Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің туған үйім


Менің туған үйім

Тақырыбы: Менің туған үйім

Мақсаты: Отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-

                   қатынасының ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы

                   көрсету.Адамгершілік, эстетикалық тәрбие бере отырып, өін-өзі

                    тәрбиелеуге, өз ойын ішкі сезімін ашық айтуға дағдыландыру.

Көрнекілігі:мультимедиа

Керекті құралдар:қағаздар, шам,  сиқырлы таяқша

Өту әдісі:6 «а» оқушылары және ата-аналарымен өткізілген тренинг

Тренинг бағдарламасы

  1. Танысу рәсімі
  2. «Менің туған үйім» тақырыбында әңгіме-толғау
  3. «Біз біргеміз» жаттығулар
  4. «Өтінемін» ойыны
  5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу
  6. Тілек шамы
  7. Ой толғаныс

1.Тренинг барысы

Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

Шарты:Өз есіміне сын есім қосып айту

2.Тренинг барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі, имандылығы туралы сөз етеміз.Абай атамыздың мынандай жақсы сөзі бар: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп».Адамзат-бүкіл адам баласы деген сөз.Адамды сүю-адам танудан басталады.Ал, адамға деген сүйіспеншілік мейірімділік ең әуелі әркімнің отбасынан, яғни өз туған үйінен басталады.Әр үйдің ішіндегі адамдар сол үйдің отбасын құрайды.

(Оқушылар отбасы суретін алып, сөйлейді)

Енді мен сіздерге «Отбасы татулығы» атты аңыз-әңгімені оқып берейін.

Ойланайық, пікірлесейік:

  1. Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесің?
  2. Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

Отбасынан, өз туған үйіңнен нені үйренесің?

  1. Сүйіспеншілікті сезінуді
  2. Жақсылыққа жетелейді
  3. Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі
  4. Үлкендерді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелейді.

3.«Біз біргеміз» жаттығулар

Мақсаты:Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау, көмек көрсету.

А) «Қолынан танып біл»

Шарты:Көздері байлаулы әкесі немесе анасы балаларын тауып алуы керек

Талдау:1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

              2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

Ә) «Біз бақытты жанұямыз»

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңның салған суреттерін тауып алу.

Талдау: 1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

               2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

Б) «Мейрім» өзінің жақын адамы немесе туысы туралы жақсы сөздер айту

Қорытынды: «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын»

4. «Өтінемін» ойыны

Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.

Шарты: «Өтінемін» деген сөз айтылса орындау керек, айтылмаса өтініш орындалмайды.

-Секіріңдер

-Өтінемін, билеңдер

Талдау: 1. Анаңды құшақтағанда қандай күйде болдың?

              2. Жылы сөз естігенді ұнатасың ба?

5. «Сиқырлы таяқша» жаттығуы

Сиқырлы таяқшаны бір-біріне ұсына отырып, адам бойындағы жақы қасиеттерді айту. (Оқушының)

6. Тілек шамы

Мақсаты:Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

-Құрметті ата-аналар, балалар!Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, әр бала өзінің туған үйі туралы ойын, пікірін ашық айтуға тырыстық.Отбасы әркімнің туған үйі-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы»- атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып, жүргізейік.Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығын осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

7.Ой толғаныс.

1. Ата-аналар бүгін сіздер аз ғана уақытқа болса да, баларыңызға уақыт бөліп, бірге ойнап, бірге болғандарыңызға ризасын ба?

2. Балалар сендер ата-аналарыңның сендермен бірге болғанына, бүгінгі тренингтің өткізілуіне ризасыздар ма?

Олай болса, ризашылығымызды әнмен білдірейік. «Ризамын» әні айтылады.

8.Қортындылау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс
Әр бала бақытты болуға лайық
Шаңырағым – шаттығым
Отбасы бақыт мекені
Тамырын жайып тереңге
Балам – болашағым өмірімнің жалғасы
Менің отбасым
Отбасы және мектеп (ата-аналармен тренинг)
Отбасы өмір өзегі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8455 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык