|
|
Сабақтың тақырыбы: Кресло-кровать жиһаздарды құрастыру
Мақсаты: Білімділік: ) жұмсақ төсек атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру.Ағаш туралы түсінік-ұғымдарын молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Жаңа жұмсақ жиһаз сатып алу үнемі ескісінің жағдайы туралы мәселені туындатады. Ескі жиһаздарды аз ғана ақшаға сатады, саяжайға апарады немесе мүлде лақтырып тастайды.Алайда басқа балама нұсқа да бар. Ол – жұмсақ жиһазды қаптау және қайта жөндеу. Бұндай шешім жаңа жиһаз сатып ала алмайтын жанұя үшін өзекті. Ескі жұмсақ жиһазды қайта жөндеу интерьерді жаңалау мен отбасы шығынын азайту үшін ыңғайлы әрі тиімді шешім болып табылады.Егер Сіз жиһаз жөндей алсаңыз немесе үйренуге дайын болсаңыз мұндай қызмет түрі кіші бизнесті ұйымдастыру үшін тамаша идея болып табылады. Жиһаз салонын ашу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол ақшалай қаражат пен уақытты, шығын шығаруды қажет етеді. Ал өте қажетті болып табылатын жиһазды қаптау және қайта жөндеу бизнесін ашу үлкен қаражат қажет етпейді.
Ғимарат. Жұмсақ жиһазды қаптау мен қайта жөндеу жұмысын тапсырыс берушінің пәтерінде іске асыруға болады. Бірақ тапсырыстар көбейген кезде жеке шеберхана ашу туралы ойлануға тура келеді, ол үшін ғимаратты сатып алу немесе жалға алу қажет. Сонымен қатар, мұндай жағдайда жиһаздарды тасымалдау үшін жүк машинасы болуы тиіс, оны да сатып алуға немесе жалға алуға болады.
Құрал-жабдықтар.
электр дрелі – 4 000 теңге
электр сүргісі – 5 000 теңге
электр қыл арасы – 6 000 теңге
шаруашылық степлер – 7 000 теңге
тігін машинасы – 38 000 теңге
құралдар жиынтығы: балға, кемпірауыз – 10 000 теңге
Жоғарыда көрсетілген құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, басқа да қажетті материалдарды дүкеннен немесе базардан сатып алуға болады.
Технология. Кәсіпкердің ең басты артықшылығы өнімді сапалы жасап, белгіленген мерзімде аяқтау болуы керек. Жиһаз қаптаудың екі түрі бар: біріншісі – жұмсақ жиһазды клиенттің матасымен қаптау, екіншісі – өзіңіздікімен қаптау. Екінші тәсіл үнемді әрі пайдалы екенін айта кету керек. Яғни сіз матаны арзан бағамен көп қып сатып алып, клиенттерге оны бөлшек сауда бағасымен есептеп, қосымша пайда таба алатын боласыз. Жұмсақ жиһазды қайта жөндеу дегеніміз – негізінен оның қаптамасы мен поролонын ауыстыру. Сонымен қатар, кейде жөндеуге келмейтін бөлшектерді ауыстыратын жағдайлар да болады. Жалпы диванның немесе креслоның арқасының биіктігін қысқарту сияқты жұмыстарды жасағаннан кейін жиһаз жаңа және заманға сай түрге ие болады.Клиентке ұсынылатын қызмет түрлері – жұмсақ жиһазды қайта жөндеу, корпусты жиһазды жөндеу, орындық жөндеу, қаптама тігу, механизмдерді жөндеу және оларды ауыстыру.
Қызметкерлер. Жұмыс үшін жөндей алатын екі шебер қажет. Жұмысшылармен жеке еңбек келісім-шартына отыру қажет.
Өткізу нарғы. Тапсырыс берушілерді тарту үшін жергілікті газеттерге, интернетке жарнама беру қажет. Жұмыстардың фото суреттерін орналастырып жеке сайт ашуға болады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |