Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы


Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы

Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі –

«20015 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы)
Астана қ., Ақын Сара, 27
ЖИК: KZ900705012080303001, БИК: KKMFKZ2A, СТН:620 300 238 286
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ
Сатып алуды ұйымдастырушының өкілі:
 
Балапанов Нұрғали Қанатұлы – Бас басқарма бастығының орынбасары, ҚР ҚК МТҚЕББ ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы
Тел.: 47-44-58, www.mto.kz
 
1. Жалпы ережелер
1.ҚР ҚК мұқтажы үшін аралық, мультимедиялық, компьютерлік және  қосымша  антивирустік бағдарламалық жабдықтауда сатып алу бойынша жеткізушіні таңдау мақсатымен   өткізіледі.
2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі берілген конкурс (лот) үшін бөлінген сома 106 367 000 (жүз алты миллион үш жүз алпыс жеті мың) теңгені құрайды, лоттар бойынша сома осы Конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес.
3. Осы конкурстық құжаттама төменде аталғандарды қамтиды: 
1) сатып алынатын тауар тізімі конкурстық құжаттамасының 1-қосымшасына сәйкес; 
2)   конкурстық құжаттамаға 2 – қосымшаға  сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасына сәйкестендірілген; 
3) конкурстық құжаттамаға сәйкес 3 және 4-қосымшаларға заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдері; 
4) конкурстық құжаттамаға сәйкес тауарды жеткізу конкурс өнім берушінің біліктілігі 5-қосымшаға сәйкестендірілген;
5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының  4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін; 
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді: 
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын______________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелерін көрсету қажет); 
Қабылдаушы:
«20015 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Астана қ., Ақын Сара, 27
ЖИК: KZ900705012080303001
БИК: KKMFKZ2A
СТН: 620 300 238 286
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті ММ
Төлемді тағайындау коды 171
Төлем тапсырмасын ұсынған кезде ақша құралдарын уақтылы қайтару үшін конкурстық құжаттаманы қамсыздандырудан басқа келесі құжаттарды ұсыну қажет:
қызмет көрсететін банкінен есеп шотының бар екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы, мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктің көшірмесі, СТН және жеке куәлік (жеке тұлғалар үшін).
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік. 
Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінім ұсынылатын лоттар бойынша ғана конкурсқа қатысу өтінімінің қамсыздандыруын ұсынады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс. 
 
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012 жылғы «10» сәуірдің 18 сағ.00.мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Астана қаласы, Ақын Сара  көшесі 27 , ҚР ҚК Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы,  310 кабинет. Тиісті түсіндіру жұмыстары бойынша суреттемені және  белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық жұмыстар суреттемесін алу үшін  мына мекенжай бойынша міндетті түрде хабарласуы керек: Астана қаласы, Достық даңгылы, 14, тел.72-10-52. ҚР ҚК ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасы. 
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз жауап беруі тиіс: 
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге; 
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті. 
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылдың  «16» сәуірінде  18 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді. 
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады. 
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды. 
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін кездесу  орны: Астана қаласы,  Ақын Сара, көшесі  27, 2012 жылдың 10 сәуірі, 18 сағат, 00 мин.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі. 
 
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
Конкурстық өтінімді ашқан күннен бастап, өтінім берушінің конкурсқа қатысу өтінімінің мерзімі кемінде 45 күннен аспауы керек.
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс: 
1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді; 
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін: 
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды; 
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс; 
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді. 
төлем қабілетін растайтын құжаттарды; 
осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс; 
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың  30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін; 
не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын; 
Конкурстық құжаттама 9- құжаттамаға сәйкес әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі; 
Әлеуетті өнім беруші тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқылы : -әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат; -әлеуетті өнім берушіні ресми биржа листингіне енгізу туралы қор не тауар биржасынан үзінді көшірме;
3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің  мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды; 
әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді; 
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс; 
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді 
5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді; 
6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат. 
   
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
 
12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады. 
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
Конкурстық өтінімді ашқан күннен бастап, өтінім берушінің конкурсқа қатысу өтінімінің мерзімі кемінде 45 күннен аспауы керек.
13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс. 
14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс. 
15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертті желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ҚР ҚК керегіне аралық, мультимедиялық, компьютерлік және  қосымша  антивирустық бағдарламалық жабдықтауды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс» және 2012 жылғы 20 сәуірдің, 11 сағат 00 минутына «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» 
 
Конкурсқа қатысу өтінішінің тілі 
Әлеуетті өнім берушімен  дайындалған  конкурстық өтініш , барлық баспасөз хабарлама және конкурстық өтініштерге  қатысты құжаттамалар мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады.   Әлеуметтік өнім берушімен берілген құжаттар, өзге де тілде құрылуы  мүмкін, яғни құрылу шарты конкурстық  өтініш тіліне  сәйкес  бөлімі наториалды куәландырылған және осы жағдайда   конкурстық интерпретацины көздеу кезінде мемлекеттәк немесе орыс тілінде құрылған құжаттар  басымды күшке ие болады. Аударма  жок болған жағдайда , конкурстык комиссия кұжат тар көрсетілмеген деп шешеді. 
              
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: Астана қаласы, 010000 , ҚР ҚК МТҚЕББ, Ақын Сара , көшесі 27, 310 кабинет.конкурсқа қатысатын өтініштерді тіркеу және қабылдау бойынша жауапты тұлға- Жанна Викторовна Кириллова, мерзімі  2012 жылдың 20 сәуірі, 10 сағат 30 минутына минутына дейін.
18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады. 
19. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы  ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді. 
20. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Экономикадағы тұтынушы
Тауардың атауы Вирусқа қарсы лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
Біліктілігі туралы мәліметтер
Әлеуетті өнім беруші бағаларының кестесі
Битум мастигін әзірлеу
Кресло-кровать жиһаздарды құрастыру
Еңбек құқығының негіздері
Еңбек құқығының негіздері
Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 1875 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык