Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Нәтиже сабақ


Нәтиже сабақ

Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ

Сабақ мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың дос, достық туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау, балалардың  «достық» құндылығы туралы түсініктерінкеңейту.
ә) дамытушылық: нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.
б) тәрбиелік: достықты бағалай білуге баулу, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақ типі:қорытынды                                                                                                                           Сабақтың түрі: пысықтау сабағы (нәтиже сабақ)
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, талдау,ойын, сөйлем құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі:венндиаграмма, үй суреті, мақал-мәтел, жүрек бейнесі, шарлар, тапсырмалар.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен амандасу, оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу.
 Шаттық шеңбері 2 минут
Шаттық  шеңбері: . Бәрі бірге«Татуласу» өлең  жолдарын хормен айтады.
 
 Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқанорынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кәне, соныңды.
Баққабіргекірейік,
Қолұстасыпжүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік:
Ха-ха-ха,  ха-ха-ха!..
 
ІІ. Жаңа сабаққа икемдеу.
Берілген сөздердің түбірін анықтаңдар.
Достық, достар, досым, достармен, досың, достарымыз,дос. 
Сонымен балалар осы барлық сөздің түбірі қандай сөз екен? (ДОС)
Жарайсыңдар! бүгін бізде нәтиже сабақ. Ал нәтиже сабақ қандай тақырыппен байланысты болады деп ойлайсыңдар? (ДОС тақырыбымен). Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты қалай болмақ?
-дос тақырыбындағы сөздерді білу.
-сұрақтарға жауап беру
-досың туралы айта алу.
Сабағымыздың ұраны:*Достық - аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас.
Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достықадамдыасқақтатады.
ІІІ. Жаңа сабақ.  Балалар, достық деген кірпіштен қаланған үй сияқты мықты болу керек емес пе? бүгін біз сабағымызда біздің достығымыз қаншалықты берік екенін анықтаймыз. Ол үшін мына менің үстелімнің үстіндегі үйдің кірпіштерін берік қылып құрастыруымыз керек. Ал үйіміз берік жақсы шығу үшін, сендер бірнеше қиын тапсырмалардан өтулерін керек. Әр тапсырманы орындаған сайын, үйдің бір бөлігін құрастыру мүмкіндігін аласыңдар.Тапсырмаларды кім жылдам, әрі дұрыс орындаса, сол бала достыққа берік , адал екеін дәлелдейді. Олай болса дайынбыз ба? (балалар, жауабы)Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
- Достық нешеу?- деп сұрапты.
Әйтімбет:
- Достықтың 2түрі болады. Бірі - амал достық, екіншісі - адал достық - дейді.
- Дұрыс – ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа - деп жауап беріпті
Осы дана сөзді қалай түсінетінімізді мына тақтадағы венндиаграмманы толтыру арқылы көрсетейік.
Адал                   ДОСТЫҚ              Амал
ІҮ. Жаңа сабақты меңгеру.
1 –тапсырма. Мына берілген сызба бойынша достарын туралы жақсы әңгіме құрастырыңдар. Өздерінің сөздерінді қоссаңдар да болады.
 
(Тапсырманы бірініші әрі жақсы орындаған оқушы, үйдің бір бөлшегін құрастырады)
2 –тапсырма. «Достың да досы бар» демекші, әр адамның өзінің жан дүниесін түсінетін ішкі сырың ақтаратын сырлас досы болады. Осы отырған оқушылардың ішінен ең жақын жан достарды ортаға шақырамыз. Сіздер өз достарын жайлы немесе бір –бірінің достықтарынды ыммен түсіндірулерін қажет.
3 –тапсырма. «Достық, құрбым» сөздеріне фонетикалық талдау жасау.(Тапсырманы бірініші әрі жақсы орындаған оқушы, үйдің бір бөлшегін құрастырады)
Ү.Сергіту сәті. Жаттығу жасап, бір тынығып алайық. Мен сіздерге қазақша бұйрық беремін, сол бұйрықты бұлжытпай орындауларын керек.
Тұрамыз, көзді жұмып-ашамыз , оңға қараймыз, солға қараймыз,қасыңдағы досыңмен амандасамыз, достарыңды құшақтаймыз, отырамыз.
4 –тапсырма. Мақал –мәтел  жалғастыру.
 
1. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
2. Жақсы дос жанға – серік,
Жаман дос – малға серік.
3. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
4. Досыңа өтірік айтпа
Дұшпаныңа сырыңды айтпа
 
5 –тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін аудару. (карточка)У меня есть друг.Меніңдосым бар. 
Его зовут–Сергей. Оныңаты–Сергей. 
У него красивая внешность.Оның бет әлпеті сүйкімді. 
хороший друг,жақсы дос, 
добрый характер, мінезі мейірімді, 
голубые глаза, көзі көк, 
хобби,ермегі, 
ученик,оқушы, 
друг, дос, 
Ойын: «Менің айтуым бойынша».
Ойын шарты: Балалар мен бір баланы суреттеп айтамын, сендер сол баланы табуларың қажет (ол кім?) 2 – 3 баланы суреттеп айту.3 «Б» сыныбында оқиды, өзі ақылды бала,сабағын беске оқиды, қазақ тілі сабағын ұнатады,сырт келбетін айтатын болсақ сары бала.ІХ. Оқушыларды бағалау. Топ басшылары мұғалім берген кесте бойынша оқушыларды бағалайды.ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өз достары туралы шағын эссе жазып келу.ҮІ.Сабақты бекіту:Қағаздан қиған жүрекшелердің ішіне досыңа тілек жазғызу,оқыту.Жүректен жүрекке:Оқушылар шеңбер құрып , бір-біріне кезекпен достық тілектерін  білдіреді.
-Досыңа адал бол!
-Татулық тілеймін!
-Досыңа кек сақтама!
-Кешірімді бол!
-Достық тілеймін!ҮІІ. Сабақты қорытындылау.  Мұғалім: Балалар егер сендерге сабақ ұнаса көңілді адамды, ұнамаса көңілсіз адамды бейнелейсіңдер.
Бәрің шарларыңды сол қолдарыңа алып ұстап отырыңдар, оң қолдарыңмен маркермен суретті қатты баспай салыңдар. Енді жұмысқа кірісіңдер, әр баланың қасына барып бағыт беру.
Мұғалім: Сурет салып болсаңдар - әсем шарларыңды қолдарыңа ұстаңдар. Балалар сендер қандай адамның келбетін салдыңдар.
- Балалар кезекпен жауап береді
- күліп тұр, көңілді тұр, ашулы.
Мұғалім: Балалар енді сабақтан алған жақсы көңіл күйлерімізбен қолымыздағы шарымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Сабақты қорытындылау. «Өзің жақсы болсаң досың да көп болады».
«Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан, бәріміз дос болып, қуанышымызды бірге бөлісейік

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің досым.
«Достық және мен»
Дос және Достық
Достаса білейік!
Өзін-өзі тану ашық сабақ "Дос болайық бәріміз!"
Достық
Менің досым
Менің досым
Қос нүкте белгісі, оның қойылатын орындары
Достық ой
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4121 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык