Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 11080 |
|
|
|
Сөз өнері
Сөз өнері
Түсінік хат
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес,ең алдымен,оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуымен, дамуы жүретін ерекше құнды,қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндеоқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Сөз өнері сабағы –оқушының дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне,ой-өрісіне жан-жақты дамуына,қиялына,әңгімені мәнерлеп оқуға шығармашылық жағынан дамуына ықпал етеді.
Мәтінді игеріп кетуге,өлеңге талдау жүргізіп,жаңа страгерияларды пайдалануға,өлең,өтірік өлең жаза білу,жатқа білуге септігін тигізеді.
Оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты заттарды салыстыру арқылы жұмбақтар құрастыру,оқылған оқиғаларды суреттеу арқылы өтірік өлеңдер,ертегілер құрастыру ынталы етеді.Бағдарлама бойынша ауызша сөйлеу,қарапайым сөздерден сөйлем құра білу,сауатты сөйлеу,жазу және қазақ халқының салт-дәстүрін,елтану тақырыптарын таниды.Олай болса қазіргі жаңа буын оқулықтарында «өлең жалғастырып көр», «өлең жаз» деген тапсырмалар жиі кездеседі.Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге,қалай үйрету керек?Әлде оны өзі жаза ала ма? деген сұрақтар тууы мүмкін.
Өлеңді құрастыру, өлең шығару шығармашылығына үйрету үшін,алдымен оқушыларға теориялық қандай білім беру керек екендігін айқындап алу керек.Шумақ,тармақ, бунақ,ұйқас және олардың түрлері,өлең мазмұнын құруға үйрету жолдарын кең қарастырмақ бұрын өлең құрылысы туралы мағлұмат беріп аламыз.Мәтін,әңгімелер,жаңа стратегияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділі артады.Ана тілін терең оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуды мақсат тұттым.Осы бағдарлама негізінде мәтінді оқыту әдіс-тәсілдерін,жұмбақтар құрастыру,оқушылардың ізденімпаздық қабілетін,дарындылықты дамытуға ықпал етеді.
Мақсаттары:
1.Оқушыны дұрыс мәнерлі оқуға жаттықтыру.
2.Түсініп оқуын,жүйелі баяндауын жетілдіру.
3.Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру.
4.Ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа енген сөздер туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
1.Ұйқас туралы түсінік.
2.Шумақ туралы түсінік беру./екі,үш,төрт/
3.Тармақ туралы түсінік беру.
4.Ұйқас түрлерінен мағлұмат беру.
Аптасына 1 сағат
Жылына – 34 сағат
Сөз өнері
1 Са-са са буындарын пайдалану арқылы ұйқас сөздер құрастыру. Са-са-са сары маса
Са-са-са мектебіміз жаса т.б 1
2 Ла-ла-ла буындарын пайдалану Ла-ла-ла жалқау бала
Ла-ла-ла оның ісі шала т.б 1
3 Ға-ға-ға буындарын пайдалана отырып,сөздер құрастыру Ға-ға-ға қара қарға
ға-ға-ға қоңыр қоға т.б 1
4 Рай-рай-рай буындары арқылы өлең құрастыру Рай-рай-рай үлкен сарай
Рай-рай-рай әдемі Арай т.б 1
5 Лақ-лақ-лақ буындарын пайдалану. Лақ-лақ-лақ шұбар ала лақ
Лақ-лақ-лақ сатып алдым қалақ т.б 1
6 Ыз-ыз-ыз буындарын пайдалана отырып,шумақ құрастыру. Ыз-ыз-ыз ызылдайды қоңыз
Ыз-ыз-ыз қорсылдайды доңыз т.б 1
7 «Ұйқасын тап »ойыны арқылы
өлең құрастыру Ақын жазушылардың шығармаларын пайдалана отырып,оқушылардың сөз мағыналарын дұрыс
дұрыс түсінуіне көңіл бөлінеді. 2
8 Дайын ұйқас арқылы өлең жолдарын құрастыру Ой шапшаңдығына еліктіріп отыру да шығармашылық үрдісті жандандырады.ұтқыр шешім табуға жетелеу.Соның бір формасы ретінде дайын ұйқас ұсыну арқылы өлең жолдарын құрастыру.Дайын ұйқас ұсынылады,сол ұйқасты пайдаланып,шумақ құрылады. 2
9 «Жадырап,сүрініп,маужырап,жетіліп,еміп көр »сөздерін пайдаланып өлең құрастыру. 1.Сөз мағыналарын түсіндіру
2.Сөйлемдер құрастыру.
3.Шумақтар құрастыру. 2
10 Затты,құбылысты пайдалана отырып,көрнекілік арқылы өлең құрастыру. 2
11 «Кірістім,тырыстым,киініп,түйініп »
ұйқастарын беру арқылы өлең жолдарын құрастыру. Ұйқастар ұсыну арқылы өлең құрастырту. 1
12 Мағыналары бірдей сөздер(омоним)арқылы өлең жолын құрау. Сөз мағыналарын дұрыс ұғындыру. 2
13 Дыбыстық жағынан өзгеріске ұшыраған
сөздерді қатыстырып,өлеңдер құрастыру.
/ Кен,кең,қоң,көн,сен,сең,өрмегін,өрнегін / Сөз мағыналарын ажырата білуге үйрететін өлеңдер құрастыру 2
14 Дыбыстық жағынан өзгеріске ұшыраған сөздерді қатыстырып, өлеңдер құрастыру. Сөз мағыналарын аша түсуге байланысты өлеңдер құрастырту. 1
15 « Лимерик »ойыны арқылы өлең жолдарын құрастыру Ойын шарты:белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ,күлдіргі өлең шығару.Ол құрылыс бойынша өлең бес тармақтан тұрады.1-ші тармақ кейіпкер,2-ші тармақ кейіпкерге мінездеме,3,4-ші тармақ қимыл-әрекет,5-ші тармақ оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы 3
16 « Қыс келді »мәтініне өлең құрастыру. 1.Мәтінді мәнерлеп оқу.
2.Мәтіннен алған әсерлерін өлең жолдарымен бейнелеу. 1
17 Ө.Тұрманжанов«Туған өлкем » өлеңіне талдау жүргізу арқылы өлең құрастыру.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Өлеңге байланысты сұрақтар
3.Өлеңді талдау.
4.Өлең құрастыру. 1
18 Сөз мағынасына қарай қажетті сөздерді тауып қою арқылы өлең құрастыру. Мыс: Қыранға .......тау керек
Бұлбұлға ......бау керек
Балыққа......... көл керек
Батырға .........ел керек.
Осыны білген қор болмас,
Осыны білген ер зерек.
Керекті:сөздер:қия,жасыл,мөлдір,туған,биік,әсем,көгілдір,
байтақ т.б. 1
18 « Қарлы боран »тақырыбына жазылған әңгімеге байланысты өлең құрастыру. 1.Әңгімені түсініп оқу.
2.Мәтіндегі сөздермен жұмыс жүргізу.
3. «Күн,боран,қар» сөздеріне бұрын үйренген «суық,түн,аяз түтеп,ұйтқып,күмістей»сөздерін қатыстырып сөйлем құрату. 2
19 Жұмбақ құрастыру жолдары.
Әр түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып,сол затты саралап,ерекшелігін жұмбақ ету. 1.Затты таңдап ал.
2.Ол заттың сыртқы түрі қандай?
3.Ол заттың ішкі қасиетін білесің бе,ойлан.
4.Енді жұмбақ құрастырып көр 2
20 Эпитет,теңеу арқылы затты табу. Мұғалім үлгіні көрсетеді.Мыс: жасыл,тік,ала,жайқалған,ол не?
Өзі балдай,қанттай ақ,тәтті-ақ. 2
21 Затқа сәйкес қимыл табуға арналған жұмбақ құрастыру. 1.Гуілдейді,Шаң көтереді,Бұлтты қуады. т.б. 2
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Жұмабаев М. Таңдамалы-Алматы: Ғылым,1992-270 бет.
2.Қабдолов.З.Сөз өнері-Алматы,1983-365 бет
3.Жұмағалиев.Қ.Әдебиет теориясы-Алматы,1960-335 бет
4.Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар)-Алматы,1997-336 бет
5.Рахметова.С.Жаманқұлова.П.,Қабатаева Б.Ана тілі (2 сынып оқулығы) Алматы.Атамұра.2004 ж
6Рахметова.С Әбдікәрімова Т.Ана тілі ( 3 сынып оқулығы )
7.Жаттамақ (тақпақтар,өлеңдер)-Алматы:Балауса,1994-287 бет.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |