Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2801 |
|
|
|
Бір ел, бір тағдыр
Тақырыбы: Бір ел, бір тағдыр
Мақсаты: Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру, халықтардың салт – дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге, толеранттылыққа тәрбилеу. Бейбіт өмір сүріп жатқан әр ұлттың салт-дәстүрлерін жаңғырту, мәдениеті мен әдебиетін дамыту.Халық даналықтарынан көріністер арқылы студенттерді ынтымақ, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дербес компьютер, видеопроектор, слайдтар, бейнебаян, шаңырақ, шарлар, нақыл сөздер.
- Құрметті, ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі 17 қараша студенттер күніне орай өткізілгелі отырған «Бір ел, бір тағдыр» атты мерекелік кеш ашық деп жарияланады.
ГИМН ойналады.
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім
Дауылдатып думандатып жүретін
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім
Қайда сол бір асыл жандар достарым?
Аңқылдаған,жарқылдаған от жалын
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламын жүрегімде от жанып,
-дей келе, барлық студент қауымын мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Құттықтау тілегін айтуға,
Шақырайық ұстазымызды ортаға,-
деп колледж директорына сөз беріледі.
(студент кітапшалары тапсырылады)
Құрметті, ұстаздар мен студенттер! «Бір ел, бір тағдыр» атты достық фестивалімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгін әр ұлт өкілдерінен келген қонақтарымызды ортаға шақырамыз. Әр ұлт өкілдері қазылар алқасынан сахнаға шығу номерін алуға рұқсат. Бүгінгі сайыс 6 мамандық бойынша байқаудан өтеді. Қатысушыларымызды бүгінгі байқауымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. Байқау 7 турдан тұрады.
Байқау шарттары:
1.Таныстыру (өз ұлтын, киім үлгісін таныстырады)
2.Салт-дәстүрі (10минут)
3.Өнері (ән, би)
4.Көрініс (ертегісі, тарихынан үзінді)
5.Газет шығару (өз ұлтының мәдениетін көрсету)
6.Топ жетекшілер сайысы «Кім жылдам?»
7.Тағамдары (жәрмеңке)
Бұл байқауымызда қатысшу топтарға адал да, әділ баға беретін, төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Әділқазылар әрбір тур сайын баға беріп отырады. Ендеше, қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
Қорытынды: Дүние жүзіндегі ынтымақтастық пен достыққа, рухани ұлтшыл бақытқа, шат күлкіге, әсем әнге, біздің егемендігімізге не жетеді? Әрқашан да бірлігіміз, тыныштығымыз бұзылмасын! Ылайым елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын! Бірлігіміз нығая берсін! Бірлігі жарасқан көпұлтты Қазақстан мемлекеті жарқырай берсін!
Марапаттау.
«Бір ел, бір тағдыр» атты достық фестивалінде
колледж студенттері орыс ұлтын бейнелеуде«Бір ел, бір тағдыр» атты достық фестивалінде колледж студенттері өзбек ұлтын бейнелеуде
«Бір ел, бір тағдыр» атты достық фестивалінде колледж студенттері корей ұлтын бейнелеуде
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |