани біл».

Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз.Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.

IV бөлім.  «Бұл мен...»

Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.
Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5сөз жазып, теңеу ойлап тауып, оны қағазға жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар әрі-бері сапырылысып, бір-бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады: әрбіреуіндегі нендей нәрсе ерекше есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т.б

V бөлім. «Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Жүрісі: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

VІ бөлім. «Менің алған әсерім».

Бүгінгі тренингтің мақсаты мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.

Құрметті, Жас Ұстаздар! Сіздердің алғашқы Ұстаздық қадамдарыңызға нұр жаусын! Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық – білім мен тәрбие. Ал, сол құндылық мұғалімнің уысында. Сондықтан да, осы Ұлы мамандықтың иесі болған сіздер бақыттысыздар! Биік мақсаттарыңыздың шыңына шығыңыздар!

Жұмыста әр  күндеріңіз сәтті өтсін!


 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Эссе
Мазасыздықтан арылайық
Тіршілік иесінің бәрі –анасымен бақытты
Оқушыларға психологиялық тренинг
Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы
Психологиялық КТК
Психологиялық КТК
Жақсы көңіл-күй – жан азығы
Мен таңдаған мамандық ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4539 | Қосты: Саламатова Гулдана Каирболатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык