Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқыту үрдісін жаңғырту


Оқыту үрдісін жаңғырту

Оқыту үрдісін жаңғырту

"Жақсы мұгалім мектепке жан кіргізеді" 
А.Байтурсынұлы
Мақсаты:Білім беру үрдісін инноваииялық негізде ұйымдастыру, білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жанарту арқылы білім сапасын арттыру және оқушының интеллектуалды танымдық қабілеті мен іс-әрекетін дамыту жолдарын анықтау.   
"Ұлағат" бағыты бойынша жаңа технологияларды игеру арқылы оқушыларға білім беріледі. 
Жаңа технология элементтерін үйрену мақсатында семинарлар, тренингтер, конференциялар өткізіледі. Мұғалімдердің білім жетілдіру институттары мен ғылыми орталықтар арасындағы байланыс тұрақты, жүйелі түрде арттырылады. Аудан, облыс көлемінде ашық сабақтар, ғылыми-танымдық конференциялар ұйымдастырылады. Оқушылардың білім деңгейіне жүйелі түрде сараптама жасау үшін тест жинақтары құрастырылады.
Тест жинақтарын құрастырудағы көзделетін мақсат –тарих пәнінен мектеп стандарты пән бағдарламасы талабына сай оқушы білімінің деңгейін айқындау.
Себебі бағдарлы оқытудың жоғары сатысында оқушының тағдырын шешетін, бір кәсіпті меңгеруіне іргелі негіз болатын пәндерді ғана жан-жақты, тереңдетіп оқуына мүмкіндік жасалуы тиіс.
ҰБТ-да жақсы нәтижеге жету үшін алдымен төмендегі шаралар жүзеге асырылуы тиіс.
- тесті бағдарлы оқытудың дайындық сыныптарынан бастау;
- әр тоқсанда негізгі пәндерден кемінде 1-2 рет тест алынып, рейтингісін шығарып отыру;
- ұлттық бірыңғай тестілеу орталығымен байланыста болу;
- тест қорытындысымен ата-аналарды үнеміхабардар ету.
«Ұлағат" бағыты бойынша психологиялық-педагогикалық теориялар, педагогикалық тұжырымдар меңгеріледі. Мұғалімдердің біліктілігі артады. Оқушылардың ҰБТ-дан көрсеткіштері жоғарылайды.
Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін пайдаланылатын әдіс-тәсілдер:
1. Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклеттерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.
2. Ақпаратты – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.
3.Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді. 
4.Тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді. 
   5.Біліктерді қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.
   6.Зерттеу әдісі – шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.
   7.Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.
   8.Тарихи - көркем шығармаларды пайдалану әдісі – Тарихи-  көркем шығармамен сабақ барысында өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Мұндай тәсілдер дамытуға пайдасы көбірек тиеді. Оқушылар көбіне тарих оқулығындағы текспен және көркем әдебиет үзіндісімен қатар жұмыс жасайды. Оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен деректерді пайдалана отырып, өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды.
 
Оқушыларға сапалы білім беру үшін аталған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқытудың жаңа технологияларын қолданамын. Оқытудың технологиясы туралы алғашқы идеяны ұлы дидактик Я.А.Коменскийден бастап ғалым-педагогтардың көпшілігі қозғады. И.Песталоции, А.С.Макаренко, В.Н.Сороки-Росинский, А.Я.Саваелев, В.М.Монахов және қазіргі заманғы педагогтарымыз П.И.Пидкасистый, В.П.Беспалько, Г.К.Селевко. т.б.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологиясын кең қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген оқытудың жаңа технологиясына мына технологияларды жатқызуға болады. Олар: дамыта отырып оқыту (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Левкин); оздыра отырып оқыту(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау(Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; сын тұрғысынан ойлау; жобалап оқыту; ақпараттық технологиялар. Бұл технологиялардың ішінде өзіміздің отандық педагог-ғалымдарымыз Н.Нұрахметов, Ж.Қараев, М.Жанпейісова, Н.Оразақынова, Ш.Таубаева, Қ.Т.Бітібаева, Г.Галиевтің де технологиялары бар[6:24].
Тарих сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын жиі пайдаланамын. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін тарих сабағында мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1.  Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық білдіруге рұқсат беру,
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдау;
5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуағаайналдырмау;
6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
  "СТО"-ға бағытталған сабақтардың ерекшеліктері: сабақ процесінің оқушыға бағытталуы; сол арқылы оқушылардың позициясының өзгеріп, танымдық іс-әрекетте болуы; мұғалім мен оқушы арасында шынайы де-мократиялық қарым-қатынастың орнауы; оқытудың тиімді әдістерінің көптігі, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы; сабақ құрылымының үш фазаға бөлінуі; ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігі:
1. Ой қозғау
1.  Инсерт
2. Талқылау
3.  Шығу парағы
4.  Негізгі идеяны суреттеу
5.  Галереяны шарлау
6 Топтастыру (ассоциациялар)
7. Болжау
Сайып келгенде менің сабақтағы мақсатым-оқушыларды қызу жұмысқа тарту. Сонда ғана ұстаз жақсы нәтижеге жете алады. Және деқарқыңды жұмыс кезінде сабаққа қатысушылардың бір-біріне деген ерекше ықыласы пайда болатыны сөзсіз, ал онсыз сабақтың мақсатына жетуі екіталай емес пе? Өздерінің іс-әрекеттері мен ойларын сыныптас жолдастары және мұғалімнің көтеріңкі түрде бағалайтынын білген де, олардың идеяларына, сенімдеріне құрметпен қарайтынына сенгенде, оқушылар оқуға үлкен жауапкершілікпен байыптылықпен қарайды.Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпымәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігіартады.                 
Әдісті  қолдану төмендегішеұйымдастырылады. Алдымен ұжым төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл "жанұя" топтар деп аталады. Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы бірлер бөлек, екі, үш, төрт өз алдына «жұмыс тобын» құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің бір бөлігін бірлер, екінші бөлігін екі санын алғандар, үшінші, төртінші нөмірлі топтарға оқу тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін,  өйткені сол бөлікгі "жанұя топ" пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы, Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады? Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б.
ұсынылган проблема, жасалған жұмыс бойынша толыкканды. жан-жакты түйіндеме жасай білу;
Ойлаудың алты телпегі.
•      ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өзінің  шығармашылық қатынасын көрсете білу;
•      таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жузеге асыру қадамдары:
1-қадам: класты 6 топқа бөлу, әр топ қалаған телпегін «өлшеп көріп»
берілген проблема бойынша өз көзқарастарын айтады:
«Ақ телпек» ->   СТАТИСТИКАЛЫҚ (проблемага катысты деректерді
талассыз келтіреді);
«Сары телпек» -> СӘТТІЛІК (сәтті кезеңдерді айтады);
«Қара телпек» ->   СӘТСІЗДІК ( оқып жаткан проблеманын сәтсіз
тұстарын айтады);
«Көк телпек»    ->    АНАЛИТИКАЛЫҚ (талдау жасайды, топтар не
үшін? Неге? Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді);
«Жасыл телпек»     ->   ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ    («акылга сыйымсыз»
идеялар мен болжамдар айтады );
«Қызыл телпек» ->    СЕЗІМТАЛ (топ окиғаны оку барысында, бастан
кешірген сезімдерін тұжырымдайды).
2-кадам:   әр   топтың   жасаған   жұмысы   барысында   телпек   түріне
байланысты атқарған кызметі бойынша презентацияға дайындық.
3-кадам: топтардың жұмыстары бойынша презентация.
Осы технологияның элементтерін пайдаланған төмендегідей ашық сабақты[4:36] ұсынып отырмыз:
 
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, тұрмысы және шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Қазақ жерінде мекендеген алғашқы тайпа бірлестіктерінің тарихын сарматтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі оқу әдісі, сыни тұрғыдан ойлау, ділгірлік оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық, тірек – сызба, карта, ұлағатты сөздер, суреттер, түсіндірме, пікір талдау кестесі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (сабақ төмендегідей жұмыс жүйесі бойынша жүреді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.«Ой қозғау» әдісі:
(Өткен тақырыптардан сауал тастай отырып, өткенге шолу жасау)
Сұрақтары:
1. Қазақ жерін мекендеген алғашқы тайпалар туралы айтып беріңіз.
2. Сармат  тайпалары еліміздің қай жерлерін мекендеген?
3. Сармат тайпалары қазіргі кезде бар ма?
2. «Ойлаудың алды қалпағы» стратегиясы
Қызыл қалпақ – эссе жазу
 
Жасыл қалпақ – шығармашылық
                (қойылым, өлең, тақпақ, сурет, хат жазу)
 
1. «Топтастыру» стратегиясы
 
ІІІ. Жаңа сабақ: Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.
          Жоспары:
1.Қоғамдық құрылысы
2.Сарматардың тұрмысы
3.Сарматтардың шаруашылығы
4.Сарматтардың заттай мәдениеті
Сарматтардың қоғамдық құрылысы 
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, мүлік теңсіздігі шықты Әскери демократия жетілді
Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды
Есте сақтау керек негізгі фактілер: 
      Б.з.б.ІІ-І ғ. – Ү ғ. Сармат тайпа одағы (Батыс Қазақстан): роксаландар,аландар, аорстар, сирактар; тілі Иран, ғұндар келгеннен кейін түрік тілі (түріктену). Әскери демократия. Аралтөбе ескерткіші (Атырау облысы) – ІІ алтын адам, Сарматтар туралы тарихшылар Диодор, Үлкен Плиний, Полиби жазды. Диодор: «Сарматтар жеңілгендерді жойып, Скифияның көп бөлігін босатты.»
     Б.з.б. І ғ. Сарматтар Митридатпен одақтасып Риммен соғысты.
Анахарсис – б.з.б. ҮІ ғ. Сақ философы Сарматтарға грек мәдениеті үлкен әсерін тигізді. Сармат ескерткіштерінен Грециядан шыққан заттар жиі табылады. (Дионис бейнесі)
Сарматтардың шаруашылығы
Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді
Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды
Зергерлік өнер жоғары дамыды
ІҮ. Шығармашылық тапсырмалар:
 Түсіндірме күнделігі
 
Сарматтар қандай тайпалар
Сарматтар шаруашылығы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы
Сарматтар ескерткіштері
нің
түрлері туралы Мағынасына сипаттама беріңіз Сарматтардың қазақ елі тарихындағы ролі туралы не айта аласыз?
V ?
 
Пікір талдау әдісі:
Жаңа сабақ Қандай әсер алдыңыз? Мәселенің Қазақ елі тарихында-ғы маңызы
 
Ү. Үйге тапсырма: 
1. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, тұрмысы және шаруашылығы
2. Сарматтар туралы тест құрып келу, сөзжұмбақ жазып келу
ҮІ. Бағалау. (оқушы тапсырманың кезеңіне қарай бағаланады)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.
Сарматтар туралы деректер
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сармат тайпаларының орналасуы, Сармат қоғамы
Сармат тайпаларының орналасуы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Ежелгі Қазақстан тарихы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2747 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык