Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өмір-ұзақ жол


Өмір-ұзақ жол

Сабақ тақырыбы: Өмір-ұзақ жол

Сабақтың мақсаты: өмір құндылығының мән- мағынасын түсіндіру. Өмірге деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс-тәсілдер:пікір талас (дөңгелек үстел)
Дөңгелек үстелге қатысушылар: ұстаздар мен оқушылар.
Құрал-жабдықтар: қағаз, фломастер, сөздер салынған конверттер, «Өмір» туралы нақыл сөздер (слайдтар арқылы көрсету)
Сабақ барысы: мектеп психологының  алғы сөзі:
                                             Өмір-қатал көтермейді ойынды,
                                             Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.
    Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,
    Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.
           Күрес, еркем, жамандықпен жасымай,
 Күнде нұрлы болу үшін ертеңің
      Төтеп берсін дауылдарға желкенің.

Өмір. Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әр түрлі қиындықтар мен қызықтарға, бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қайғы мен қуанышқа кездесіп отырады. Өмірде барлық адам бір жолмен жүрмейді, олар бірдей емес. Әркімнің өмір жолы әр түрлі. Десе де, әркімге өз өмірі қымбат.
Ітоп-ұстаздар, ІІ топ- оқушылар
І. «Өмір туралы аңыз» атты аңыз әңгімеден үзінді оқу. 
«Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:
- Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер-, деп тапсырма береді.
Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдыс алып, ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады. Данышпан шыны ыдысты үстел үстіне қояды да, шәкірттерінен:
- Қараңдаршы, балалар, ыдыс толы ма?
- Толы, толы,- деп шуласа кетеді шәкірттері.
Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс-қуысын бойлап, ыдысты толтырады.
Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрайды:
- Ыдыс толды ма?
Олар ыдыстың толғанын айтады. 
Данышпан енді тас толып тұрған ыдысқа құм салып, содан кейін оның үстінен су құяды.
Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырады. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан ешнәрсе шықпады. Сол кезде данышпан шәкірттеріне бұрылып:
- Менің осы әрекетім жайында және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,- дейді.» 
Топтарға сұрақ: Данышпан шәкірттеріне қандай тағылым берді,- деп ойлайсыздар? Өз ойларын ортаға салып, пікір таластыру. Осы бір үзінді барысында ұстаздар мен оқушылар өз түйгендерін ортаға салады. Пікір таласқа 15 минут.
ІІ. «Кімге не қымбат?» тақырыбында жоба қорғау. Ұстаздар мен оқушыларға сөздер салынған конверттер беріледі. 
Оқушылар конвертіндегі сөздер қатары: ақша, дос, мектеп, өмір, ата-ана, ұстаз, денсаулық, отбасы.
Ұстаздар конвертіндегі сөздер қатары: отбасы, жұмыс, карьера, денсаулық, ақша, мектеп, өмір.
Тапсырма: Сөздерді рет-ретімен ұйымдастырып қою арқылы жоба құрастыру. Жобаларды қорғау. Жобаны қорғауға 10-15 минут.
Жаттығу «Өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арыл.»
Барысы: Ұстаздар мен оқушылар дөңгелене тұрамыз. Енді бойымыздағы жаман қасиеттерді, өміріміздегі, отбасымыздағы сәтсіз жағдайлардың барлығын басымыздан төмен қарай аяғымызға дейін  жинап алып, алдарыңызда тұрған газетке салып, газетті умаждап, бүктеп, лақтырып тастайық. Керісінше, жақсы қасиеттерді, сәттілікті бойымызға сіңірейік. Ол үшін мына лентаны ұстау арқылы бір-бірімізге жақсы тілектер тілейміз. Енді лентаны бәріміз жұмыла жоғары көтерейік. Сол сәтте айтылған тілектеріміздің барлығы орындалады. 
ІІІ. Жаттығу «Аяқталмаған сөйлемдер...».
Төменде берілген аяқталмаған сөйлемдерді ойларыңызды жинақтай отырып, аяқтау.  1.Өмір дегеніміз....
2.Жақсы өмір сүру үшін...
3.Өмірді жақсы көру...
4.Өмір –менің...
5.Өмір....
ІV. Қорытынды.  «Өмір» туралы нақыл сөздер.(слайд арқылы көрсету)
Өмір дүние дегенің
Ағып жатқан су екен,
Жақсы-жаман көргенің
Ойлай берсең у екен.                              
                                                     Абай Құнанбаев

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе, 
Өмір,өмір.
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар түңілуге.
                                                                 М.Мақатаев                                                   

Дайындаған  мектеп психологы:  Алдабергенова Нургуль Жумаевн


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ниетім - өмірімнің айнасы
Өмір қымбат адамға
«Сен де бір кірпіш дүниенің кетігін тап та, бар қалан...»
Нақыл сөздер / цитаты
Бір ел, бір тағдыр
Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық
Өмір-ұзақ жол
Судың өмір үшін маңызы, қасиеті
Өміріңді аяла!
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2731 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык