Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ару қыздар – алаулап от кешкендер!


Ару қыздар – алаулап от кешкендер!

Ару қыздар – алаулап  от кешкендер!

Түзете-дамыта оқыту сыныбында оздырылған ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Ару қыздар – алаулап  от кешкендер!

Білімділік мақсаты: Кеңес Одағының Батыр қыздары Әлия мен Мәншүк және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановалардың өмірбаянымен таныстыру. Олардың ерлігін насихаттау.

Тәрбиелік мақсаты: Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Патриоттық тәрбие беру.

Түзете-дамытушылық мақсаты: Танымдық процестерн, сөйлеу тілін, эмоционалдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Батыр қыздардың портреттері. Буклет, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау .

І . «Сол бір сәт мәңгілік ел есінде»

 Мұғалім: 1941жылы 22 маусымда фашистік Германия бейбіт жатқан елімізге басып кірген болатын. Міне,сол сәттен бастап иелімізге үлкен қауіп төнді. Ана баласынан, бала әкесінен, арулар асыл азаматынан айырылған еді. Десекте, қандай қауіпті, қандай қиын сәттерді бастан өткерсе де біздің аталарымыз , келешек ұрпақ үшін елімізді, жерімізді жаудан аман алып қалды . Кеңес одағының жауынгерлері фашистік Германиядан Еуропа халқын азат етіп, оларға бостандық алып берді. 1418 күннен соң үлкен ерлікпен келген бұл ұлы күннің тарихмыздағы орны ерекше. Еліміздің ерлігімен , Отанға деген сүйіспеншілігін ұлықтайтын мереке –Ұлы Жеңіс күні. Міне, бүгінгі таңда сол Ұлы Жеңіске 68 жыл. Барша адамзат үшін ең үрейлі, ең қорқынышты осы бір сәтте Отанын елін жерін, келешек ұрпағы үшін қан майданда талай қазақ жігіттерімен қыздары оққа ұшқан болатын. Осы бір алапат заманда  Отанын қорғауға өршіл қазақтың қыздары да қан майданға аттанған болатын. Міне, осы отты жылдарда ерлік көрсеткен қазақ аруларының ерлігі жайлы болмақ.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаны басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны, - деп бір минут үнсіздік.

Жанболат: Көп қой батыр апалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр апалар,

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк, Хиуаздай апалар.

ІІ. «Ару қыздар отты жылдарда»

Мұғалім: Ия Әлия, Мәншүк, Хиуаз апалармыз туған елі үшін, жері үшін келешек ұрпақ үшін қан майданда жаумен күресіп  бүгінгі бейбіт заманда бізге сыйға тартты. Енді осы апалармыздың өмірбаяны мен таныс болайық.

 Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) 1922 жылы Орал облысы Орда ауданы Нарын құмында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған  Мәншүк  алматыда Ә. Мәметованың тәрбиеснде болады . Ұлы Отан соғысы басталған кезде  ол, алматы медициналық институтында оқып жүреді.1942 жылы тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысады.Аға с

ержант, пулеметші Мәншүк соғыста өзінің батылдығыменжәне мергендігімен көзге түседі. Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысында пулеметші қыз атанған Мәншүк Мәметова 1943 жылы қазан айының 16-ы күні  Невель қаласы үшін болған шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты. Өткен 2012 жылы Мәншүк апамыздың  туылғанына 90 жыл мерей тойын елміздің бүкіл аумағы атап өткен болатын.

 Халық Қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысы Ганюшкин селосында дүниеге келген. Әкесі: Қайыр балықшы, ал анасы Меруерт мұғалім болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап кейіннен әйгілі ұшқыш Марина Раскованың 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі түшін «қанатты қыз»  атанған еді. Соғыстан кейін лауазымды қызметтерт атқарған  Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілген болатын2008 жылы мамырдың 21 күні  Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмахаметқызы Модағұлова ( шын есімі Ілия, майдандас достары Лия деп атап кеткен) 1925 жылы маусымның 15 күні (кей деректерде 25 қазан, 20 сәуір) Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында  Сарқұлов Нұрмұхаммет және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасына айырылып (1933ж) кейіннен алматыда ағасының қолында тұрған. Ал кейіннен балалар үйінде тәрбиеленіп, соғыс басталған соң балалар үйімен Вятское селосына ауыстырылып авиация техникумына оқуға түседі, бірақ көп ұзамай майданға жіберу туралы  өтініш береді. Ол кезде жасы небәрі 17 жаста болатын1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасында 4- ші батальонның снайпері жау әскерінің 30-дан аса сарбаздарымен  офицерлерінің көзін жойған екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысында Мерген атанған Әлия Нұрмахаетқызы ҚазКСР 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында ерлікпен қаза тапты. Осы бір сәтті бейнелейтін  өлең жолдарына кезек берейік.

Шафхат:

Аз емес зар жылаған егілген жан,

Аз емес өшкен өмір төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

Наурызбек :

Бақтарды басып танкінің тажал табаны,

Қандарға бөгіп бала-бақшалар алаңы.

Жауынгер болып оқ атып жап-жас жігіттер,

Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

ІІІ . «Ұлы Жеңіс – мәңгілік ел жадында»

 Мұғалім: Енді оқушылар алған мағұлматымызға сай мына сұрақтарға жауап беріп көрейік .

  1. Фашистік Германияның елімізге опасыздықпен басып кірген жылы?
  2. (1941 ж 22 маусым)
  3. 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, бұлақ аулында дүниеге келген қазақтың батыр қызы? (Ә. Молдағұлова)
  4. Қазақтың «қанатты қызының» есімі? (Хиуаз Доспанова)
  5. Мәншүк Мәметова қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  6. 9 мамыр қандай күн?( Ұлы Жеңіс күні)
  7. Биыл Ұлы Жеңіске қанша жыл? (68 жыл)

Ән: «Бейбіт күн тілегі».

 ІV. «Отан соғысы кезіндегі отты сөздер»

Мұғалім:

Келесі бөліміміз Отан қорғау кезінде туған отты сөздерге кезек берейік.

  1. Батыл болмай, батыр болмайсың
  2. Өжет адам-өлімді жеңеді
  3. Пулемет қонысын талғайды

Автомат адамын талғайды

  1. Қару күшті емес, қару ұстаған күшті.
  2. Түн соғыста дем алатын мезгіл емес, Жаудан кек алатын мезгіл.
  3. Әскерлік оқуда бейнет көрсең, Ұрыста қиналмайсың
  4. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.
  5. Отан үшін отқа түс күймейсің.

V. «Ұлы Жеңіс- ұрпаққа аманат»

 Мұғалім: Ескерткіштермен таныстыру.

Отан туралы мақал-мәтелдер

  1. Өзге елде сұлтан болганша, өз еліңде ұлтан бол.
  2. Өзге еде күркірегенше, өз еліңдң дүркіре
  3. Отан оттан да ыстық
  4. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
  5. Ер елінде, гүл жерінде
  6. Туған жерге туың тік

Айнара:

Барша халық Жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды,

Ардагерлер көздеріне жас алып

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Бекзат:

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күні құтты болсын,

Батырлардың ұрпақтары.

Айдос:

Тәуелсіз қазақелі слайд.

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс, болмасын соғыс, болмасын.

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Мұғалім:

Саптан шықпай нық басып келесің бе?

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар-алаулап от кешкендер- деп Фариза Оңғарсынова апамыз айтқандай, бүгінгі «Ару қыздар-алаулап от кешкендер» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен тамамдалды, келесі кездескенше сау болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Ер есімі- ел есінде
Бала Мәншүк
9 мамыр Жеңіс күні!
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Қазақстандық батырлар. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Батыр қыздар
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
Отан үшін от кешкендер!
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6550 | Қосты: Кулбаева Гульжан Сериковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык