Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 12069 |
|
|
|
Менің досым
Сабақтың тақырыбы: Менің досым
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқүшылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ойын ойнату, білімін бекіту, жүйеге келтіру; жуан және жіңішке сөздерді, буындарды, көптік жалғауларды пысықтау; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: берілген тақырып бойынша оқушылардың өз ойын айтып беру дағдыларын дамыту; ойын, тапсырма орындау барасында белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу; сабаққа деген ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: пысықтау.
Сабақтың ұраны: Адал достық - алтыннан да қымбат.
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, тірек - сызбамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, мәнерліп оқу, әңгімелесу.
Көрнекілік: сандық, мәтін, тірек- сызба.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу;
б) кезекшінің рапорты
2. Тіл дамыту кезеңі:
« Орамал тастамақ» ойыны арқылы оқушылар бір біріне сұрақ қояды.
3 Фонетикалық жаттығу:
Дыбыстарды әндету, буындарды плакат бойынша қайталау.
4. Лексикалық жаттығу « Кім мұкиат тыңдап отыр?»
а) жіңішке дыбыстар бар сөздерді естігенде қолдарыңды көтеріңдер, егер жуан дыбыстар бар сөздерді естігенде – шапалақтаңдар.
Мектеп, мұғалім, сынып, сабақ, оқулық, зерек, үлгілі, ақылды,тәрбиелі, қымбат, адал, күн, дос, достық.
ә) Дос, күн – фонетикалық талдау.
5. Білімді пысықтау кезеңі.
1. а) кіріспе сөз: Бүгін біз «Дос. Достық» тақырыбын жалғастыррамыз. Дос қандай болу керек, досты қалай құрметтеу керек екенін біз бүгін әңгімелейміз. Дос туралы шығарма жазуға дайындаламыз.
ә) Достық туралы қандай мақалдар
білесіндер? Мағынасын түсіндіру.
б) Фонетикалық талдауды тексеру, сөйлем құрастыру.
2. Мәтінмен жұмыс.
Алдарында «Менің досым» мәтіні бар. Мәтінді іштей түсініп оқып, бір параққа сұрақ жазыңдар, сұрақты сандыққа салындар. (Сұрақтарды араластырам) оқушылар шығып сұрақты алып, жауап береді.
Менің досым.
Менің досым бар. Оның аты - Бауыржан. Біз Петропавл қаласында тұрамыз. Оның жасы одна. Бауыржан өте ақылды, зерек, тәрбиелі. Ол сабақты жақсы оқиды. Біз сабақты бірге оқимыз. Бауыржан- өте жақсы дос.
3. Тірек- сызбамен жұмыс.
жасы
қайда тұрады?
а) тірек-сызба арқылы әңгіме құрастыру;
ә) тірек-сызба арқылы диалог құрастыру
б) үйге тапсырма: осы тірек-сызба бойынша шығарма жазыңдар. Келесі күні пошта жәшігіне конвертті салыңдар.
6. Қорытынды:
а)оқушылар фишка арқылы білімдерін өздері бағалайды;
ә) кіріспе сөз: Достарың болғаны қалай жақсы! Сен ауырып, оқуға бара алмай қалғанда, достарынды сағынасың. Дос- ең жақын адам. Сондықтан досынды ренжітуге болмайды, досты қадірлеу керек. Біз бүгінгі сабағымызды «Достық» әнімен аяқтаймыз.
Б) «Досымыз екеуіміз» өлеңді жатқа айту.
7. Қоштасу: Сау болындар! Демалыңдар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |