Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош келдің, жас өрен!


Қош келдің, жас өрен!

Тақырыбы: Қош келдің, жас өрен!

Мақсаты:Болашағымызды жалғастырушы  оқушыларымыздың бойындағы білімге құштарлығын  дамыту, оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы сөздік қорын , еркін сөйлей де  мазмұнды білу дағдыларын қалыптстыру,   шапшаңдылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. 
                                                          Барысы:
Мұғалім:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар. «Бастауышым-бастамам» атты апталықтың  бүгін міне төртінші күнінде 
«Қош келдің, жас өрен! атты ойынымызға қош келіпсіздер.
-Балалар біздің бүгін ойынымызға көптеген қонақтар қатысып отыр екен.
-Олай болса сәлем сөз анасы,  сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Ал, балалар, барлығымыз мына отырған қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.
Сәлемдесу.
 
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
 
-Саламатсыз ба, ағай?
-Саламатсыз ба апай?
 
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы,
«Сәлем -сөздің анасы».
Саламатсыздар ма қонақтар?
 
Балалар, бүгінгі  ойынымызға ормандағы аңдар мен үй жануарлары қонаққа келіп отыр. Міне соңғы қонақтарымыз да келіп жетті.
Маймыл:-Ой шаршадым
Жолбарыс:-Шаршасаң анау тұрған талдың қасында тұрған столға отырып дем алайық.
Маймыл: Жолбарыс 1-ші сыныпқа  бару қорқынышты емес пе?
Жолбарыс:-Ал, неге қорқасың? Мен жақсы дайындалдым, бәрін білемін.Маған қорқынышты емес.
Маймыл:Солай ма, олай болса жүр білімімізді тексерейік.
Жолбарыс: қалай?
Маймыл: Анау жерде мектеп бар, онда қоян 1-ші сыныпқа сабақ береді, сол қоян мұғалімнен білім алайық.
Автор: Ол жерде Қоян мұғалім сабақ беріп жатады.Есік қағылып ішке маймыл мен жолбарыс кіреді.
Қоян мұғалім: 
-Сәлеметсіздер ме, жолбарыс , маймыл?
Қайдан жүрсіздер?
Жолбарыс:
-Сәлеметсіз бе, Қоян мұғалім, кіруге бола ма?Біз білімімізді тексеруге келіп едік.
 
Қоян мұғалім: Кіріңдер, Білемін, оқимын дегендерге әрқашан есік ашық. Қане тез отыра қойыңдар?
Қоян мұғалім:
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Қане арыстан ойланып,
Екіге үшті қоса ғой.
Автор:Есептің шешуің білмеген арыстан асықпай орнынан  тұрып былай  тұрып дейді:
Арыстан:
Білмедім мен шешуін,
Мүмкін құлап кетуің.
Қоян мұғалім:
Қос көрінер қорыққанға,
Қорқу деген жаман іс,
Екіге үшті қосқанда,
Шығады міне үлкен бес.
 
Қоян мұғалім:
Енді түлкі сен келші,
Өнеріңді көрсетші.
Екіге екіні қосқанда,
Не шығады тез айтшы.
Автор: Түлкі жалма-жан дәптерді ақтарып жатады.
Қоян мұғалім:
Дәптерге өйтіп қарама,
Алдауға бізді бола ма.
Аспай-саспай ойланып,
Шешуін тап толғанып.
Қоян мұғалім:
Енді аю келе ғой,
Үшке үшті қоса ғой.
Автор: Аю орнынан тұрып, басын екі алақанымен соққылап, бір орында теңселіп айналып шығады.
Аю: Үшке үшті қосқанда у-у-у-у
Автор: осы кезде көбелек атып тұрып  ұша жөнеледі.
Қоян мұғалім:
Ұшып қонған көбелек,
Жаздың айқын белгісі.
Беспен бестің қосындысын.
Келеді жұрттың білгісі.
Автор:Көбелек 10 рет айналып ұшады..
Қоян мұғалім:
Міне ,дұрыс жауап бердің,
Сұрағанымды беске білдің
Балапан саған кезек келді,
Шешуің айт мына өрнектің.
 
Балапан: 5рет  тықылдайды.
Қоян мұғалім:
Қасқыр, енді өзің айт,
Аңдарда бар неше аяқ?
Қасқыр:
Оң аяқ пен сол аяқ,
Болады міне екі аяқ,
Білеміз оны айтпй-ақ.
Қоян мұғалім:
Енді маймыл сен тұршы,
Өнеріңді көрсетші.
Үш мысық әрқайсысы екі торғай ұстап алды. Сонда барлығы неше торғай болды?
Маймыл: Барлығы 6 торғай.
Қоян мұғалім:
Көп ойландың досым-ай.
Жауабың сенің осыма-ай
Қоян:Енді жолбарыс келе ғой,
5-ке5-ті қоса ғой.
Жолбарыс:
Беске бесті қоссам,
Болады бүтін он сан.
Қоян мұғалім:
Міне осылай тапқыр бол.
Ақылды бол күшті бол,
Сұрақ бердім саспадың,
Осы еді ғой тосқаным.
Сабақ бітті осымен
Сау болыңдар достарым
Автор:
Бүінгі ертеңгілік  бәрімізге құтты болсын
Деніңіз сау аман-есен мықты болсын
Мектеп есігі Жолбарыс пен маймылға әрқашанда ашық болсын
1-ші сыныпқа барған қадамдарың құтты болсын
 
Бірге болсын ойымыз
Құтты болсын қадамымыз
Балдырғандар тамаша
Келеді әне жараса
Құрметті балдырған біз сіздің тақпақ, әңгіме, жұмбақтарды оқып білудеміз. Сіз арқылы білім нәрімен сусындаудамыз.
Балдырған:
Сәлем гүлдей балғындар
Бақшадан тәлім алдыңдар
Ата-анаңның үмітін 
Ақтайтын бала болдыңдар
Менің атым Балдырған
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жетті,
Бауыржанда, Мәлікте.
Менің келген себебім сендердің екі ай бойы алған білімдеріңді тексеруге келдім. Сендердің білімдеріңді бірінші сауат ашудан тексеріп көрейін. Қане дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз.
Ана, нан, мектеп, құс, ғарышкер                            
 сөздерінен сөйлем құрастыру.
 
Балдырған: Өте жақсы, енді жұмбақ шеше аласыңдар ма?
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.           (Кітап)
 
 
Балдырған:
Жарайсыңдар өздерің шеттеріңнен тапқыр екенсіңдер.
Ендігі жаңылтпаштар айтып көрейік.
 
Балдырған:
Алфабиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Осылардың сыры неде түсінші.
 
Балалар хормен:
«А» деген ол аналар ғой ардақты
«Ә» деген ол әкелерғой салмақты
«Б» деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуіде кәделі.
Алшақ кетпей сондықтанда расында,
Тұрады олар алфабиттің басында.
 
Балдырған: Төрт түлік малдың атасы атаңдаршы?
Балалар:
Түйе атасы- Ойсылқара
Жылқы атасы-Қамбар ата
Қой атасы-Шопан ата.
Сиыр атасы-Зеңгі баба.
Ешкі атасы-Сексек ата.
Балдырған: 
Жарайсыңдар балалар. Ал енді математикадан тексеріп көрейін.
1. Қонжық екеу, табаны нешеу? (8)
2. Үш қоянда құлақ нешеу? (6)
3. Алма ағашында бес алма өсіп тұрды, жел соғып біреуі үзіліп түсті.Қанша алма қалды. (4)
4. Балалар жеті санының қасиетін кім біледі? Осы санға байланысты балалар жеті атаны, жеті қазынаны кім айтады?
Балалар:
Жеті ата: Ата-баба, ата, әке, немере, шөбере, шөпшек.
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, мерген  мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт.
Қанаттарың талмай,
Биіктерге самғай.
Білімнің шыңынан көріне беріңдер.
Мен сендерге мына «Балдырған» журналы тарту етемін.Мені де сендер сияқты балдар күтуде. Кездескенше сау болыңдар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Күнді іздеген достар" ертегі қойылымы
​Қоян мен бұғы.
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Биология пәнінен қызықты тест
Жануарлар әлемінде
Ойыншықтар сыры
Саңырауқұлақ саясында
Ойнайық
"Жануарлар әлемі"
Жолың болсын балдырған!
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2405 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык