Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің отбасым


Менің отбасым

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Сабақтың мақсаты:
- Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту;
- Отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым-қатынасқа үйренту;
- Туыстарына, жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, жаттығу, түсіндіру, танымдық ойындар, оқулықпен жұмыс, проблемалық-ізденушілік, эвристикалық әдістер.
Қажетті оқу құралдары: оқулық, дәптер, отбасы мүшелерінің суреттері.
1. Шаттық шеңбері
(оқушылар өлеңді жатқа үйреніп, қимылмен көрсетеді. Екі рет қайталанады).
Үлкенге де сіз,                                 (оң қолын алға созады)
Кішіге де сіз.                                    (сол қолын алға созады)
Барша жанды құрметтеп,                (екі қолын кеудеге қояды)
Бас иеміз біз.                                    (бас иеді
• Отбасы дегеніміз не? (отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз).
• Сен отбасында кімсің? (мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін).
• Отбасы мүшелері туралы мәліметті үйде қайдан алуға болады? (ата-әжеден, туыстардан білуге болады).
2. Оқулықпен әңгіме (отбасының суреті бойынша)
• К.Күзембайдың «осындай менің отбасым» өлеңі оқылады.
• Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды? (әңгімелеседі, бірге отырып тамақ ішеді, бір-бірін сыйлайды, балалар үлкендерді тыңдайды, бірге демалады).
 Отбасына тигізетін қолғабысың туралы әңгімелеп берші. (барлығы әңгімелей бастайды
• Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болуды кімнен үйренесіңдер? (оқушылар атасынан, әжесінен, әке-шешесінен, аға-тәтесінен үйренетінін айтады. Отбасынан өрбитін адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені одан әрі жалғастыра беруге болады).
3. Көңілді үзіліс:
Бір үйде біз нешеуміз,
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – папам,
Балаң үйрек – апам,
Ортаң үйрек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз – бесеуміз.
4. Дәптермен жұмыс. Ойын: «Менің отбасым»
Оң жақта берілген сурет бойынша отбасы мүшелерін дастархан басына бағдар арқылы орналастырыңдар.
• Төрге кімді орналастырар едің?
• Есік жаққа кім отырады?
• Қонақ келсе қайда отырады? – деген сияқты сұрақтар қоя отырып, әңгімені құрастыру. Балалардың жауабын тыңдау.
5. Жүректен жүрекке
Бір сәт көзімізді жұмып, әрқайсысымыз өз отбасымызды көз алдымызға елестетіп көрейік. Енді әрқайсысымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсылық тілегімізді іштей айтайық. Сәл тыныштықтан соң мұғалім:
• Көзімізді ашайық. Отбасыларыды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар
• Отбасыларыңа  қандай жақсы тілек тіледіңдер?
• Үйлеріңе қайтқыларың келгендері бар ма?
• Кімді сағындыңдар?
Ендеше, сендердің барлығың отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Сол үшін сағынасыңдар. Бұл сендердің отбасыларыңа деген сүйіспеншіліктеріңді білдіреді.
Отбасың -  отаның деген сөзді талдап көрелікші. (Әңгіме барысында отбасы – шағын Отанды, мемлекетіміз – үлкен Отанды құрайтыны айтылады).
Еліміздің Отаны – Қазақстан. Ондағы барлық халық өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.
Ал еліміз жөнінде қандай тілек айтар едіңдер? (оқушылар бейбітшілік, тыныштық т.б туралы айтады).
Отбасымызға «Отан – отбасынан басталады» деген сөздлі естеріңе сақтаңдар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің отбасым
Менің отбасым. Жалғаулар.
Отбасының берекесі.
"Менің отбасым" фотографиялары бойынша суреттеу әңгімелерін құрау.
Сабақ тақырыбы және мазмұны
Менің отбасым, Шығыс септік
Менің отбасым бақылау үзігі
Отбасы бақыт мекені
Сыйласаң – сыйлы боласың Өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың
«Отбасы» желілі рөлді ойын
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 27888 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык