Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.


Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Ақыл, ой-өрісін дамыту. 2.Білім ордасын, ұстаздарын.құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, ойындар, шығармашылық тапсырмалар.
Ертеңгіліктің жоспары:
1.Кіріспе/Ақ тілек/
2.Кітап – рухани қазына
3. «Ескі кітап» /көрініс/
4.Айтыс
5.Арнау
6.Ертеңгілікті бекіту
Барысы: Ұйымдастыру:
Жүргізуші:Құрметті қонақтар! «Кітап – білім бұлағы» атты  ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ақ тілегімізді қабыл алыңыздар.
Еліме тыныштық тілеймін,
Күніміз жарқын болсын.
Аспанымыз ашық болсын,
Наның көп болсын.
Қайғымыз жоқ болсын,
Айтқан лебіздеріміз қабыл болсын!
Ән. «Мектеп маршы».
Кітап – рухани байлығымыз.
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпақа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді.
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін.
Көрініс: «Ескі кітап»
Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастайды. Айжан  мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбінді байқап:
−Қызым, не болды? Біреу ренжітті ме? –деді:
−Жоқ
−Енді не болды?
−Маған мұқабасы мыж-мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді, - деп көзіне жас алды.
Анасы Айжанның қылығына күліп былай деді:
−Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алады. Кітаптың сыртына емес ішіне үңілу керек. Ол – әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні-сіңілілеріңе берген жөн.
Анасының сөзін мұқият тыңдаған Айжан кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.
Ән.
Көрініс: «Кітап – календарь емес»
Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің ана тілі кітабын көріп таңданды.
− Әділ бері келші
−Не, аға?
−Ана тілі кітабының бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?
−Мен.
−Неге?
−Керегі жоқ қой.Өтіп кеткен сабақтар.
−Е, сонда оқулық календарь болғаны ма?
−Иә,  -деді. Әділ
−Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын.Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатасып кетемін.
Ағасы қабағын түйіп:
−Бұлай етуге болмайды, -деді.
Ал Әділ нық түрде:
−Болады, -деді. – Біздің сыныпта балалардың бәрі сөйтеді.
Ағасының көзі атыздай болып кетті.
−Кітапты жыртуға болмайды.
Бұл – қылмыс деп айқайлап жіберді.
Берік осыдан кейін кітаптарын жыртпайтын болды.
1. Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең емес жиған мүлкің.
Ақылшы жанға серік жолбастаушы.
Ақыл, ой, қазынасы өмір көркі.
2. Кітапты оқымаған, сыйламаған.
Білімге жанын салып қинамаған
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап кітап ақылшы дос күнде маған.
Би: «Қара жорға».
Көрініс: «Пәндер таласы» /қазақ тілі, ана тілі, математика/
1-оқушы: Біз кітапханаға барып, кітап алып оқығанды жақсы көреміз. Бізге кітапханашы апай көп кітаптар таңдауға көмектеседі, түрлі ертегі кітаптарды оқып береді. Біз еретгі оқығанды жақсы көреміз.
«Дөкей ел» ертегісі  /ауызша әңгімелеу/
Ән.«Туған жер».
1. Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.
2. Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі бір мақсатпен жоспар бойынша оқып дағдылан.
3. Кітапты оқығанды ойға сақтауға, керекті жерлерін жатқа айта білуге, керекті сөздерін жазып алып өмірде пайдалануға әдеттен.
Енді ұлы адамдардың пікірлеріне тоқталайық:
1. Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал.
2. Кітап – асып-таспайтын  адал досымыз.
3.Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді. Сезім мен сананды нұрландырады, көркейтеді.
Енді айтысқа кезек берейік:
1-оқушы:
Ассалаумағалейкум, замандасым,
Айтыстың додасына қадам бастым.
Бүгінгі бұл айтыста мен жеңбесем,
Онда мен ақын боп жаралмаспын.
 
2-оқушы:
Армысың, айналайын жиналғандар,
Семинардың төрінде сыйланғандар.
Барлық кітапханашы бас қосыпты,
Ағайын айтыңдаршы кімде арман бар?
 
1-оқушы:
Айтпақшы қарсыласым қалын қалай?
Жүрегім бір өзіңді сағынғаны – ай,
Дүниені шарқ ұрып іздесем де.
Өзіңнен басқа жақсы табылмайды –ай.
 
2-оқушы:
Қалымды сұрадың ғой, аман есен,
Әкем есен және де анам есен.
Қалай-қалай бұл жерде сөз сөйлесің 
Мен сені түк білмейтін бала десем.
 
1-оқушы: 
Мен бүгін, кетілмеймін, мұқалмаймын,
Қалайша шабыттанып құт алмаймын.
Осында бұл айтысты пайдаланып,
Екеуміз де шырқайық кітап жайын.
 
2-оқушы: 
Соған бұрып әр кезде жүреді ішім,
Сен өзі кітап оқып жүремісін?
Бір сұрақты қояйын онда саған,
Қасиетті кітапты білемісің?
 
1-оқушы: 
Мен сыйнып көрейін Аллаға,
Әрқашан жаратқанға жыр арнағам,
Қасиетті кітапты сұрадың ғой
Өмірде ол кітабың «Құран» ғана.
 
2-оқушы: 
Құран деп мына ақын шын айтады,
Біліміңді сыңайын былай тағы
Кітаптан барлық оқу табылады
«Оқу – білім бұлағы», деп кім айтады?
1-оқушы:
Жауап берсем, білімнің теңескені,
Оқу мен оқушының тең өскені:
«Оқу – білім бұлағы», деген кісі-
Ыбырай Алтынсарин емес пе еді.
 
2-оқушы:
Камила апай біздерде асыл апай,
Аман болып жүрсінші басың апай.
Осында келген екен білемісің?
Аудандағы әдіскер  Әсия апай?
 
1-оқушы:
Әсия апай емес қой сондай бөтен,
Танымаған адамдар оңбайды екен.
Кітапханашы апайлар бәрі кепті,
Кітапханашы ағайлар болмайды екен.
 
2-оқушы:
Мен, міне, арманыма жетем бүгін,
Алып жүрген жоқпын ғой бекер білім.
Осы жұрт біле ме екен айтып берші,
Бар байлықтың кітапта екендігін.
 
1-оқушы:
Айғайлап айтып жатырақын әнін,
Жырға қоссақ білімнің атырабын.
Бар адамды шетелдік кино емес
Кітаптарды оқуға шақырамын.
 
2-оқушы:
Білейік осы жерден жүреріңді,
Жыр кернеп бара жатса жүрегіңді
Семинарға жиналған апайларға,
Енді сен айтып берші тілегіңді.
 
1-оқушы:
Әр адамға әр кітап тәтті болсын,
Наурызда барлық мал ақты болсын.
Кітапты дәріптеген оқырманға
Апайлардың жиыны сәтті болсын.
 
2-оқушы:
Біз де сіздің тілекке қосылайық,
Алдарында айтысты қос ұланың.
Ал енді соза бермей біз тұралық,
Екеумізге ақынжан осы лайық.
 
 
 
Арнау
 
Домбырамды қағайын,
Әсем әнге салайын.
Амандасып алайын, 
Армысыңдар ағайын.
Аманбысың халқым –ай.
Сәлем беру салтым- ай,
Айтыспенен шығарам
Қағазымның даңқың – ай.
Ал, ағайын, қара бір,
Біз бақытты баламыз,
Биік біздің санамыз.
Ұстаз біздің ақылшы,
Ол екінші анамыз.
Қабыл болып тілегің
Ұстаз – мектеп жүрегі.
Жақсы оқысақ сабақты,
Боламыз ел тірегі,
Керемет бұл бала шақ,
Оқушы кез тамаша.
Білімді бол, достарым, 
Біз кейінгі болашақ.
Сеңсеңіздер біздерге,
Үміт жібін үзбендер,
Аяқтайын айтысты
Мың рахмет сіздерге.
Рахмет саған да,
Шабыт келсін маған да,
Сау болыңдар, тілейік,
Бар тыныштық ғаламға.
Ертеңгілікті бекіту.
Бәрін, бәрін, білесің, оқи берсең кітапты, - демекші құрметті кітапханашы апайларға, ағайлар, қонақтар! Ертеңгілігімізді зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Кітап-сарқылмас рухани әлем»
Кітап-біздің досымыз
Адамның досы.
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітап- сарқылмас қазына
Кітап – білім бұлағы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Кітап қайдан шығады
Білім көзі – кітапта
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2369 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык